Басы » Информатика » Алгоритмді жазу пішімі, блок-схемлар

Алгоритмді жазу пішімі, блок-схемлар

FlowchartЖамбыл облысы
Т. Рысқұлов ауданы
Құлан ауылы
№1 мектеп-лицейі
Шонгарова Айгуль Талгатовна информатика мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Алгоритмді жазу пішімі, блок-схемлар.

Алгоритм типтері: сызықтық, тармақталған және циклдік алгоритмдер.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алгоритм ұғымымен таныстыруды жалғастыру, оның жазу пішімдері мен блок-схема құруды үйрету, алгоритм типтерімен таныстыру.
Сабақтың міндеттері:
1. Білімділік: Оқушыларды алгоритм типтерімен таныстыру және блок-схема ұғымдары туралы білімдерін қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың алгоритм ұғымын тануда білімдерін, ой-өрістерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелей отырып білім беру.
Сабақ типі: Аралас сабақ
Сабақ түрі:Дәстүрлі  сабақ
Әдіс-тәсілдер: Жұптық жұмыс, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар: Компьютер, блок-схема
Пәнаралық байланыс: Математика
Күтілетін нәтиже: Оқушылар алгоритм типтерін біледі және блок-схема құра отырып, есептер шығарады.
Сабақтың  барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) компьютерлдерді қосып дайындау;
ә) оқушылармен сәлемдесу;
б) оқушыларды түгендеу;
ІІ. Үй тапсырмасы: «Алгоритм ұғымы. Алгоритмнің атқарушылар» түсінік сұрау.
ІІІ. Білімдерін тексеру:
1. Алгоритм дегеніміз не?
2. Алгоритм сөзі қайдан шыққан?
3. Алгоритм қасиеттері қанша?
4. Алгоритм қасиеттеріне түсініктеме бер?
5. Алгоритмге мысал келтір?
ІV. Мақсат қою:
Алгоритмнің типтерімен таныса отырып: сызықтық, тармақталған және циклдік алгоритмдердің блок-схемалары әртүрлі болатындығын есептер шығару арқылы түсіндіру.
V. Жаңа материалды түсіндіру:
Алгоритмді жазу тәсілдері:
1. Табиғи тілде
2. Арнайы түйінді сөздер – терминдер, псевдокодтар арқылы жазу. Қарапайым алгоритмдік тілдер қолдану.
3. Блок-схема түрінде.
4. Программалау тілінде жазу.
Алгоритмді блок-схема түрінде жазу және оны программалау тіліне аудару кеңінен қолданылады. Кеңінен қолданылатын тәсіл — алгоритмді блок-схема түрінде жазу. Алгоритм схемасын блок-схема деп атайды.

Алгоритмнің басы және соңы


Алгоритмнің мәндерін енгізу және нәтижесін шығару


Алгоритмнің математикалық өрнектерін есептеу.


Алгоритмнің шартқа сәйкес есептеу жолын таңдау


Циклдің басы (қайталау)

Алгоритмнің типтері:
Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм – сызықтық алгоритм деп аталады.
Тармақталған алгоритм – арифметикалық теңсіздік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Егер шарт орындалса, алгоритм бір тармақ бойынша (1-ші серия), ал егер орындалмаса екінші тармақ бойынша (2-ші серия) орындалады.

http://kaz.docdat.com/pars_docs/refs/28/27204/27204_html_2e14e16a.gif

Алгоритмнің белгілі бір бөлігі бірнеше қайталанатын болса, ондай процессті цикл деп атайды. Қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер циклдік алгоритм деп аталады. Қайталану саны белгілі немесе белгісіздігіне байланысты циклдер екі түрге бөлінеді. Қайталану саны белгілі болса, ондай цикл арифметикалық, ал егер белгісіз болса, итерациялық деп аталады.
http://kaz.docdat.com/pars_docs/refs/28/27204/27204_html_m1f2cdd3b.jpg             http://kaz.docdat.com/pars_docs/refs/28/27204/27204_html_46d1ee0a.jpg
Арифметикалық цикл                Итерациялық цикл
Мыс: у=a+b есебін шығару
Алгоритмдік тілінде

2) Блок-схема түрінде
Алг мыс1
Арг  a, b
Басы
У= a+b
Нәт    у
Соңы.
VІ. Түсінгендерін тексеру:
Тіктөртбұрыштың ауданын анықтау: алгоритмдік және блок-схемада есептеу
VІІ. Сабақты бекіту:
Алгоритмді жазудың неше тәсілі бар?
Алгоритмнің қанша түрі бар?
Түрлерін ата?
Блок-схема дегеніміз не?
VІІІ. Үйге тапсырма: у=( a+b)( a-b) 2әдіске салып шығару, тақырыпты оқу.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *