ШҚО, Риддер қаласы,
“Шаңырақ” көпсалалы-мектеп-гимназия”
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
география пәні мұғалімі
Касымбаева Жанаргул Разхановна
Сабақтың тақырыбы | Үнді Мұхиты. Тынық мұхиты |
Сабақтың мақсаты | Мұхиттардың географиялық орынын, жер бедерін, пайдалы қазбаларын, өсімдіктері мен жануарлары жайлы біледі |
Нәтижесі | Үнді және Тынық мұхиттар жайлы мәліметтер бере алады. |
Әдіс-тәсілдер | «Миға шабуыл», «Ой шақыру», «Венн диаграммасы», «Жалған мәлімет», «Жигсо» |
Сабақ барысында жүзеге асатын жұмыс түрлері | Сергіту сәті, топтық жұмыс (шығармашылық ), талдау, зерттеу, сұрақ жауап, әңгімелеу, кері байланыс, диалог, рефлексия |
Бағалау | Бағалау парағы, бірін бірі бағалау, смайлктер |
Көрінекі құралдар
Негізгі ресурстар |
География Материктер мен мұхиттар. Алматы «Атамұра» 2012, Қосымша материалдар
Компьютер, интернет, фломастер, карта, постер, бағалау парақтары, үлестірмелі материалдар |
Қамтылған модульдер | Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
Диалогтік оқыту «Оқыту үшін бағалау, оқытуды бағалау «Оқытудағы көшбасшылық» СТО технологиясының элементтері АКТ пайдалану Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу |
Кезең |
Уақыт |
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
І
|
3 минут |
Ұйымдастыру кезеңі 1..Сергіту сәті. «Мен саған сенемін …» өйткені сен жақсы адамсың. 2. Төрт түсті қағаздар тарату арқылы бөлу (қызыл, жасыл, сары, көк)
|
Сергіту сәтін жасап, түрлі түсті қағаздар арқылы топқа бөлінеді. |
ІІ |
7 минут |
Үй тапсырмасын тексеру. |
|
|
|
«Автор орындығы» стратегиясы |
Оқушылар мәтінге байланысты сұрақтар қояды Автор жауап береді. |
ІІІ |
3 минут |
Қызығушылықты ояту |
|
|
Солтүстігінде Еуразиямен шектеседі. Мұхиттың жағасы аз тілімденген. Солтүстігінде Бенгал және Парсы шығанақтары бар. Арабия теңізі құрлыққа бойлай еніп жатады. Аралдары біршама аз. Бұл қандай мұхит?
Ең терең жері Мариан шұңғымасы деп аталатын мұхит қалай аталады? Олай болса бүгінгі біздің тақырыбымыз. Үнді Мұхиты және Тынық мұхиты деп аталады. |
Оқушылар сұрақтың мәнін ашып жауап береді.Яғни Үнді және Тынық мұхиттар екендігін айтады | |
ІV |
10 минут |
Мағынаны тану. |
|
|
Мәтінмен жұмыс. Әр топқа тақырыпша таратылады. (ЖИГСО әдісі)
І-топ. Үнді мұхитының географиялық орыны, зерттелуі. ІІ-топ.Үнді мұхитының өсімдіктері мен жануарлары, табиғаты. ІІІ-топ. Тынық мұхитының географиялық орыны, зерттелуі VІ-топ.Тынық мұхитының өсімдіктері мен жануарлары, табиғаты. |
Мәтінмен танысады , картадан географиялық орнын анықтап жұмыс жасайды, талдайды, өз ойларын жинақтап ортаға салады. | |
|
5 минут |
Ой толғау |
|
|
1.Топтық жұмыс.
Жалған мәтін Мәтінде берілген қателерді табу (әр топқа мәтіндер таратылады) |
1.Топ болып мәтінді талқылайды. Қатемен жазылған сөздердің орынын түзетеді | |
ІV |
10 +5 минут |
Венн диаграммасы |
|
|
|
І-топ. Үнді мұхиты мен Тынық мұхитының географиялық орынын салыстыру
ІІ-топ. Үнді мұхиты мен Тынық мұхитының өсімдіктері мен жануарларын салыстыру ІІІ-топ. Үнді мұхиты мен Тынық мұхитының табиғатын салыстыру VІ-топ. Үнді мұхиты мен Тынық мұхитының зерттелуі жайлы салыстыру |
Ақылдасады талдайды, салыстырады, ұқсастығы мен айырмашылықтарын айтады. |
V |
2 минут |
Үйге тапсырма. Рефлекция |
|
|
|
Үнді, Атлант, Тынық, Солтүстік мұзды мұхиттарды қайталау. Ребус, Сөзжұмбақ құрастыру.
«Суға» байланысты тиым сөдер жазып келу 10-кем емес. |
Үй тапсырмасын дәптерге жазып алады. |
[bws_related_posts]