Қызылорда облысы
Қызылорда қаласы
Ә. Молдағұлова атындағы №173 орта мектеп
Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі:
Есекеева Мадина Қонақбайқызы
Тақырыбы: Синонимдер
Сабақтың тақырыбы: Синонимдер
Сабақтың мақсаты: Білімділік — мәндес сөздерді бір-бірімен салыстыра отырып анықтамасын оқушылардың өздері ойланып шығарып алуға бағыт беру;
Дамытушылық: оқушылардың өз бетінше ізденіспен топта жұмыс істеу қабілеттерін дамыту, басқаларды тыңдау, өз көзқарасын дәлелдеп қорғай білу қабілетін, сонымен бірге қазақ тілінің лексика тарауынан алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білу дағдыларын арттыру;
Тәрбиелік: сұхбаттасу мәдениетін қалыптастыру, тиянақты тұжырымдама жасауға баулу, оқушыларды адамгершілік, қайырымдылық, бірлік, достық, бауырластық рухында тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгерту сабағы.
Сабақтың әдісі: проблемалық ой тастау, баяндау, сұрақ-жауап, диалог, ізденушілік, зерттеушілік іс-әрекеттері, ойын түрлері.
Көрнекілігі: интерактивті тақта,, слайдтар, синоним сөздерге арналған сызба, синонимдер сөздігі, графикалық диктант.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа бейімдеу;
ә) Оқушылар зейінін өлең жолдарымен сабаққа аудару.
«Өнер алды – қызыл тіл»,
Анаңдай оны құрметте!
Қажымай, талмай үйрен, біл,
Асылын сөздің өрнекте.
Ана тіл – асыл қазына,
Байлығың – білсең ол сенің.
Жеткізер өмір жазына,
Сонымен өсер өркенің, — дей отырып сөз асылын, тіл тазалығын сезінетін кезекті қазақ тілі сабағымызды бастаймыз.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. Өткен сабақтарда өтілген «Омонимдер» тақырыбы бойынша сұрақ-жауап әдісімен түсінгендерін, сабақты қалай меңгергендерін сұрап білемін.
ІІІ.Жаңа сабақ.Синонимдер
Қызығушылықты ояту сатысы. Ой қозғау.
— Мағыналары мәндес, яғни бір-біріне жақын сөздерді білесіңдер ме?
Оқушылардың келтірген мысалдарын «Идеялар тақтасына» жазамыз.
Қастерлі, күту, тез арада, мұғалім, жуықта, қадірлі, тоқтау, ұстаз, кідіру, таяуда, оқытушы, құрметті, аялдау, жақында, тәрбиеші, қадірменді.
Бағалау.
Үйге тапсырма беру. 71- жаттығу. Ғажап, шақ, қараулық, уәде, айла, жан сөздерінің синонимдерін тауып, орнын ауыстырып жазыңдар.
Өте тамаша слайд