Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы,
№ 261 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі Арленкеева Бақыткүл Каттабековна
Сабақтың тақырыбы: Буын түрлері
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға буын және оның түрлері жайында жалпы мағлұмат бере отырып, буын түрлерін жаттығу жұмыстары мен тапсырмалар арқылы меңгерту.
2. Тәрбиелік: оқушыларды еңбекке, ізгілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, фонетикалық талдау жасау дағдыларын арттыру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: слаидтар, таблица, тақырыпқа байланысты кесте
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Буын туралы түсінік
2. 301-жаттығулар.
ІІІ. Ой қозғау сәті. ББҮ әдісі бойынша оқушылар өз ойларын алдарындағы стикерге жазып тақтаға іледі.
Білемін |
Білгім келеді |
Үйрендім |
ІІІ. Жаңа сабақ.
Ереже қорыту: Оқушыларға осы кестеге сәйкесмұғалімнің көмегімен анықтаманы өздеріне шығартқызу
1. Ашық буын. Жалғыз дауыстыдан құралған немесе дауыстыдан басталып, дауыстыға аяқталған буынды ашық буын деп атаймыз: а-ға, ба-ла, қа-ла т. б. Ашық буынның ішіндегі жалғыз дауыстыдан болған буынды жалаң буын дейміз: а-дам, а-та.
2. Тұйық буын. Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған буынды тұйық буын деп атаймыз: ат, аз, ақ, өрт, ұл, ант, т. б.
Тұйық буынға жалаң буын қосатын болсаң, онда буын жігі өзгереді: өрт+і-өр-ті, оқ+ы-о-ғы, еп+і-е-бі, ек+ін-е-гін т. б.
3. Бітеу буын. Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған (дауысты дыбыс ортада келетін) буынды бітеу буын дейміз: тал, төрт, бар, жаз, кел, кең, қант, т. б.
Сөздік қорды құрайтын түбір сөздердің көбі тұйық және бітеу буынды болып келеді. Ашық буынның өз алдына сөз болуы өте сирек.
ІУ. Оқулықпен жұмыс: 302-жаттығу
1) мәнерлеп оқу
2)Кітапты жауып, сұрақ- жауап алу «Не жетім?»
3)Топтастыру
303-жаттығу.
1) Мәтінді мәнерлеп оқу
2) Әл Фараби жайлы слаидтар көрсетіп, әңгімелеу
У. Сергіту сәті. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңі интерактивті тақтада шырқалып тұрады, оқушылар ән ырғағы бойынша бойларын сергітеді.
VІ. Жаңа сабақты бекіту.
1. Талдау жұмысы
Әр оқушы өз туған мекенінің атауына фонетикалық талдау жасайды.
Қы – ашық буын
Зыл – бітеу буын
Ор – тұйық буын
Да – ашық буын
Қ-д/сыз дыб, қатаң
ы – дауысты, жуан, қысаң, езулік.
З — д/сыз дыб, ұя
Л – д/сыз, үнді
О –д/ты, жуан, ашық, еріндік
Р –д/сыз, үнді
Д –д/сыз, ұяң
а – дауысты, жуан, ашық, езулік
-
Семантикалық картамен жұмыс.
Фонетика тарауын қайталау.Әріптер Тілдің қатысына қарай———Жақтың қатысына қарай ———Ерін мен езудің қатысына қарай
—————жуан /жіңішке —————— ашық /қысаң ————————-еріндік /езулік
А
Ә
Е
И
О
Ө
Ұ
Ү
У
Ы
І
Э
VІІ. Ойындар:
«Әріп қысқарса» ойыны
Палау Қанар Жолақ Дауыс Қатаң Ашық Мысық Басу
Алау Анар Олақ Ауыс Атаң Шық Ысық Асу
Лау Нар Лақ Уыс Таң Ық Сық Су
Ау Ар Ақ Ыс Аң Ық у
«Екінші буыным қайда?» ойыны
VІІІ. Сабақты қорыту
ББҮ әдісіндегі «Үйрендім» бөліміне бүгінгі сабақта нені үйренгенін қолдарындағы стикерге жазып іліп, қорғау
ІХ. Үй тапсырмасын беру:
1. Фонетика тарауын қайталау.
2. 309-жаттығу
Х. Оқушылардың жауаптарын бағалау.
[bws_related_posts]