Басы » Блог » ҰБТ өзгермейді

ҰБТ өзгермейді

ministirАғымдағы жылы Ұлттық бірыңғай тест тапсыру жүйесінде еш өзгеріс орын алмайды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов айтты.

«Биыл бірыңғай ұлттық тестілеу жүйесі өзгермейді. Біз тест өткізуге толығымен дайынбыз. 155 орын дайын тұр. Қазіргі уақытта оқу бітірушілердің 70 пайызы тіркелген. Яғни, биыл мектеп бітіретін түлектердің 70 пайызы тест тапсыратын болады», — деді ол.

Өз кезегінде Үкімет басшысының әлеуметтік салаға жауапты орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова Ұлттық бірыңғай тестілеу Министрлер кабинеті отырысында қаралатындығын айтты.

«Бұл мәселе бойынша келесі апта ішінде арнайы үкімет отырысы өтетін болады»,-  деді вице-премьер.

Дереккөз: http://www.inform.kz/kaz/article/2657676

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *