№ 5 «Жеткіншек» балабақшасы
Каресова Н.С.
Білім беру саласы: Таным, қатынас, шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сенсорика,тіл дамыту, шығармашылық.
Сабақтың тақырыбы: Келді көктем құлпырып.
Сабақтың мақсаты: Балалаларға көктем мезгілін сипаттау арқылы табиғаттың тамашаларымен таныстыру. Тақпақ арқылы балаларға көктемдегі табиғат көріністерін танытып, рухани дүниесін байыту, сөздік қорын молайтып, байланыстыра сөйлеуді үйрету, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Көктем көріністерінің суреттері, гүл салынған себет, түрлі-түсті қағаздан қиылған гүл бейнелері, көбелек, құс.
Әдіс – тәсілдері: Сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, бой сергіту сәті, ойын.
Қостілділік компонент: Көктем – весна, гүл – цветок.
Іс — әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық қозғаушылық |
Балалар, көңіл-күйлерің қалай?
Балалар шаттық шеңберін құрып, бір-бірімізге жылы лебіздерімізді білдірейік. Арайланып таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды күніміз, Жайнай түсті даламыз. Қайырлы таң балалар, Қайырлы таң апайлар. Біз бақытты баламыз! |
Жақсы.
Тілек шеңбері арқылы балалар бір-біріне жағымды тілектер білдіріп, жарқын көңіл-күй сыйлайды.
|
Ұйымдастыру-іздестіру
Релексивті-түзетушілік
|
Балалар, енді орындарыңа отыра қойыңдар да, мына суретке қараңдар.Далада қандай өзгеріс бар екен. (Сурет бойынша жұмыс)
Дұрыс. Ал, олай болса балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер шешуін табасыңдар. Қар, мұз еріп,су көбейіп, Сай-салада ағады. Бүршік шашып,жапырақ ашып, Жер гүл шашақ тағады. Балаларым айтыңдаршы Бұл қай кезде болады? Балалар, сонымен жылдың қай мезгілі екен? Көктем, орысша весна.Кәне тағы қайталайық.Көктем – весна. Ал, көктем айларын кім айтып береді? Жарайсыңдар. Көктемде неше ай бар екен? Қазір көктемнің қандай айы? Нешінші ай?
Есік қағылып,көк көйлегі желбіреген,себеті гүлге толған Көктем кіреді. Көктем:Армысыңдар балалар! Балалар,былтыр сендер кішкентай ғана бүлдіршін едіңдер. Ал, қазір есейіп, көркейіп кетіпсіңдер. Ару Көктем, біз сізді көргенімізге өте қуаныштымыз! Көктем туралы тақпақ білесіңдер ме?
Көктем:Балалар менің сендерге тапсырмам бар.Менің себетімде түрлі-түсті қиынды қағаздар бар. Егер сендер дұрыстап құрастырсаңдар,әдемі гүлдің бейнесі шығады. Ал,олай болса, Көктемнің тапсырмасын орындаймыз ба? Балалар гүлді орысшаға аударғанда цветок. Гүл – цветок. Көктем мезгілінде шығатын алғашқы гүлдер – бәйшешек пен қызғалдақ. Бәйшешек гүлінің түсі сары, ал қызғалдақ қызыл түсті болады. Балалар орындарыңнан тұрып, орындықтарыңның жанына тұра қойыңдар, бой сергітіп алайық. Сергіту сәті Гүл өсірем үйде, Су құямын күнде. Гүл күткенді біледі, Бойын сылап күледі. Күнде гүлін ашады, Жұпарын маған шашады. Рахмет.Орындарыңа отыра қойыңдар. Гүл туралы кім қандай тақпақ біледі? Дидактикалық ойын: «Сыңарын тап»
Көктем: Балалар барлығың да өнерлі екенсіңдер.Мені өздеріңдей асыға күтіп отырған бүлдіршіндер бар,соларды қуантайын.Бір-бірлеріңді ренжітпей ,сүй- кімді азамат болып өсіңдер.Өнерлерің өрлей берсін! Ал, балалар,шуақты көктем келіп, біздің көңіл-күйімізді көтеріп кетті. Сонымен, балалар біз бүгін не туралы әңгімеледік? Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады? Ненің суретін құрастырдық? Көктем – весна, гүл – цветок. Жарайсыңдар, балалар.Бүгін барлығың да өте жақсы қатыстыңдар. Қане, балалар ортаға шығып, шеңбер құрайық. Дос болайық, бәріміз, Жарасып тұр әніміз. Бәріне қош бол айтамыз, Біз серуенге шығамыз.
|
Күн жылынады,қар ери бастады. Жерге көк шөптер шыға бастады. Құстар ұшып қайта келеді.
Көктемде. Көктем.
Көктем – весна. Наурыз,сәуір,мамыр. Үш ай. Наурыз. Бірінші ай.
Сәлеметсіз бе?
Қар еріді,су ақты, Күндер келді шуақты. Байтақ дала келбеті, Түкті кілем сияқты.
Көкке бояп өңірді, Көктем келді көңілді. Бау-бақшада,орманда, Құстар әні төгілді.
Орындаймыз.Балалар гүлдің бейнесін құрастырады. Гүл – цветок.
Балалар сергіту сәтін қимылмен көрсетеді.
Біз доспыз гүлдермен, Текке оны жұлмаймыз. Той күні бір-бірден, Анамызға сыйлаймыз.
Ойын шартымен ойнау
Сау болыңыз!
Көктем. Күн жылынады, қар ериді, жер балшық болады. Гүлдің. Көктем-весна Цветок-гүл
Балалар «Достық» шеңберді жасайды. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Көктем мезгілінің ерекшеліктерін. Көктемде шығатын алғашқы гүлдердің атауларын. Табиғатты әрқашан қорғап, қамқорлық жасауды.
[bws_related_posts]