Басы » Cыныптан тыс » Физика заңдылықтары туралы аңыз

Физика заңдылықтары туралы аңыз

fizikМаңғыстау облысы
Ақтау қаласы
«Маңғыстау гуманитарлық колледжі»
физика пәнінің оқытушысы
Қозыбақова Алтын Панзабекқызы
Сабақтың тақырыбы: Физика заңдылықтары туралы аңыз
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: ертегі арқылы студенттердің білімін жетілдіру.
2. Дамытушылық: студенттердің ойлау қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелік: студенттерді ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың жүрісі:
Сахнаны безендіру (алдын ала).
1.Оқытушы сайысты ашады, мақсатымен таныстырады.
2.Автор жүргізеді (көрініс арқылы өтеді, сайысқа қатысушылардың эмблемасы, топ аты  болуы керек).
3.Жоспары:
І.    Тапқыр болсаң, тауып көр (сұрақ-жауап).
ІІ.   Әзіл-жұмбақ «Фамилиясы – өлшем бірлік».
ІІІ.  Мақал-мәтелдің физикалық түсінігі.
ІV. Берілген құралдар арқылы көрсетілген тәжірибе бойынша сұрақтың  жауабын айту.
V.Есеп шешу.
Сайысты қорытындылау, марапаттау.

Физика туралы аңыз
Алыс,алыс заманда бір елде ерекше король  өмір сүріпті.Корольдің балалары көп болыпты. Король айналасында балалары болмаса, өмір сүре алмайды екен. Ол  балалар, физика әлемінде өмір сүріпті. Король әр баласын ерекше жақсы көріпті, бірақ аттарын ұмытып қалады екен.
Күндердің күнінде табиғат  құбылысы өзгеріп, әртүрлі келеңсіз жағдайлар болыпты (табиғат құбылысына байланысты музыка ойналады). Не істерін білмей абдырап қалған король, ұзақ ойланып, балаларын шақырады.D:\фото ФИЗИКА\Изображение (37).jpg
(Сонда қатысушы топтың студенттері келеді).

H:\фото ФИЗИКА\Изображение (42).jpg

-Ал, балаларым, кім едіңдер?- деп сұрайды. (әр топ өзін таныстырады).
— Сендерге  қояр сұрақтарым  бар, қарақтарым. Қане, қайсың тез жауап бересің? Дұрыс жауабын тапсаң ғана физика құбылысы жадыраған күн шуағын береді. Сол балама корольдігімді қалдырамын дейді.
(Король уәзіріне оқы дейді, уәзіріқолына оралған қағаз алып,  жоспарды    таныстырады).
І. Тапқыр болсаң, тауып көр (сұрақ-жауап).
1.Неліктен үлкен өзендер мен көлдердің айналасы орналасқан жеміс-жидек ағаштары басқа ағаштарға қарағанда кешірек гүлденеді?
(Судың меншікті жылу сыйымдылығы көп)
2. Бір ыдыста қайнаған су, екіншісінде шикі суды бірдей қыздырғанда қай ыдыстағы су тез қайнайды? (Шикі су. Себебі, онда еріген ауа көпіршіктері бар)
3. Шай қандай ыдыста тез суиды: металл шәйнекте ме, әлде шыны шәйнекте ме?
(Металл. Себебі, шыны ыдыс жылуды ұзақ ұстайды)
4. Адамдарға толы, кең сарайдағы музыка бос сарайға қарағанда неліктен жай естіледі? (Сарайда дыбыс отырған адамдардан да шығады)
5. Не себептен найзағай жарқылы көрінгеннен кейін, біраздан соң ғана күн күркірегені естіледі? (Дыбыс жылдамдығынан жарық жылдамдығы көбірек)
6. Ылғал үстелге қойылған қант біраздан кейін суды өзіне тартып алу қасиеті қалай аталады? (Диффузия –бір заттың өздігінен 2-ші затпен араласу құбылысы)
7. Стақанға су құйып, бетін қатты қағазбен жабамыз. Қағазды алақанмен басып тұрып стақанды төңкеріп, қолды шартып алу керек. Су неліктен төгілмейді?
(Суды атмосфералық қысым ұстап тұрады)
8. Суы бар стақанға мұздың кішкене кесегі салынған. Жіп және бір шымшым тұз арқылы стақандағы мұзды қалай шығарып алуға болады? (Жіпті мұздың үстіне қойып, тұз сепкенде, салқындатқыш қоспа пайда болады да, жіп мұзға жабысып қатып қалады. Шамалы уақыттан соң жіпті көтергенде бірге мұз да көтеріледі)H:\фото ФИЗИКА\Изображение (54).jpgH:\фото ФИЗИКА\Изображение (57).jpgH:\фото ФИЗИКА\Изображение (56).jpg
Студенттер берілген тапсырмаларға жауап беруде

ІІ. Әзіл-жұмбақ «Фамилиясы – өлшем бірлік».
1.Оның бірінші әрпі – екі өткізгіштен тұратын жүйенің бірінші әрпі(Конденсатор)
2. Потенциалдар айырмасының екінші атауының соңғы әрпі (Кернеу)
3. Потенциалдар айырмасы бірлігінің үшінші әрпі(Вольт)
4. Электр зарядын өлшеген КСРО ғалымы есімінің екінші әрпі(Иоффе)
5. Электр зарядына ие болмайтын бөлшектің бірінші әрпі (Нейтрон)H:\фото ФИЗИКА\Изображение (73).jpgH:\фото ФИЗИКА\Изображение (65).jpgH:\фото ФИЗИКА\Изображение (70).jpg
Студенттердің жауаптары көрермендерді тәнті етті

ІІІ. Мақал-мәтелдің физикалық түсінігі.
1. «Темірді қызғанда соқ» мақалында қандай физикалық құбылыс туралы айтылады?
(Қатты дененің балқуы).
2. «Көсеу ұзын болса қол күймес» қандай физикалық құбылыс жасырылған?
(Жылу өткізгіштік).
3.»Тоңған тонын мақтайды» неліктен? (Тон жылуды нашар өткізеді).
4. Корея халқының мақалында былай делінген: «Тұзы бар қапты байлаған жіпте тұзды, қандай физикалық құбылыс туралы сөз болып тұр? (Диффузия).
5.»Уайым түбі теңіз батасың да кетесің, тәуекел түбі қайық мінесің де өтесің» қандай физикалық құбылыс жасырылып тұр? (Архимед заңы).
6. «Жақсы кісінің ашуы шай орамал кепкенше» мақалындағы физикалық құбылысты түсіндір. (Кебу).

ІV. Енді берілген құралдар арқылы көрсетілген тәжірибе бойынша сұрақтың  жауабын кім жылдам табады?

H:\фото ФИЗИКА\Изображение (85).jpg
1.Екі жұмыртқаның қайсысы піскен екенін қалай анықтауға болады?
Керекті құралдар: 1 піскен және 1 шикі жұмыртқа, тәрелке. (Ол үшін жұмыртқаның 2-уін де жайпақ тәрелкеге салып, 2 саусақпен айналдырады. Піскен жұмыртқа шикі жұмыртқаға қарағанда жылдам және ұзақ айналады. Шикі жұмыртқаның ішіндегі құрамы бірден айналуға көшпейді. Оның қатты қабығы әсерінен жұмыртқа инертті қозғалысқа түседі.Жұмыртқаның ішіндегі құрамы тежеуіш рөлін атқарады)
2.    Қолды ылғалдамай тиынды алу.H:\фото ФИЗИКА\Изображение (97).jpg
Керекті құралдар:жалпақ тәрелке, су, тиын, қағаз, стақан, сіріңке. H:\фото ФИЗИКА\Изображение (94).jpg
(Жалпақ тәрелкеге су астындағы тиын салып, оның ішіне су құйылады. Тәрелкедегі су астындағы тиынды қолды ылғалдамай алуға бола ма?
Қағазды жағып стақан ішіне саламыз, стақанды тезірек тиынның жанына төңкеріп қоямыз. Сонда қағаз сөніп, стақан ақ түтінге толады да, тәрелкедегі су ауа қысымы аз стақан ішіне қарай бағытталады).
3.Ғажайып     жұмыртқаH:\фото ФИЗИКА\Изображение (99).jpg
Керекті құралдар: жартылай су құйылған шыны ыдыс, жұмыртқа, таза су.
(Жартылай су құйылған шыны ыдысқа жұмыртқа саламыз. Ол сұйық бетінде жүзіп жүреді. Егер ыдысқа тағы да су құйсақ жұмыртқаның бату тереңдігінде өзгерістер бола ма? Бастапқысы тұзды, соңғысы таза су , өйткені тұздалған судың тығыздығы жұмыртқанікінен артық болуына байланысты, ол су бетінде жүзіп жүреді. Ал жұмыртқаның өз тығыздығы таза судікінен артық, сондықтан ол оның бетіне шыға алмайды)
4.Суда батпайтын инеH:\фото ФИЗИКА\Изображение (106).jpg
Су құйылған ыдыс, ине, фолга қағазы.
(Иненің суда батпайтынын тек ертегіде көрсеңіздер. Оны енді өмірден де көруге болады. Шыны ыдысқа (стақан н/е тәрелке) су құйып, жартылай ішіне темекінің қағаз қиындысын саламыз. Инені жақсылап майлап қағаз бетіне саламыз, сонда қағаз суға батады да ине су бетінде қалқиды. Не себепті?Бұл металл заттың суда қалқу себебі сұйық ішінен осы денені кері итеруші күш әсер етеді)

V.Енді мынадай есеп шешу керек (карточка таңдап алады).
1. №35(Р).     Екі поезд бір-біріне қарама-қарсы 72 км/сағ және 54 км/сағ жылдамдықпен жүріп келеді. Бірінші поезд ішіндегі жолаушы екінші поездың өзінің жанынан 14 с ішінде өткенін байқады. Екінші поездың ұзындығы қандай? H:\фото ФИЗИКА\Изображение (120).jpg
2. №63 (Р). Тыныштық күйден 0,6 м/с2 үдеумен қозғала бастаған автомобиль қанша уақыт ішінде 30 м жол жүреді?
3. №93 (Р).  Карусель станогі платформасының айналу периоды 4с. Айналу осінен 2м қашықтықта орналасқан платформаның шеткі нүктелерінің жылдамдығын тап.
4. №103(Р). Радиусы 800м бұрылыс жолмен келе жатқан жылдамдығы 20 м/с поездің центрге тарту үдеуі қандай?
5. №170(Р). Бір – бірінен 100м қашықтықта тұрған, әрқайсысының массасы 10000т екі кеменің өзара тартылыс күшінің ретін анықта.

1. №35(Р)      Жауабы:  490м                       2. №63 (Р)     Жауабы:  10с
3. №93 (Р)     Жауабы:  3,14 м/с                  4. №103(Р)    Жауабы:  0,5 м/с2
5. №170(Р)    Жауабы:  0,667 Н

Қорытындысы айтылды.

Автор: есеп шығып болғанда, күн жадырап шығады.D:\фото ФИЗИКА\Изображение (133).jpgD:\фото ФИЗИКА\Изображение (131).jpgD:\фото ФИЗИКА\Изображение (130).jpg

  •    Король балаларының шамаларының келгенінше жауапты тапқанына жадырап, көп белсенділік танытқан баласына  өз корольдігін беріп, тәжін кигізіп, таққа отырғызады. Міне, балалар, физика заңдылықтарын  білсең, барлық келеңсіз жағдайдан аман қаласың.Сондықтан физиканы үнемі оқыңдар.

 [bws_related_posts]

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *