Павлодар облысы
Лебяжі ауданы
А.Баймұлдин атындағы ЖОББМ
Ибраева Гульзар Кабиденовна
Сабақтың тақырыбы: Сақтардың шаруашылығы мен тұрмысы.
Сабақтың мақсаттары: Сабақта сақтардың тұрмысы жайлы түсінік беру. Оқушылар сақтардың шаруашылығымен, қолөнер кәсібімен танысады. Сақтардың діни-нанымдары мен ғұрыптарын біледі.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Негізгі жабдықтар: оқулық, таза қағаз, фломастерлер, таратпа парақшалар, бағалау парағы, фотоаппарат, бейнекамера.
Оқу нәтижелері: Сақтардың тұрмысы туралы түсініктері қалыптасады. Сақ тайпасының шаруашылығын, қолөнер кәсібін біледі. Сақтардың діни-нанымдары мен ғұрыптарын таниды.
Сілтеме: Ежелгі Қазақстан тарихы оқулығы
Сабақ кезеңдері |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушылардың іс әрекеті |
уақыт |
Модульдер |
Ұйымдастыру кезеңі Бағалау парағын тарату. |
Жағымды психологиялық ахуал тудырады. Атом молекулаларының қозғалысы. Молекулаларды топтастыру арқылы сыныпты 4 топқа бөлу. |
Оқушылар мұғалім көрсеткен іс-әрекеттерді қайталайды. Оқушылар молекулалар топтасуы арқылы топтарға отырады. |
2 мин 2 мин |
СТО |
Білу кезеңі Үй тапсырмасын тексеру. |
Ыстық орындық әдісі арқылы тексеріледі. |
Ортаға оқушы шақырылып (Айнұр, Камила, Бекзат) сынып әрқайсысына 3 сұрақтан қояды. |
5 мин |
СТО, ОмОЖТ |
Түсіну Жаңа материалға ену |
Тақырыпты түйінді сөздер арқылы ашу Жетекші рольін атқаратын оқушыларды нақтылаймын. |
Әр топқа түйінді сөздер парағы таратылады, топтар сөздерді қолдана отырып, сабақты құрастырады. |
3 мин |
СТО, АКТ, ОБжК, ТжДБО |
Қолдану Жаңа материалды түсіндіру |
«Ойлан, жұптас, топтас» тапсырмасы. (оқулықпен жұмыс) тақырыпшаларды топтарға бөліп беру. 1 топ – Сақтардың тұрмысы. 2 топ – Сақтардың шаруашылығы. 3 топ – Қолөнер кәсібі. 4 топ – діни нанымдары мен ғұрыптары. Түсінгендері бойынша постер жасау. Стоп-кадр әдісі арқылы топ өкілін тандау. (аюдың жүрісі, қоянның секірісі, мысықтың мияулауы, күшіктің қыңсылауы) Саусақпен бағалау әдісін еске салу. |
Әдісті орындайды. Тақырыпты түсінеді. Постерлар жасайды. Топ өкілдері таңдалады. «Галерея» әдісі бойынша қорғайды. Топтар бірін-бірі саусақпен бағалайды. |
15 мин |
ОмОЖТ, ОБжК, СТО, ОүБОБ, ТжДБО,ОЖЕСО |
Талдау Топтарды қайта орналастыру. |
Мозайка әдісі арқылы оқушыларды топтастыру. Мозайкадағы суреттер тақырыбы бойынша оқушылар топпен тапсырма дайындайды. 1 топ – сақтардың тұрмысы тақырыпшасына тест құрастыру. 2 топ – сақтардың шаруашылығы тақырыпшасына кесте дайындау. 3 топ – қолөнер кәсібі тақырыпшасына сызба дайындау. Тапсырмаларды өзара алмасу арқылы орындап, тексеру. Тексеру нәтижесін сұрайды. Тапсырма берген топ жауап беретін топ өкілін таңдайды. |
Оқушылар мозайкада берілген суреттер бойынша топтарға орналасады. Мозайкада берілген суреттер тақырыбына байланысты оқулықты пайдалана отырып, тапсырмалар орындайды: 1 топ – сақтардың тұрмысы тақырыпшасына тест құрастырады 2 топ – сақтардың шаруашылығы тақырыпшасына кесте дайындайды. 3 топ – қолөнер кәсібі тақырыпшасына сызба дайындайды. Топтар тапсырмаларды өзара алмасу арқылы орындайды. Тексеру нәтижесін айтады. |
5 мин 2 мин |
СТО, ОБжК, ОүБОБ,ТжДБО, ОЖЕСО |
Жинақтау Крестиктер – нөлдіктер әдісі |
крестики-нөлдік әдісі арқылы сабақты қорытындылау Ереже: 1. 1-ші команда (нөлдіктер) кестеден сан таңдайды. 2. Мұғалім сол нөмірдегі сұрақты оқиды. 3. Жауап дұрыс болған жағдайда, 1-ші команда сол квадратқа крестик қояды. 4. Жауап дұрыс болмаған жағдайда, 2-ші команда (крестиктер) сұраққа жауап беруге және сол квадратқа крестик қоюға мүмкіндік алады. |
1. 1-ші команда (нөлдіктер) кестеден сан таңдайды. 2. Мұғалім сол нөмірдегі сұрақты оқиды. 3. Жауап дұрыс болған жағдайда, 1-ші команда сол квадратқа крестик қояды. 4. Жауап дұрыс болмаған жағдайда, 2-ші команда (крестиктер) сұраққа жауап беруге және сол квадратқа крестик қоюға мүмкіндік алады. |
5 мин |
СТО, ОмОЖТ |
Бағалау |
2 жұлдыз, 1 ұсыныс әдісі бойынша сабақты бағалау. |
Оқушылар стикерге бүгінгі сабақтағы 2 жағымды ұнаған жерін , 1 ұсыныс немесе тілек, не өзгертер жерін жазады. |
2 мин |
СТО, ОүБОБ |
Бағалау |
Топ басшыларынан бағалау парағының нәтижесін сұрайды. |
Топ басшысы бағалау парағы арқылы топ мүшелерінің бағаларын дәлелдейді. |
5 мин |
ОүБОБ,ОБжК |
Крестики – нольдіктер сұрақтары
-
Тарих атасы геродот сақтар туралы не деп жазған?
-
Сақтар төрт түліктің қай түрлерін өсірген?
-
Қызылорда облысы Шірік-Рабат деген малшылар қоныстарының маңынан не табылған?
-
Сақтар қандай дәнді дақылдар өсірген?
-
Сақтар мал және егін шаруашылығынан басқа, қандай қосымша кәсіппен айналысқан?
-
Сақтар әшекей бұйымдарын жасауда қандай тастарды қолданған?
-
Құрбандық табақтары деген не?
-
Сақтардың әлем және ғарыш туралы түсінігі?
- Сақтардың діни нанымдары мен ғұрыптарының негізгі бағыты
- [bws_related_posts]