Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
ЖаңаӨзен политехникалық колледжі
Арнайы пән оқытушы: Реимбаева Гулшат Муратбаевна
Пәні: Автомобиль құрылымы
Тобы: 2 ТОРА-12Б
Жалпы тақырып: Автомобиль қозғалтқышының құрылысы
Сабақ түрі: теорияны тәжірибемен ұштастыру
Пәнаралық байланыс: материалтану, физика, химия.
Сабақтың материалды-техникалық жабдықталуы: интерактивті тақта, оқулық, слайдтар т.б.
Сабақ мақсаты
Сабақтың білімділік мақсаты: өткен тақырыптарды қайталау арқылы студенттерді қозғалтқышты жинау, доңғалақты ауыстыра білуге, автокөлікке техникалық қызмет көрсетуге үйрету.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: өзін–өзі қадағалауға, оқуға, білуге, еңбекке деген ынта-ықыласын ояту. Өмірге деген талпынысын, болашаққа деген сенімін арттыру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, еңбекқорлық,ұйымшылдық, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту, өз мамандығына деген құрметті, жауапкершілікті сезінуге үйрету.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі 2-минут.
ІІ. Өткен тақырыптарды қайталау: 40 минут
ІІІ. Тақырыпты бекіту: 2 минут
V. Үйге тапсырма: 1 минут.
І. Ұйымдастыру кезеңі: 2-минут.
1.1. Оқушыларды тізім бойынша тексеру
1.2. Оқушылардың арнайы киім кигендігін тексеру.
ІІ. Өткенді қайталау: 40 минут
2.1 Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Құрметті ұстаздармен студенттер! Бүгінгі сабағымызға хош келдіңіздер! Бұл заман білекке емес, білімге сенетін заманға айналды. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сонымен «автомобиль құрылысы» пәні бойынша студенттеріміздің алған білімдерін тексерсек. Cабақты бастамас бұрын теориялық білім деңгейлерін пысықтап, өткен сабақты ауызша сұрақ-жауап арқылы анықтасақ.
а) Топ студенттеріне ауызша сұрақтар беру:
1. Автомобильдің барлық механизмдерін неше топқа бөлуге болады? (қозғалтқыш, шасси, кузов).
2. Қозғалтқыш дегеніміз не? (жанармай жанғандағы бөлінетін жылу энергиясын механикалық энергияға айналдырады).
3. Қозғалтқыштың қанша механизмі және жүйесі бар? (газ таратқыш механизм, кривошипті-шатунды механизм, салқындату жүйесі, қоректендіру жүйесі, майлау жүйесі, оталдыру жүйесі).
4. Автомобиль шассиі неден тұрады? (трансмиссия, аспалы жүйе, белдік, доңғалақ, рульдік басқару, тежеуіш жүйелері).
5. Трансмиссия дегеніміз не? (автомобильді қозғалысқа келтіру үшін оның жетекші дөңгелектеріне айнымалы қозғалыс беру үшін қажет).
6. Ілініс дегеніміз не? (берілісті ауыстырғанда, автомобильдің жүрісін тежегенде, тоқтатқанда, двигательді трансмиссиядан уақытша айыру үшін және автомобильді орнынан қозғалтқанда, берілісті ауыстырғанда двигательді трансмиссияға бірқалыпты еппен қосу қызметін атқарады).
б) Студенттерді 5 топқа бөле отырып, әр топқа өз басшысын сайлатамыз.
І-топқа қозғалтқышты жинау
ІІ-топқа автомобильдің доңғалағын ауыстыру;
ІІІ-топқа доңғалақтың тепе-теңдігін реттеу;
ІV-топқа Доңғалаққа жел беру;
V-топқа Электр жабдықтарына техникалық қызмет көрсету.
Жұмысты бастамас бұрын техника қауіпсіздік ережелері айтылады.
Оқушыларды тексеру мақсатында, жұмыс орындарын аралау.
1-аралау Оқушыларды жұмыс орындарына орналастыру.
2-аралау Жұмыстың уақытылы басталуын қадағалау.
3-аралау Іс -қимылдарының және жұмыстың дұрыс орындалып
жатырғандығын қадағалау.
4-аралау Жұмыстың орындалу ретін қадағалау.
5-аралау Техника қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалау.
6-аралау Дайын болған жұмыстарды қабылдау, жұмыс орнын жинастыру, тапсыру.
ІІІ. Тақырыпты бекіту-2минут.
5.1. Орындалған жұмысты қабылдау және бағалау.
5.2. Сабақты қорытындылау және бағаларын хабарлау.
5.3. Сабақ барысындағы кемшіліктерді талдау және ең жақсы жұмыстарды атап өту, насихаттау.
ІV.Үйге тапсырма беру. 1 минут.
Өтілген тақырыптарды қайталау.
[bws_related_posts]