Ақтөбе облысы
Қарғалы ауданы
№1 Бадамша орта мектебі
Орыс мектебіндегі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Шаметова Рита Кубайдуллиновна
ҰБТ-қа ОРЫС МЕКТЕБІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ОҚУШЫЛАРДЫ ДАЙЫНДАУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»
Н. Ә. Назарбаев
Кез келген қоғамның дамуы оның ғылым саласы мен оқу жүйесіне тікелей ықпал ететені белгілі. Қазіргі кезде қоғамдық-әлеуметтік өмірде болып жатқан құндылықтары қайта қарау мен күрделі тоғысу үдерістері мектептегі оқу жүйесіне де әсерін тигізуде.
Егеменді еліміздің болашағы –бүгінгі мектеп партасындағы оқушылар. Оларды заман талабына сай жан-жақты, білімді, өз бетімен білуге талпынатын, өзінің ой-тұжырымы бар етіп тәрбиелеу үшін сабақ түрлері құрылысын жетілдіру, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалану-бүгінгі күннің талабы.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейiнгi бiлiм беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында “Жоғары бiлiмдi дамытудың негiзгi үрдiсi мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми — зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық бiлiмдi дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерiнiң әлеуметтiк сала мен экономиканың қажеттiлiктерiмен тығыз байланысты бiлiм беру және технологияларды жетiлдiру болып табылады” деп атап көрсетiлгендей, қазiргi бiлiм беру саласындағы басты мәселе: әлеуметтiк — педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан бiлiм мазмұнына жаналық енгізудiң тиiмдi жаңа әдiстерiн iздестiру мен оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау болып отыр.
Ұлттық бірыңғай тест – бiлiм сапасының басты көрсеткiшi. Мектептiң даму сапалы бiлiмдi, толерантты және ұлтаралық проблемаларды шешуге дайын жеке тұлға болады деп күтiледi. Ал саналы бiлiм беру тiкелей оқыту сапасын арттыруға байланысты болғандықтан, мұғалiмнiң кәсiби деңгейiн, бiлiктiлiгiн арттыру басты назарда. Өйткенi, бiлiмдi ұрпақ – бiлiмдi ұстаздардан, бiлiктi маманнан. Бiлiм берудi дамыту тұжырымдасында бiлiм сапасын көтерудiң басты құралы есебiнде Ұлттық Бірыңғай Тестiлеу енгiзiлгенi белгiлi. ҰБТ-ның мақсаты– мектептi бiтiрушi түлектердiң негiзгi бес пәннен бағдарламаны қаншалықты меңгергендiгiн анықтау.
Аттестаттауды жақсы тапсыру үшін оған сапалы дайындық қажет. Оқушы білімді меңгеріп қана қоймай, оны іс-жүзінде қолдана алуы керек. Осы себептен ҰБТ-ға оқушыларды дайындауда тиімді әдістер мен тәсілдерді үнемі іріктеп отыру қажет. Қазіргі кезде өзге ұлт өкілдерін қазақ тілінен дайындап шығару мұғалімнің шығармашылығына, жауапкершілігіне, ізденушілігіне байланысты.
Жаңашылдықпен жұмыс істеп, оқытуды ізгілендіру мақсатында мұғалім ретінде сабақ барысында жаңа инновациялық, педагогикалық технологияларды пайдаланамын: жобалау технологиялары, ақпараттық технологиялар, ынтымақтасты оқыту технологиясы және тағы басқалары балалардың қабілеттерін, біліктілік деңгейін, зеректіліктерін ескере отыра, даралап, саралап оқытуды қамтамасыз етеді және оқытуда құзыреттіліктерін іске асыруға көмектеседі. Сонымен, педагогикалық технологиялар деген не десек, олар:
— өзара байланысты әдіс-тәсілдердің жиынтығы арқылы жеке тұлғаның белгілі қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған ықпал:
— сол деңгейді қалыптастыру үшін белгілі шарттарды жасауға бағытталған іскерлік.
Педагогикалық технологиялардың мақсаты — оқыту үдерісінің тиімділігін көтеру, оқытуда бағдарланған нәтижелерге жетудің кепілі болып табылады.
Қазақ тілді оқытудың негізгі мақсаты оқушылардың коммуникативті мәдениетін дамыту және қалыптастыру болса, мұғалім өз жұмысында әрбір оқушыға тілді практикада меңгеруіне жағдай жасауы тиіс.
Ақпараттық технологиялар түріне тоқтағым келеді. Қазіргі кезде бізге әр түрде берілген ақпараттар жиі ұсынылады. Сондықтан шәкірттерді оқытуда олардың ақпараттық құзыреттіліктері маңызды орын алып отыр, яғни, керекті ақпаратты тауып, оның мазмұнын беру біліктері. Әрбір мұғалім шәкірттерінің өз пәніне деген қызығушылықтарын оятуды армандайды. Оны қалыптастыруда көптеген киыншылдықтар кездестіреді. Сол себепті жаңа ақпараттық технологияларды қолдану бізге әдістемелік әдіс-тәсілдерді таңдауға, сабақтарды қызықты да, есте қаларлық болуына көмектеседі. Сонымен бірге оқыту үдерісін өзгертіп, балалардың жүйелі ойлау қабілеттерін қалыптастырады.
Ақпараттық компьютерлі технологияларды қолдану: оқыту үдерісінің аясын кеңейтеді, оның практикалық бағыттылығына себеп болады, оқушылардың білім алуға, оқуға деген уәждемелерін көтереді.
Өз жұмысымда көптеген электрондық ресурстарды қолданамын: мультимедиялық бағдарламалар, Интернетте табылған материалдар, интерактивті тестілер. Олар сабақты түрлендіреді және қызықты етеді, балаларды әр түрлі жаңа технологияларды пайдалануға үйретеді. Мультимедиялық презентацияларды әрбір мұғалім кеңінен пайдаланып жүр. Олар мұғалімге де, оқушыларға да қолайлы. Презентацияларға мәтінмен бірге суреттер, графиктер, кестелер, бейнекөрініс және музыкалық сүйемелдеулерді кірістіру қажет. Мультимедиялық презентациялардың артықшылықтары мынадай: 1) барлық оқушылардың зейінін белсендіреді; 2) оқушылардың сыныптық және сыныптан тыс жұмыстарын байланыстырады; 3) оқу уақытын үнемдейді; 4) презентацияға интерактивті тақтаны қолдану және лексикалық, грамматикалық, фонетикалық материалдарды көрнекті жүйелеуге мүмкіндік жасайды және барлық тілдік әрекеттерді оқытуға тірек болады; 5) түрлі мәтіндік аудио және бейне көрнекіліктерді қиыстырады. Интерактивті тақта арқылы электронды оқулықтарды пайдалану өте ыңғайлы. Ал білім берудің кез келген саласында «Электрондық оқулықтарды» пайдалану оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Әлі де білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Мен өзімнің қазақ тілі сабағымда интерактивті тақтаны пайдаланып өтемін. Бұның тиімді жағы көп: сабаққа қажетті материалдар, кестелер мен сызбалар, анимациялық көріністер, оқушыларды машықтандыру (практикалық және тәжірибелік) фильмдері, анықтама сөздік, оқушы білімін бекітетін дидактикалық материалдар бар. Әр тараудағы тест сұрақтары, әр тапсырманың өзіндік жұмыстары (сөздік диктант, диктант) оқушы білімін бақылауда және оқушының өз бетінше ізденісін туғызуда көмегі зор.
сабақта техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану тиімділігі;
мұғалімнің ақпараттық – коммуникациялық технологияны меңгеруі;
оқушының пәнге қызығушылығы;
білімнің тереңдігі;
тексеру түрлері, бағалау;
практикалық дағдыларды игеру мүмкіндігі артады.
Қорыта келгенде интерактивті тақтаны қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Мұғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Жаңа пайдалы ізденістердің бірі-қазақ тілі пәнінде жүзеге асырылатын сатылай кешенді талдау. Сатылай кешенді талдау қазақ тілінің барлық салаларын (фонетика, лексика, морфология, сөзжасам, синтаксис) жүйелі, сапалы меңгертумен қатар, басқа пәндермен тығыз байланысты оқытуды да көздейді. Бұл әдіс өткен, қазіргі, кейінгі материалдарды өзара бірлікте игеруге мүмкіндік береді. Сатылай кешенді талдау арқылы оқушының қабылдауы, есте сақтау қабілеті өседі, ойлау, сөйлеу дағдысы қалыптасады, өз бетінше ізденіспен еңбек етуге талпынады. Нақты айтар болсақ, сатылай кешенді талдау оқушының шығармашылық қабілетін арттырады, уақытты үнемді пайдаланып, өз ойын тірек-схемалар арқылы тұжырымдап айтуға дағдыландырады, шығармашылық ізденісіне жол ашады.
Мысалы: Қазақстан нарықтық экономикаға бет бұрды. (сөйлемдегі асты сызылған сөзге сатылай кешенді талдау жасаңдар)
Нарықтық
Қандай?
Сын есім
Дара
Туынды
Қатыстық
Жай шырай
Анықтауыш
Әдістің кім-кімге де берері мол, атап айтқанда, оқушы грамматикалық сауаттылыққа қалыптасады, талдауда белгілі бір жүйеге сүйенуімен қатар сөздік қорын дамытып, қазақ тілінде тез сөйлеуге машықтанады. Дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме беруге және теңдеу арқылы дыбыстың қасиетін айқындауға, бөлшек тәсілін тиімді пайдалануға, сөйлеуде де, жазуда да жинақы, дәл жауап беруге дағдыланады.
Оқушының ойлау қабілетін дамытуға игі ықпал ететін, жаңаша оқытудың бір түрі-сабақта деңгейлік тапсырмаларды қолдану болып табылады. Деңгейлік тапсырмалар профессор Ж.Қараевтың педагогикалық технологиясының негізін құрайды. Ғалым өзінің зерттеуінде оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейлері әр түрлі екенін ескеріп, оны әрі қарай дамыту мақсатында арнайы тапсырмалар құрастырылу қажет екендігін дәлелдейді. Деңгейлік тапсырмалар оқушының пәнге қызығушылығын арттырып қана қоймай, өзіндік сараптама жасай білуге, өздік бағалауға жетелейді. Оқушыларға деңгейлік тапсырмаларды орындату барысында бағалау парақтары таратылып, өздік бағалау жүргізіледі. Оқушы орындаған жұмысының дұрыстығын мұғалім дайындаған дұрыс жауаптармен салыстыра отырып тексереді. Бұл технологияның ерекшелігі –әр деңгейде оқушы тек қана дұрыс оқу, көшіріп жазу немесе жеңіл қазақ тіліне тән дыбыстарды тап, дұрыс дыбыста деген сипаттағы тапсырмалар мен сұрақтарға жауап береді. Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушыларға әр текті өздік тапсырмалар орындатумен қатар тиянақты болуға, өз еңбегінің нәтижесін өз көзімен көре білуге тәрбиелейді.
Білім берудің сапасын жақсарту мақсатында «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясын өз сабақтарымда қолданып жүрмін. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мені қызықтырғаны баланың өзі ізденіп дәлелдеуі. Ол бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетте бағыттаушы, ұйымдастырушы.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз-сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойын еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз-ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естігенін, білгенін талдап,салыстырып, реттеп, сұраптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау, өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Оқушылардың осындай қабілеттерін дамытуға әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.
Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуға тез арада дұрыс шешімдер табуға атсалысатын бірден-бір тиімді бағдарлама деп есептеймін.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылығын ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясымен жұмыс жасау кезінде бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсем, оқушылыр-оқудың қызықты, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды.
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту барысында келесі міндеттерді анықтадым.
1. Оқушылар бір-бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады.
2. Тақырыптық түсініксіз жерлерін айқындайды.
3. Топтастарының сұрақтарына жауап береді.
4. Қорытынды шығарады, өз пікірін дәлелдейді.
Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік береді, жауаптар тыңдалады.
Жеке басын құрметтей отырып,білім беру-қазіргі оқытудың негізгі талабы. Өйткені оқушылардың бәрінің ойлау қабілеті бірдей емес. Сондықтан бұл мәселеге психологиялық тұрғыдан қарап,педагогикалық әрекет, әдістемелік шеберлікпен келу керек. Белгілі ғалым Ахмет Байтұрсынұлы осы орайда былай депті: «Шеберліктің белгісі-түрлі әдісті болу». Бір сабақтың әр кезеңдерінде түрлі әдістерді орнымен пайдалану арқылы көп нәтижеге жетуге болады. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен оқушылардың соңғы жылдардағы табыстары қуантады.
Мұндай табыстар көп ізденудің, жаңаға деген айрықша ұмтылыстың нәтижесінде деп ойлаймын.
Мұғалім оқушыларды оқытуда жүйелі түрде түрлі технологияларды пайдаланса, оқушылар үлкен жетістікке жететіні сөзсіз.
ҰБТ-нің тиімді жақтары:
1.Оқушылар бағдарламаны толық қамтып дайындалуға талпынады
2. Қосымша сабақтар алады
3. Ата- аналардың баланы оқытып-тәрбиелеуде жауапкершілігі артады
4. Тестілеу арқылы өз білімдерінің деңгейін біліп,білмейтіндерін меңгереді
5. Мұғалімдердің,мектеп басшыларының оқушылармен жұмысы артады
6. Мұғалімдер өз білімдерін жан-жақты көтереді
7. Жалпы жұртшылықтың білімге деген көзқарасы өзгеріп,назарға алуда
8. Мұғалім,ата-ана,оқушы арасында байланыс артты
9. Оқушылардың біліміне әділ баға қойылады
10. Мұғалімдердің де еңбегі әділ бағалана
Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, ұлы ағартушы Ы. Алтынсарин: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені жақсы мұғалім — мектептің жүрегі» деген екен. Онда «мектептің жүрегі» болумен қатар, жаңа егемен еліміздің ұрпағына жаңа білім нәрін сусындатып, саналы тәрбие, сапалы білім беретін білікті, білімді ұстаз болайық.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ж.А.Қараев. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы. А., 2003
- 2. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» журналы, №4, 2012
3. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» журналы, №5, 2012 4.
Резюме
Автор статьи рассматривает различные виды технологии приемлемые для обучения казахскому языку учащихся некоренной национальности.
[bws_related_posts]