Басы » Cыныптан тыс » Ақпараттанған адам әлемді игереді

Ақпараттанған адам әлемді игереді

ақпаратБогатырев орта жалпы білім беретін мектебі
информатика пәні мұғалімі
Аксауле Забихоллаевна Атошева
Cыныптан тыс сабақтың тақырыбы:   «Ақпараттанған адам әлемді игереді»
Жарыс 7 сынып оқушыларының арасында өтеді. Бұл сабақта, оқушылардың өткен тақырыптар  бойынша алған білімін ойын элементтері арқылы тексереміз.
  Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Оқушының логикалық ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін дамыту, топпен жұмыстануға үйрету.
Ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі:
Интерактивті тақта(ойын презентациясын көрсетуге арналады).
Парақшалар
ДК, калькулятор
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі мен математика
Cабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру(3 мин).
Сайысқа үш топ қатысады.  (Сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді)
2. Оқушыларға ойын шарты түсіндіріледі(3 мин).Сайыс шарты мен өтуі:
Мұғалім: Саламатсыздар ма!
Құрметті ұстаздар, әділ-қазылар алқасы, оқушылар. 7 сынып оқушылары арасында
«Ақпараттанған адам әлемді игереді» сайысымызға қош келдіңіздер! Сіздермен бірлесе отырып, информатика пәні бойынша «Ақпараттанған адам әлемді игереді» сайысымызды  бастауға рұқсат етіңіздер.
Ойын толқын жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де жеңілсең де қалма жасып.
Алдымен ойынға қатысатын оқушыларды ортаға шақырамыз:
Сайысқа қатысатын 3-тобымыз бар. Оларды сарылар, қызылдар, жасылдар тобы деп атаймыз.
Мұғалім: Енді осы ойынымызға төрелік ететін әділ қазылар алқасымен танысайық:
Информатика пәні мұғалімі —  Амангалиева К.К.
Жаратылыстану-математика пән бірлестігінің жетекшісі – Хайбуллина Г.Ш.
Мұғалім: Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, «Әрі, әрі және әрі …» турын бастаймыз.
Сайыс 5 кезеңнен тұрады.
«Әрі, әрі және әрі …» деп аталады. Бұл кезеңде әр топқа өткен тақырыптар бойынша 10 сұрақтан қойылады.
«Кездейсоқ тапсырмалар» деп аталады. Бұл кезеңде әр түрлі тапсырмалар келеді. Мысалы логикалық есептер, жұмбақтар, сұрақтар, сурет-сұрақтар.
«Ақпараттанған адам әлемді бағындырады» тақырыбында шағын эссе жазып келу.
«Сөздерді оқы» деп аталады. Бұл кезеңде шашырап қалған әріптерді біріктіріп, сөздерді құрастыру
«Венгр сөзжұмбағы» Көрсетілген сөжұмбақта жасырылған сөздерді тауып жазыңыз.
Ойын шарттары түсінікті болса, сайыс сабағымызды бастайық.
1-кезең «Білім-біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік- сол білімді іске асыра білу дағдысы», деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне сүйеніп алғашқы кезеңімізді бастаймыз.
«Әрі, әрі және әрі …» деп аталады. Бұл кезеңде әр топқа өткен тақырыптар бойынша 10 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауап 20 ұпаймен бағаланады.
1-нұсқаның сұрақтары:
Компьютердің миы. (Процессор).
Принтердің неше түрі бар? (3 түрі)
Компьтердің экранына ақпарат қандай құрылғының көмегімен шығады? (Монитор)
Қағаздағы кескінді түсіріп дисплей экранына шығаруға арналған құрылғы. (Сканер)
Компьютер іске қосылған кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа. (Операциялық жүйе)
Вирустарды жоюға және табуға мүмкіндік беретін программа.  (Антивирустық программа)
Компьютерге мәтін енгізу құрылғысы.   (Пернетақта)
Интернетке телефон арқылы шығу құрылғысы.   (Модем).
Мәліметті енгізу пернесі? (Enter)
Ақпараттың  ең кіші   өлшем бірлігі  (Бит)
2-нұсқаның сұрақтары:
Функционалдық  пернелер саны нешеу  (12)
Келесі  қатарға  көшіруге  мүмкіндік жасайтын перне(Enter )
Акпаратты шығару құрылғылары (монитор, принтер)
Компьютер дегеніміз не? (Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал)
Операциялық жүйе дегеніміз не? (Компьютерді іске қосқан кезде жүктелетін программа)
«Ақпарат» сөзі қай тілден шыққан (латын)
Компьютердің қандай құрылғысы адам денсаулығына зиянды (монитор)
Пернетақта қандай құрылғы (енгізу)
Windows-тың негізгі экраны қалай аталады?(жұмыс үстелі)
Компьютердің қандай құрылғысы ақпарат сақтау үшін қолданылады? (жад)
3-нұсқаның сұрақтары
Информатика ғылымы нені зерттейді? (Ақпараттық процестерді)
ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде экраннан қандай қашықтықта отыру керек.(60-70см)
Қағаздағы кескінді экранға шығаратын құрылғы (сканер)
Компьютер ауруы (вирус)
Акпараттың өлшем бірліктерін ата? (бит, байт, килобай, мегабайт, гигобайт, терабайт)
Дыбыс шығару құрылғысы          (наушник, колонкалар, микрофон)
Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)
Бос орын қалтыру пернесі (пробел)
Монитордың түрлерін ата (электронды-сәулелі, сұйық-кристалды, плазмалық)
Ақпараттық процестерді ата (алу, өңдеу, беру, сақтау)
1-кезең бойынша топтарымыз жауап беріп болды және сәйкесінше өз ұпайларын алды. Сайысымызды одан әрі жалғастырамыз. Келесі кезең «Кездейсоқ тапсырмалар» деп аталады. Экранда көрсетілген түрлі түсті жұлдыздардың ішінде әр түрлі тапсырмалар жасырылған. Дұрыс жауап 30 ұпаймен бағаланады.
ҚЫЗЫЛ-
Міне,тағы қиналып-ақ тұрмын мен,
Тақырыпты жаза алмай пернемен
Барлығы да үлкен әріп қайтемін?
Көмек берші,енді нені басам мен? (Caps Lock )
САРЫ-
Жаңа жолға түскім келіп енді мен,
Жаңа бір сөз жазғым келіп тұр енді
Бірақ  бәрін ұмытыппын, достарым,
Көмек берші, әрі қарай не істеймін? (Enter )
ЖАСЫЛ-
Биологияда бұл паразит
Көзге зорға көрінер
Информатикада өлшем бірлік,
Ақпараттарды өлшер (бит)
КӨК-
Экранның бетінде оның тұрағы,
Қашан болсын жыпылықтап тұрады (меңзер)
АҚ-
Құрылғы қалай аталады және оның қызметі қандай? (Модем-телефон желісі арқылы интернетке қосылу құрылғысы)

Модем1копирование

ҚАРА-

Құрылғы қалай аталады және оның қызметі қандай? (Плоттер-үлкен көлемді қағаз шығару құрылғысы)

СҰР-

Суреттегі тышқанның қандай түріне жатады? (үшбатырмалы)

RFSW35-view

АҚШЫЛ КӨК-

Қандай құрылғы және не үшін арналған? (Дискжетек- компакт-дискілерді оқуға арналған құрылғы)

 

CD-ROMplay

ҚЫЗҒЫЛТ-

Ұзынтұра Жалқаубек

Тұрмай ылғи жатады

Қозғала қалса  артынан

Ешбір белгі қалмайды       (бос орын)

3-кезең «Ақпараттанған адам әлемді игереді» деп аталады. Әр топ оқушыларына алдын ала үй тапсырмасы берілген болатын. Осы тақырыпта шағын эссе жазып келуге. Ендеше әр топтан 1-оқушы келіп қысқаша эссемен таныстырсын.

4-кезең. «Сөздерді оқы» деп аталады. Бұл кезеңде шашырап қалған әріптерді жинап информатикаға қатысты сөз құрастыру. Дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.

1) ДЖОЙСТИК

й

и

д

с

ж

к

о

т

2) ҚАПШЫҚ

п

ы

қ

қ

а

ш

3) БАҒДАРЛАМА

д

л

м

а

а

а

а

р

б

ғ

4) МӘТІНАЛҒЫ

т

ә

а

ы

ғ

і

м

л

н

5) МОНИТОР

и

т

о

о

м

н

р

6) ПЕРНЕТАҚТА

а

е

р

т

е

п

қ

н

т

а

Сайысымыздың соңғы 5-кезеңі «Венгр сөзжұмбағын» шешу

м

т

п

л

о

т

т

н

о

м

и

ы

п

р

р

т

е

и

д

е

к

ш

н

и

е

е

р

о

м

м

р

қ

а

н

т

р

н

н

и

т

о

н

т

с

ө

з

е

т

р

о

п

н

и

б

а

й

т

т

е

з

р

м

в

п

и

к

м

е

р

е

о

ә

и

а

р

с

о

ү

а

ф

ц

т

р

и

х

е

д

я

й

л

е

і

у

в

ж

л

и

я

и

ц

с

н

с

д

а

ь

ф

и

к

а

с

о

р

а

б

о

н

е

н

т

Кестеден информатикаға қатысты жасырылған сөздерді табамыз. Әр тапқан сөзге 10 ұпай.

Сайысымыздың барлық кезеңдерін аяқтадық, ендеше жеңімпаз топты анықтау үшін  Сөз кезегі әділқазы алқасына беріледі.

Қатысқан оқушыларды  марапаттау;

Нәтижесі:

1 ) Оқушылардың жарысқа қатысуға деген қызығушылығы артты.

2) Оқушының тек информациялық білімі емес математикалық білімі де  шыңдалады.

[bws_related_posts]

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *