Басы » Кембридж бағдарламасы » Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі

Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі

Құмашбаева Айгерім БіржанқызыАлматы облысы, Текелі қаласы, №5 орта мектеп
Қазақ тілі мен әдебеті пәнінің мұғалімі
Құмашбаева Айгерім Біржанқызы
Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі

9-апта 2-күн 3-сабақ

 

Сілтеме: Қазақ әдебиеті, 7-сынып Арман –ПВ, 2011ж
Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі
Жалпы мақсаттар: Ақынның өзіндік мұратын таныту, «Өзім туралы» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу; Оқушының сөйлеу мәдениетін, дүниетанымын кеңейту, өз бетімен жұмысқа, шығармашылыққа дағдыландыру; Қасым поэзиясы арқылы Отанды, туған жерді сүюге, қастерлеуге, қайсарлыққа, табандылыққа, қаһармандылыққа тәрбиелеу.
Негізгі идеялар: Ақын шығармашылығының қыры мен сырын ашу. Ақын шығармаларындағы болашақ жастарға айтып кеткен өсиетін насихаттау.
Сабақ барысы: Мұғалімнің іс-әрекеті:

Психологиялық ахуал орнату. (1 мин)

—         Балалар, үйден не оқып-үйреніп келдік?

—         Жазған шығармамызды «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша  бір-біріміздің дәптерлерімізді алмасып, бағалаймыз.

 

Оқушының іс-әрекет:«Ана жүрегі» тақырыбында жазып келген эссені «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша бағалау.(3 минут)
Тапсырма: Топтастыру стратегиясы.

І топ: Ақынның өмір жолы мен отбасы 

ІІ топ: Ақынның әндері

ІІІ топ: Ақынның шығармашылығы

(5 минут)

 

Оқушылар Қасым Аманжолов туралы жинап келген деректерін пайдалана отырып,   топтық жұмыс жасау арқылы ақынның өмірдегі, қоғамдағы орны мен қызметін топтастырып шығады. Оның отбасы, өмірі, шығармашылығы туралы   өздері білетін мәліметтерді жазады. (5 минут)
Сергіту сәті: Интербелсенді тақстадан Қасым Аманжолов туралы бейне ролик көрсетіледі. (3 минут)
Тапсырма: Мағынаны тану кезеңі.Өлеңді мәнерлеп оқу (не айтылғанын сұрау). Ассоциация әдісі бойынша өлең шумақтарындағы негізгі ойларды топтап жазып,мазмұнын ашу (5минут)

Өзі жайлы; Өмір мен өлім туралы;  Ақындық, оның мақсаты;  Болашаққа өсиет; Туған ел, туған жер туралы.

 

Тапсырма:  

І топ: Өлең құрылысына талдау.

ІІ топ:РАФТ әдісі бойынша шығармашылық жұмыс

ІІІ топ: Өлеңді көркемдік ерекшеліктеріне қарай талдау.         (3 мин)

 

 

І топ:Өлең құрылысына талдау
(25 шумақ, 100 тармақ, 11-12 буынды, а а б а түріндегі қара өлең ұйқасы)
Тақырыбы: өз өмірін өлеңмен өрнектейді; өмір мен өлім туралы, өлеңнің құдіреті, ақындықты дәріптейді; туған ел, жер қасиетін жырлайды; болашақ ұрпаққа өсиет қалдырады.

Авторы: Қасым Аманжолов
Шумағы: 25 шумақ
Тармағы: 100 тармақ
Буыны: 11-12 буынды
Ұйқасы: а а б а түріндегі қара өлең ұйқасы

ІІ топ:РАФТ әдісі бойынша шығармашылық жұмыс
Роль – Қасым
Аудитория – ХХІ ғасыр ұрпақтары
Форма — монолог
Тақырып – Сен не еткен бақытты едің келер ұрпақ?

ІІІ топ: Теңеу. Серінің семсеріндей сертке таққан; Өлеңнің бөбегіндей әлдилеген; Торқадай жамылып ап топырағын; Жалт беріп жоғалар ма нажағайдай; Мерт болған балапанның қанатындай; Өртке тиген дауылдай өлеңімді т.б. Эпитет. Балшық өлең, алтын сарай, қайран сапар т.б. Метафора. Екі көз-екі жұлдыз маңдайдағы; Гүрілдеп жалын атқан кеудем-көрік; Жүзім-жаз, көңілім-көктем кең  пейілді;т.б. (6минут)

Ой толғау: Шығармашылық тапсырма:«Өзім туралы» немесе «Өзге емес, өзіме айтам өз жайымда…» (5 мин) Оқушылар өздері туралы эссе немесе өлең жазады. (2 мин)
Сергіту сәті: «Дүниеге келер әлі талай Қасым атты» концертте орындалған «Өзім туралы» әнді тыңдату. (2 минут)

 

Бала Жамбылдың «Дүниеге  келер әлі  талай Қасым атты» концертте оқыған  Қасым Аманжоловқа арнаған өлеңін тыңдату. (2 мин)
Кері байланыс: «Соңғы сөзді мен айтайын» стратегиясы. Не білдім? Не білгім келеді? (1 мин) Топ мүшелеріне стикерлер таратылады, оқушылар өз ойларын жазып,  сабақтан не білді, не түсінді, не игергенін  білдіреді.
Бағалау: Аралық бағалау. Топ басшылары топ мүшелерін бағалалайды. (1 мин)
Дерек көздері: Қазақ әдебиеті оқулығы, Қ.Аманжолов шығармалар жинағы, ғаламтор материалдары.
Үйден оқып-үйренуге арналған тапсырма: «Өзім туралы» өлеңінен үзінді жаттау (Қазақ әдебиеті   бет) (1 мин)
Қосымша оқуға арналған тапсырма: Қасым Амажоловтың шығармаларын  оқу.

 

 
   

 

Сабақтың эпиграфы:

Дейсіңдер-ау, Қасымның несі басым,

ҚасымсолайболмасанесіҚасым?

Ақынмындепқопаңдапжүргендердің

ӘммесіненҚасымныңдесібасым

(Мұқағали Мақатаев)

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *