Басы » Математика » Квадрат теңсіздік. Бір айнымалысы бар квадрат теңсіздікті шешу

Квадрат теңсіздік. Бір айнымалысы бар квадрат теңсіздікті шешу

salamatПән мұғалімі: Бекетова Ж.С.

Сынып: 8А, 8Б Пән: алгебра Күні/айы

Сабақтың тақырыбы:Квадрат теңсіздік. Бір айнымалысы бар квадрат теңсіздікті шешу

Мақсаты: Квадрат теңсіздік туралы түсінік қалыптастыру.
Міндеттері:
(оқушы үшін күтілетін нәтиже) Бір айнымалысы бар квадрат теңсіздіктерді шеше білуге үйренеді;
Теңсіздіктерді шешу кезінде интервалдар әдісін қолдана біледі;
Теңсіздіктің шешімін табуға дағдыланады.
Сабақтың мазмұны (сабақтың барысын қысқаша және уақытын жазып көрсету) Мұғалімнің іс-әрекеті және қоятын сұрақтары АВС оқушыларының іс-әрекеті
І. Қызығушылықты ояту кезеңі:
Тренинг
1,5 мин
Сәлем достым
Сен қалайсың?
Қайда болдың?
Мен сені сағындым
Сен келдің
Жақсы болды

Қол беріп амандасады
Иықтарын қағады
Құлақтарын тартады
Қолын жүрекке қояды
Қолдарын жаяды
Құшақтайды
Топқа бөлу
1,5 мин Түрлі-түсті лента арқылы топқа бөлу. Қызыл, көк және қызғылт түсті ленталарды алып топқа бөлінеді.
Миға шабуыл
3 мин Квадрат үшмүше анықтамасы;

Квадрат үшмүшені 0-ге теңестіргенде не болады, ол қалай аталады және анықтамасын айт?

Квадрат теңдеудің түрлерін ата?

Квадрат теңдеудің қанша түбірі болатынын қалай анықтауға болады?

Виет теоремасын қай кезде қолдануға болады және Виет теоремасын айт?

D=0 болғанда, Виет теорамасын қолдануға бола ма?

Квадрат үшмүшені у-ке теңестіргенде не болады, ол қалай аталады және оның графигі не?
Парабола тармақтарының бағыты қалай анықталады?

Парабола кай кезде а есе созу, қай кезде 1/а есе сығу арқылы алынады?
ах2+bx+c түріндегі көп мүшені квадрат үшмүше деп аталады.
ах2+bx+c=0 түріндегі теңдеуді квадрат теңдеу деп атайды. Мұндағы a, b және с – нақты сандар, а≠0, ал х – айнымалы.
Толық, толымсыз және келтірілген квадрат теңдеулер.
Квадрат теңдеудің түбірлері қанша болатынын дискриминант арқылы анықтауға болады.
Келтірілген теңдеулердің түбірлерін табу кезінде Виет теоремасын қолдану тиімді. Келтірілген квадрат теңдеудің түбірлерінің қосындысы қарама-қарсы таңбамен алынған екінші коэффициентке, ал көбейтінділері бос мүшеге тең.
х2+рх+q=0 теңдеуінің D=0 жағдайында өзара тең екі түбірі бар және ол түбірдің әрқайсысы -1/р -ге тең
у= ах2+bx+c түріндегі функцияны квадрат функция деп атайды.
a>0 болғанда параюоланың тармағы жоғары қарай, ал a<0 болғанда параболаның тармағы төмен қарай бағытталған.
а>1 болғанда y= х2 функциясының графигінен ордината осі бойымен а есе созу, 0<а<1 болғанда абсцисса осіне қарай 1/а есе сығу арқылы алынады.
Ауызша жаттығулар
3 мин І топ

Сұрақтар:1. Қалай аталады? 2. Функция; 3. Графигі; 4. Тармағының бағыты; 5. Нөлдері.

ІІ топ

Сұрақтар:1. Қалай аталады? 2. Функция; 3. Графигі; 4. Тармағының бағыты; 5. Нөлдері.

ІІІ топ

Сұрақтар:1. Қалай аталады? 2. функция; 3. графигі; 4. тармағының бағыты; 5. Нөлдері.
Квадрат үшмүше. 2. Квадраттық функция. 3. Парабола. 4. Тармағы жоғары қарай бағытталған. 5. x1= 1/3, х2= 1

Квадрат үшмүше. 2. Квадраттық функция. 3. Парабола. 4. Тармағы төмен қарай бағытталған. 5. x1=-3, х2= 1

Квадрат үшмүше. 2. Квадраттық функция. 3. Парабола. 4. Тармағы жоғары қарай бағытталған. 5. x1=-1, х2= 2
ІІ. Мағынаны ашу кезеңі:
«Ойлан/жұптас/талқыла» әдісі
12 мин
2.2. Бір айнымалысы бар квадрат теңсіздіктерді шешу тақырыбы
І топ анықтама мен бірге 1-мысал
ІІ топ 2-мысал
ІІІ топ 3-мысал мен 4-мысал
Тақырыпты оқиды, топта ой бөліседі, ортада талқылайды.Тақтаға шыққан оқушылар мысалдарының жауаптарын GeoGebra бағдарламасында тексеріп көрсетеді.
Есептер шығару:
10 мин
№545 GeoGebra бағдарламасымен жұмыс
І топ 1) мен 3)
ІІ топ 2) мен 5)
ІІІ топ 4) пен 6)
№546 интервалдар әдісін қолданады
І топ 1 мен 2
ІІ топ 3 пен 4
ІІІ топ 5 пен 6
Сергіту сәті
2 мин Физ минутка «Мен қазақпын» Видеороликтегі қимылдарды жасайды.
ІІІ. Ой толғаныс кезеңі
Сәйкестігін тап
4 мин
Теңсіздіктердің жауаптарын сәйкестендір:
х2≥1
х2 – 3х <0
x2 –3 x – 4 >0
(х+5)(х+2) ≤0
(3х+2)(х – 4)<0
x2 – 5×3>0

(-∞; -1]∪[1; +∞)
(0; 3)
(-∞; -1)∪(4; +∞)
[-5; -2] (-2/3; 4)
(-∞; 0)∪(5; +∞)
Бағалау
3 мин Түрлі-түсті гүл күлтелері аоқылы бағалау
Қызыл түсті — «3»
Сары түсті – «4»
Көк түсті – «5»

Гүл күлтелерін жинастыру арқылы гүл жасайды. Гүлдің түсіне қарай бағаланады
Рефлексия
4 мин Жеке өзім үшін ….
а) Тақырыпты түсіндім
ә) Есеп шығарып үйрендім
б) Бүкіл өткен тақырыпты қайталадым
Сізге сабақ уақытында есеп шығару үшін не кедергі болды?
а) Білімім
ә) Уақыт
б) Ештеңе
Сабақ кезеңінде қиыншылықты жеңуге кім көмек берді?
а) Сыныптасым
ә) Мұғалім
б) Ешкім
в) оқулық
Үй тапсырмасы
1 мин №547
Ресурстар: Түрлі-түсті лента, түрлі-түсті гүл күлтелері, кеспе қағаздар, постер, маркер

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *