Қызылорда облысы
Қызылорда қаласы
Ә. Молдағұлова атындағы №173 орта мектеп
Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі:
Есекеева Мадина Қонақбайқызы
Сабақтың тақырыбы: Алматы
Мақсаты:
Білімділік: Алматы қаласы туралы жаңа мәліметтер беру; Туған жерге деген сүйіспеншілік пен құрметке баулу;
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілеттерін, байланыстырып сөйлеу, есте сақтау қабілеттерінің дамуына ықпал ету;
Тәрбиелік: Атамекенін сүю, мақтаныш сезімдерін ояту. Эстетикалық, экологиялық тәрбие беру;
Сабақ түрі: аралас
Әдісі: сұрақ-жауап, аударма, ойын элементтері
Сабақ барысы:
I.1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен жүздесу, сәлемдесу. Оқушылар назарын сабаққа аудару
I.2. Үй жұмысын тексеру.
Сәулет өнері – архитектурное искусство
Баня – монша
Прекрасные памятники – тамаша ескерткіштер
Оңтүстік Қазақстан – Южный Казахстан
Бұрын – раньше
II. Жаңа сабақ
Бүгінгі біздің жаңа тақырып «Алматы қаласы»
Алматы
Алматы – Қазақстанның ең сұлу қаласы. Ол Алатаудың етегінде орналасқан. Алматы – біздің еліміздің оңтүстік астанасы. Қалада Абай атындағы Опера және балет театры, “Қазақстан” қонақүйі, Республика Сарайы, М.Әуезов атындағы Мемлекеттік Академиялық драма театры, Республикалық орталық музей бар. Алматы –жасыл қала. Ондағы “Медеу” спорт кешені – бүкіл республикамыздың мақтанышы.
Жаңа сөздер:
Алатаудың етегінде – у подножьи Алатау
спорт кешені – спортивный комплекс
бүкіл – весь, всего
Буын:
Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Мысалы: а – ға (2 буын), ба – ла – лар (3 буын),
мем – ле – кет (4 буын).
2 – жаттығу
Сөздерді буынға бөліп жаз.
Қазақстан, Алматы, Астана Түркістан, Отырар, Тараз, Ақтау, Шымкент, Ақтөбе, Семей, Орал,Қызылорда, Талдықорған, Атырау, Павлодар, Өскемен, Жезқазған, Қарағанды, Теміртау, Көкшетау
3 – жаттығу
Тиісті буындарды қойып, сөз тіркестерін жаз.
Ал______ты қа______сы, биік ғи______рат, үл______ кітап______на, Түр______тан ту______лы, Ор______лық му______, рес_____блика мақта_____шы.
Адасқан әріптер.
лаақ – қала
йузем – музей
мтыаал – Алматы
птрсо – спорт
III. Үйге тапсырма: 4, 5 – жаттығу, ереже жаттау
IV. Қорытынды. Алматы қаласы туралы не білдік?
Алматы қаласында тұрғанымызға мақтан ете аламыз ба?
V. Бағалау.
(ЖҮКТЕУ)
[bws_related_posts]