Басы » Технология » Бұйымды күйдіріп және мозайкалап әрлеу

Бұйымды күйдіріп және мозайкалап әрлеу

 Солтүстік  Қазақстан  облысы
Жамбыл ауданы, Баян  ауылы
КММ«Баян  орта  мектебі»
 Технология пәнінің мұғалімі 
Сураганов Аскар Курмангалиевич
Сабақтың тақырыбы: Бұйымды күйдіріп және мозайкалап әрлеу
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік мақсаты: ағашты күйдіріп, бұйымға өрнек сала білу, тұрмысқа қажетті заттарды жасап үйрену арқылы ұлттық ерекшелігімен, көркемдік құрылымымен танысу.
2.Дамытушылық мақсаты: ойлау қабілеттерін, танымын, сөздік қорларын дамыту.
3. Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды еңбексүйгіштікке, шеберлікке, ептілікке баулу, жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтау.
Коррекциялық мақсаты: қиын сөздердің айтылуына мән беріп түзету.
Көрнекілігі: плакаттар, ағаштан алынатын материалдар және ағаш бұйымдары.
Құрал – жабдықтар: өлшеуіш құралдар, электркүйдіргіш, мозайка жасайтын материалдар.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушыларды түгендеу;
б) назарын сабаққа аудару.
ІІ. Жаттығулар жасату. Тыныс алу жаттығуы:
—         мұрынмен демалып, мұрыннан шығару;
—         мұрынмен демалып, ауыздан шығару;
—         ауызбен демалып, ауыздан шығару.
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Ағаш кесінділерінің түрлері.
2. Ағаштан алынатын материалдар.
3. Ағаш ұнтағынан қандай материалдар жасалады және олардың қолданылуы жайлы айту.
4. Ағаштан жасалатын материалдар.
5. Ағашты қолмен өңдеу кезіндегі қауіпсіздік ережесі.
IV.Саусаққа жаттығу.
V. Жаңа сабақты дайындау. Күйдіру жиектік, сызықшалы, нүктелік болып үш топқа бөлінеді:
1.Жиектік әдісте күйдіріп жасалған өрнек бұйым шетін қуалап  жолақ немесе таспа түрінде орналасады. Жұмыс қарапайым электркүйдіргіш бізімен ағаш шетін айналдыра күйдіру арқылы орындалады. Күйдіргіш біз әртүрлі пішінді жасайды (иілген түзу) сегіз тәрізді, Z тәрізді, V тәрізді. Осындай пішіндерді пайдалану арқылы өрнектер жасауға болады. Көбінесе  дайын бұйымды осылай әшекейлейді.
2. Сызықшалы әдісте  сурет бетіне электркүйдіргішпен жыдам қозғалыстар жасау арқылы сызықшалар түсіреді (сызықшылар қаншалықты қысқа болса, түсі де қанық болады). Солғын түс беру үшін ағаш бетіне электркүйдіргіштің бізін сәл ғана тигізіп өтеді. Негізінен барлық күйдіру жұмыстары осы әдіспен орындалады.
3. Нүктелік әдіс те суретті әртүрлі жиіліктегі нүктелер түсірумен орындалады, бұл – күрделі жұмыс.
Қауіпсіздік ережесі: электркүйдіргіш аспабын тек мұғалімнің рұқсатымен қосу қажет. Жұмыс барысында күйдіргіш бізді қатты басуға болмайды. Қызып тұрған бізді киімге, денеге тигізіп алудан сақ болу керек. Көзді демалдыру үшін электркүйдіргішті 20 минут сайын өшіріп отыру керек.
Сарамандық жұмыс: бұйымды күйдіру арқылы мозайкалап әрлеу.
1.Сандықтың сыртына салынған оюларды электркүйдіргішпен күйдіру арқылы әрлеу.
2. Түрлі түсті шишаларды жеке – жеке майдалап дайындау.
3. Суретке желімді жағып алып, майдаланған шишаны жабыстырып шығу.
4. Жасалынған бұйымдарды мұғалімге тапсыру.
5.  Жұмыстың соңында жұмыс орнын тазалап, құрал – жабдықтарды өз орнына қойып шығу.
Сабақты қорытындылау:

Күйдіру қандай топтарға бөлінеді?
Электр күйдіргіш қандай бөлшектерден тұрады?
Күйдіру кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?
Үйге тапсырма беру.
100 – 103 бет
Бағалау

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *