Карина Кымбат Файзоллаевна
Бастауыш сынып мұғалімі
Жезқазған қаласы №10 орта мектеп
Қонжық
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың мәтін жайлы еске түсіріп түсініктерін кеңейту.
2. СТО технология элементтерін пайдалана отырып, қызығушышылық,
шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Өзара ынтымақтастыққа , қайырымдылыққа, жылдамдыққа, алғырлыққа баулу. Көрнекі- құралдар: аю түрлерінің суреттері Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, көрнекілік Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану Сабақтың барысы: I . Ұйымдастыру кезеңі. -. Балалар бүгінгі сабақ ерекше, бүгін сабағымызда көптеген мұғалімдер қатысып отыр ендеше сабаққа жақсы қатысып, жауап беруге дайынбызба? Қызығушылығын ояту
1. Балалар үйге қандай тапсырма берілді?
2. Жалбыз қандай өсімдік деп ойлайсындар?
3. Оның иісі туралы қандай дәлелдерін бар?
4. Жалбыз қандай жерлерде өседі?
5. Ендеше мәтіннен сулы жерде өседі деген сөйлемді кім тауып оқып береді?
6. Осы Жалбыз мәтінінде неше сөйлем бар?
7. Ендеше сөйлем деніміз не?
8. Сөйлемнің неше түрі бар?
9. Жалбыз мәтіні сөйлемнің қай түріне жатады? Неге? Қандай дәлелін бар?
10. Осы Жалбыз сөзің кім маған дыбыстық талдау жасап береді 1 оқушыға ауызша орындату
11. Ендеше балалар сендер айтындаршы Жалбыз өсімдік иа ендеше бұл қандай табиғатқа жатады?
Дұрыс айтасындар! Ендеше тірі табиғатқа нелер жатады екен?
12. Дұрыс неге оларды тірі табиғат дейміз?
13. Жануарлардың өзі нешеге бөлінеді
Дұрыс жануарлардың өзі жабайы жануар және үй жануары
14. Ендеше бәріміз мыны суретке қараймыз ?
15. Суретте нелерді көріп тұрмыз? Оқушыларға аттарын айтқызу
16. Аю дегенде не ой пайда болды?
Шығармашылық тапсырма:
— Балалар аю туралы не білесіңдер? Қысқаша жазындаршы? (3-4 жазғандарын оқыту)
— Жаңа сабақ Ендеше бүгінгі сабағымыз осы аюдың баласы қонжық туралы болмақ . аюдың екі түрі бар. Қоңыр аю, ақ аю Суретін көрсету. қонжық туралы тағы не айтуға болады екенін оқулығымыздың 177 бетіндегі мәтіннен білеміз
— Оқулықпен жұмыс: Ендеше Кәдірбек Сегізбайұлының Қонжық мәтінімен танысамыз
— Оқушыларға жеке-жеке мәтінді оқыту
— Кәдірбек Сегізбайұлы кім?
Сегізбайұлы Кәдірбек (1941жылы туған) — баспагер , журналист , жазушы . Еңбек жолын «Лениншіл жас» газетінде әдеби қызметкер, бөлім бастығы болып бастады. Одан кейін «Білім және еңбек» журналында жауапты хатшы қызметтерін атқарған.
Мәтінді оқушыларға оқытып сұрақтар қою
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық
Алақанды ұрайық
Бір отырып, бір тұрып
Орнымызды табайық
Дәптермен жұмыс. Жазу ережесін еске түсіру
Аюдың енесі КІРЕКЕЙ
Аюдың баласы ҚОНЖЫҚ сөздерін дәптерлеріне жазғызу
Ойын « АДАСҚАН СӨЗДЕР »
Оқушылар саяхатқа шықты.
Атам шөпті шапты.
Айдар балапанды ұяға салды.
3 қатарға сөздерді іліп орындарын тапқызу, оқыту
Қорытынды:
— Сонымен балалар қандай тақырыппен таныстық?
— Қонжық ненің баласы?
— Оның енесін калай атайды? Т.б сұрақтар қою арқылы қорытындылаймын
Бағалау: Оқушылар өз-өздерін бағалайды. Не үшін сондай баға қойғаны турала айтады
Үйге тапсырма: Мәтінді оқып, мазмұндау