Маңғыстау
облысы,Қарақия ауданы ,Жетібай кенті №3
орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі
Нургул Каршыгаева
Сабақтың тақырыбы: Таулар
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік.Таулар,олардың пайдасы,Қазақстан таулары жөнінде түсініктерберу.
2.Дамытушылық.Оқушылырдың ақыл-ойын,сөздік қорын молайту.
3.Тәрбиелік.Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып,оны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:сайыс сабақ
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру
Пәнаралық байланыс:математика,әдебиеттік оқу,қазақ тілі
Сабақтың көрнекілігі:Қазақстанның физикалық картасы,слайдтар,суреттер,өлеңдер
Сабақтың жүрісі: I.Ұйымдастыру .Оқушылардың назарын сабаққа аударту.Сабақтың сайыс түрінде өтетінін хабарлау.Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу.
I топ-«Алғырлар»
II топ-«Тапқырлар»
III топ-«Білгірлер
Оқушылардан қазір қай мезгіл екенін сұрау.Күздегі табиғат құбылыстарын ,жапырықтың неге сарғаятынын сұрау.Сайыстың ұпай сандарын күзгі жапырақтармен саналатынын ескерту.
II.Үй тапсырмасын сұрау.Бұл бөлім «Кім білгір?»деп аталады.
а)Оқушылардан «Жазықтар»тақырыбын сұрау
- б)Үй тапсырмасын қорыту барысында»INSERT»стратегиясын толтыру
Білемін |
Білмеймін |
Мұғалім сұрақтар оқиды.Оқушылар жауаптарын білсе «Білемін»деген кестені толтырады,білмесе
«Білмеймін» деген кестеге белгі салады.Сұрақтары:
1.Құрлық бетінің тегіс алқабы
2.Жазық түрлерін атау
3.Жазықтардың пайдасы
в)Интерактивті тақтадан жазық суреттерін көрсету,үй тапсырмасын қорыту.
III.Жаңа сабақ.
а) Жұмбақ жасыру.
Үлкен-үлкен түйені,
Тастапты атам шөгеріп.
(ТАУ)
ә)Дәптерге күн жадын жазып,бүгінгі сабақтың тақырыбын жаздырту.
б)Мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіруі
биік таулар аласа таулар
в)Слайдтан Ұлытау,Тянь-Шань,Көкшетау суреттерін көрсету.
г)»Кім тапқыр?»бөлімі.Қазақстанның физикалық картасынан таулардың орналасқан жерін тез табу.1 топ-Сарыарқа таулары
2 топ-Алтай таулары
3 топ-Тянь-Шань тауы
ғ)Cергіту сәті.Тақтадан «Алтай таулары»деп аталатын видео көрсету.
д)»Кім жылдам?» бөлімі.Берілген сұрақтарға жауап беру
-Таудың төбе мен қыраттан айырмашылығын атау.
-Биік тау мен аласа таудың айырмашылығы.
-Таудың шаруашылық үшін маңызы.
е)»Ойна да,ойла»Бұл бөлімде әр топ өзіне берілген таудың биіктігін разрядтық қосылғыштарға
жіктейді және картадан тез табады.
1 топ-«Ұлытау»тауы-1134м=1000+100+30+4
2 топ-«Алтай» тауы-4506м=4000+500+6
3 топ-«Хан Тәңірі» тауы-6995м=6000+900+90+5
IV.Ұғымдарын байқау.
а)»Ой-толғаныс»
ә)Оқушылардан тау туралы өлеңдер сұрау.
1 топ-І.Жансүгіров «Көкшетау»
2 топ-И.Байзақов «Алтай»
3 топ-Ж.Жабаев «Таулар»
V.Үй тапсырмасын беру.
«Таулар «тақырыбын оқу.Тау суретін салып келу.
VI.Бағалау.Әр топтың ұпай сандарын анықтау,сабаққа қатысқан балаларды бағалау.
VII.Қорытындылау.Тақтадан «Талаптарың таудай болсын!»атты сөз шығару.
Сабақтың аяқталғанын хабарлау.
[bws_related_posts]