Павлодар облысы
Ақтоғай ауданы
МҚКК «Ақбота»балабақшасының тәрбиешісі
Осипова Жанна Маратовна
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту және дамыту
Бала санасын білім беру арқылы қалыптастыру-бұл шығармашылық даму түрі, бұған ішкі еркіндікке ие болу,өзіндік этикалық қағидалардың қалыптасуы,жекелеген сезімдік және құнды түсініктерді зерделеп қабылдауы ықпал етеді,осының бәрі жаңа иннавациялық «step by step» технологиясының нәтиежесінде мүмкін болып отыр.Жеткіншектердің бірегей қабілеттерін дамытуға бағытталған айрықша әдістерді пайдалану арқылы балаларды тәрбиелеу мен білім беру істерін қолдану, әрі дамыту және отбасын білім беру ісіне араластыру,балаларды құбылмалы әлемдегі өмірге бейімдеу,оның үнемі өз бетінше оқып үйренуге талпынысын қалыптастыру.Жекешелендіру-бұл баланың күнделікті дамуын есепке ала отырып,сабақтар мен тапсырмаларды әр бала жетістікке жете алатындай етіп жоспарлау. Балаларға арналған орта да жекешелендіруге жағыдай туғызады.Балаларда өздерінің мүмкіндіктері мен қызығушылықтарына сай жұмыс түрін таңдау арқылы жекешелендіруді жүзеге асырады.Таңдау « step by step» бағдарламасымен жұмыс жасайтын топтардағы ахуалдың өзі балаға өз бетімен таңдау жасауға мүмкіндік береді
Ата-ананың қатысуы « step by step» бағдарламасы бойынша ата-аналар берілген білімді үйде бекітіп,толықтыруға көмектеседі; тәрбиешілер балалардың үйдегі үйренгенін оқу бағдарламасын игеруге пайдаланады.Балабақша мен отбасының байланысы тәрбиешілер мен ата-аналардың өзара құрметі мен сеніміне құрылады.Стандарт тәрбиелеу мен оқытудың мазмұнына нормалар мен талаптардың жүйесін белгілейміз.Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты жалпы білім беру бағдарламаларын,оқу-дидактикалық құралдар,әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу барысында баланың әлеуетін жүзеге асырамыз.Баланың когнитивті қабілеттерін, қабылдау және жетістік уәждемелерін дамытуға,ал оның қағидалары балалармен жұмыс істеу-дегі қызметін шоғырландыру,теңестіру және дербестендіруге бағыттаймыз. Мектепке дейінгі кіші топ-үштен бес жасқа дейін.Базалық тәрбие мен оқыту баланың мынадай біліктіліктерін қалып-тастыруға бағытталған:
1.Денсаулық сақтаушы-денелік және эмоцияналдық көңіл-күйлік дамыту.
2.Коммуникативтік-тілдік-қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауда тілдерін дамыту.
3.Танымдық-зияттылықты дамыту.
4.Шығармашылық-танымшылдыққа уәждеу.
5.Әлеуметтік-өмірлік дағдыларды дамыту. Белсенділік орталықтардың топтың білімдендіру кеңістігінің моделін құрастырамыз.
Ынтымақтастық педагогикасының пайда болуына себеп болған балалардың білім деңгейінің төмендігі,баланың еркін және жан-жақты дамуыту.
Баланың психикасының саулығын сақтап,күштеп оқытуға,ынталандырып табысқа деген сенімін нығайтып,адамгершілік пен ынтымақтың бала өмірінде үлкен маңызы бар екенін ұғындыру.
Мария Мантессори-атақты италияндық педагог-гуманист 1871-1952,ол өмірінің соңына дейін баланы тәрбиелеу жолында түрлі әдістер таба білді. Дәрігер Марияның айтуы бойынша, баланың даму жолы оның ішкі сезімдерін қалыптастырудан басталады деген. Баланың моторика және сенсорикасын дамыту арқылы жазу,оқу және санау жүйесін үйрету басты екенін анықтады. Монтесори материалы баланың жеке дара қасиеттерін таныта білуге талпындырады.Дамыту материалдарын қолдану арқылы баланың қоршаған ортаға деген көзқарасы өзгереді.
Мария баланың жан дүниесіндегі өзгеше күш бар екенін сене отырып,оның өзіндік тұлғалық қасиеттерін дамыта алады.Педагог мұнда баланың жеке дара танымдық қасиеттерін көре отырып,қандайда бір шара қолдануға тырысты.Дидактикалық материал баланың моторикасы мен сенсорикасын дамыту үшін пайдаланады.Монтиссори материалы арқылы бала тәбиғатты түсінеді және оның ішінен өз орнын алуға тырысады.
Монтессори материалы бес жолмен іске асады;
1.Тәжірибелік жолмен іске асатын жаттығулар
2.Сезім мүшесін дамытатын материалдар
3.Математикалық материалдар
4.Сөздік қорын дамыту материалдар
5.Космос орталығы
Монтессори әдісінің қағидалары:
1.Бала өз әрекетін өзі дамытады
2.Айналамен қоршаған ортаны бала өзі меңгереді
3. Баланың білімі өзінің биологиялық дамуымен жеке дара ісімен іске асады.
Монтессори мектебінің ерекшелігі:
1.Бала өз әрекетіне баға береді
2.Өзінің қатесін өзі түзеуге бағыттанады
3.Бала өзі не істеу керек екенін,кіммен ойнау керек екенін және қанша уақыт ойнау керек екенін өзі таңдап алады.
4.Балалар бір-біріне көмектесіп үйренеді
5.Бұл орта балаларды тәртіпке шақырады
6.Жеке дара жұмыс кезінде және оларға көмек керек кезде тәрбиешілер
бағыт береді.
7.Ата-аналармен тәрбиешілердің арасында тығыз қарым-қатынас
туындайды.
Күтілетін нәтиеже:
Заттардың көлемін,түсін,өлшемін,дыбысынан ажырата алады.
Алдына қойған мәселені шешуге үйренеді.
Өз бетінше жұмыс жасауға машықтанады.
Дәстүрлі және дәстүрлі емес түрлерін қолданады.
Сенсорикалық танымдық қабілеттерін дамытады.
Сөздік қорлары, тілдері,ойлау қабілеттерін арттырады.
Айналадағы заттық орта туралы түсініктері қалыптасады.
Жаңа заман баласының қалыптастырып,дамыту үшін,тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анықтап,мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. Жаңа заман баласы-бүгінгі қазақ қоғамының ұлттық қазынасы.Баланың қабілетін қаншалықты ерте ашып,дамытса,оның нәтижесі де соншалықты жеміс болмақ.Осыған орай жаңа бағдарламалар білімдерді қабылдауға,оларды тиімді қолдануға қабілетті,ортаға мейлінше тез бейімделгіш тұлғасын қалыптастырудағы қоғамның,ата-аналар мен тәрбиешілердің талаптарын орындау мақсатын көздейді.
Білім беру салаларының мазмұны қоршаған әлемнің қыр-сырын,адамдардың жан дүниесін,қоғамдық,әлеуметтік және жеке қатынастар,табиғи және маусымдық құбылыстар,техника және ойыншықтар әлемі, әдебиет,өнер, сезім,көңіл-күйжәне т.б. қамтиды.
[bws_related_posts]