Сапаркулова Акшолан Аманбековна
Маңғыстау гуманитарлық колледжінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары (қорытынды сабақ)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сөз таптары туралы алған теориялық білімдерін өмірден көрген-түйгендерімен бірлікте ұштастыру. Жаттығулар мен тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың сөз таптары туралы алған білімдерін еске түсіру, кеңейту.
амытушылық: Аналитикалық, логикалық жаттығулар, танымдық, ізденімдік тапсырмалар, тапқырлық ойындар арқылы студенттердің ойлау қабілеттерін шыңдау, ептіліктерін ұштау, зейінін тұрақтандыру,еркін сөйлеуге баулу, талдауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: жеке тұлғаның сана сезімін, өмірлік ұстанымдары мен дүниетанымын кеңейту, логикалық ойлауын қалыптастыру, ой қорытындысын жасай білуге, ізденімпаздыққа дағдыландыру, адамгершілікке, туған өлкені сүюге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: білім дағдысын қалыптастыру.
Сабақ типі: білімдерін бекіту сабағы.
Әдіс-тәсілдері: ауызша, тәжірибелік, өздігінен іздену.
Сабақтың технологиясы: сыни тұрғыдан ойлау, деңгейлеп-саралап оқыту.
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, кесте, мәтін, тест парақшалары, ребустар.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
-
Сәлемдесу, түгендеу. Сабаққа даярлықтарын тексеру.
Бүгінгі сабақтың 4 бөлімнен тұратындығымен таныстыру.
1.«Білемін» бөлімінде: Сөз таптарына шолу сұрақтары болады.
Қайталау сұрақтары: (сиқырлы сандықшадағы қайталау сұрақтарына жауап беру)
Есім сөздер дегеніміз не?
-
Шылау дегеніміз не?
-
Етістіктің жасалу тәсілі .
-
Сын есімнің субстантивтенуі .
-
Есімдік және оның түрлері.
-
Етістіктің категориялары.
-
Үстеудің мағынасына қарай түрлері.
-
Еліктеу және одағай сөздері.
-
«Зерттей аламын» бөлімі
Деңгейлік тапсырма:
І деңгей (міндетті деңгей)
1. Сан есімдерден кейін тиісті пунктуациялық белгілерді қойыңдар.
1. 16 ға, 100 ден, 15 үй, 5 терде, 25 мектеп, 6 том, ХХ том, 11 ақпан, 27 шілде, XVI тарау, 10 нан бес, I жарты жылдық, 2 ақ сағат, 30 даған, 60 тарда.
ІІ деңгей (эвристикалық деңгей)
-
Берілген өлең жолдарын сөз таптарына талдау, қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдау.
Ат айғырлар, биелер
Шалғыннан жүні жылтылдап,
Арасында құлын – тай
Айнала шауып, бұлтылдап,
Жоғары – төмен үйрек – қаз
Ұшып тұрса сымпылдап.
ІІІ деңгей (іздену деңгей)
-
Берілген сөйлемдердегі сөздерді сөз таптарына талдау, кейбір сөздерді сөз құрамына талдау.
Отпан таудың шыңына Адай ата кесенесі тұрғызылды. Адай Ата- рулы елдің тегі, ұлттық рухымыздың қуат, қарашаңырақтың иесі мен киесі.
Заттанған сын есімді тауып, оның қалай түрленгенін, сөйлемнің қай мүшесі екенін айтыңдар.
-
Жақсының қадірін жаманды көргенде білерсің. Жасы — кәрісіне, әйел — еркегіне бірдей сөз тауып, бәрімен құрдасындай ойнап, құрбысындай әзілдейді. Жақсыдан шарапат, жаманнан кесепат.
ІV деңгей (шығармашылық деңгей)
Берілген мақалдардағы түсіріліп айтылған сөздерді пәнге немесе мамандыққа байланысты өзгерту, сөз табына талдау.
а) … оттан да ыстық
Оқу түбі — …
Өнерлінің қолы алтын,
… сөзі алтын.
… … …
Отан көркі — жерімен.
… … …
Білім таусылмайтын кен.
ә)Табиғаттың сұлу көрінісінен тақырыбын өздері тауып, өлең шумағын (білетін өлеңдері) құрастыру.(өлең шумақтарынан сөз таптарын табу, дәлелдеу)
ІІІ. «Білгім келеді» бөлімінде:
А)тест сұрақтарына жауап беру, Ә) мақал-мәтелдер жалғастыру ойыны.
А) Тест сұрақтары:
І нұсқа
1. Негізгі түбір етістікті табыңыз.
-
Ойлан
-
Сана
-
Шақыр
-
Тазала
-
Басқар
2. Шартты райда тұрған сөйлемді табыңыз.
А. Жақсы оқысаң, емтиханды жақсы тапсырасың.
В. Қазір кинотеатрларда жаңа фильмдер жүріп жатыр.
С. Егіншілер жерді трактормен жыртып жатыр.
Д. Балалар жазғы демалысқа шықты.
Е. Көктем келді, күн жылынды.
3. Көптік жалғаулы сөзді табыңыз.
А. Өзен
В. Көлдер
С. Биіктен
Д. Жағада
Е. Тау
4. Екінші жақта тұрған етістікті табыңыз.
А. Істеді
В. Ұйықтаңыз
С. Көрсетті
Д. Отырмын
Е. Барамыз
5. Жұрнағы бар сөзді табыңыз.
А. Салтанатты
В. Қара
С. Қысқа
Д. Домалақ
Е. Жақсы
6. Есім сөзден жұрнақ арқылы жасалып тұрған туынды сөзді көрсетіңіз.
А. Денелі
В. Төзім
С. Шолақтау
Д. Үлкен
Е. Шашпа
7. Жіктік жалғауының сөйлемдегі қызметін табыңыз.
А. Анықтауыш
В. Толықтауыш
С. Баяндауыш
Д. Бастауыш
Е. Пысықтауыш
8. Еш сөзінің қай сөзбен бірге жазылатынын көрсетіңіз.
А. Еш дыбыс
В. Еш бала
С. Еш кім
Д. Еш адам
Е. Еш уақытта
9. Шылау сөздердің қызметі.
А. Толық мағынасы болады.
В. Жаңа сөз жасайды.
С. Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады.
Д. Сөйлем мүшесі қызметін атқарады.
Е. Негізгі қызмет атқарады.
10. Күрделі етістікті табыңыз.
А. Әуре-сарсаңға түсті
В. Әңгімелескенмін
С. Жоғалмайды
Д. Ауылмен қоштасу
Е. Болдырды.
ІІ нұсқа
1. Қалау райды белгілеңіз.
А. Ол көреді.
В. Мен сұрайын.
С. Барғым келеді.
Д. Отырмын
Е. Сұрадым
2. Болжалды келер шақтағы сөзді табыңыз.
А. Суар
В. Барар
С. Келіп тұр
Д. Тұр
Е. Келу
3. Қазақ тілінде қанша сөз табы бар екендігін табыңыз.
А. 8
В. 10
С. 9
Д. 7
Е. 6
4. Етістіктің сұрағын табыңыз.
А. Қалай?
В. Қайтті?
С. Қанша?
Д. Қайда?
Е. Қалайша?
5. Есімшелерді табыңыз.
А. Кетті, әкелді
В. Кетер, жүрген
С. Кетті, әкелу
Д. Келу, бару
Е. Келдім
6. Нақ осы шақ неше түрге бөлінетіндігін көрсетіңіз.
А. 1
В. 2
С. 3
Д. 4
Е. 5
7. Сілтеу есімдігін табыңыз.
А. ешкім
В.әлдекім
С. Біз
Д. Олар
Е. Мынау
8. Сабақты етістікті табыңыз.
А. көтерілді
В. жинаған еді
С. жуылыпты
Д. басталады
Е. отырма
9. Жіктік жалғауының сөйлемдегі қызметін табыңыз.
А. Анықтауыш
В. Толықтауыш
С. Баяндауыш
Д. Бастауыш
Е. Пысықтауыш
10. Сын есімнен жасалған етістігі бар сөйлемді табыңыз.
А. Ол сабақтан кешікті.
В. Ол алмадан алыңқырады.
С. Оның шашы ағарыпты.
Д. Торғайдың дауысы шырылдады.
Е. Ол қатты ойбайлады.
Ә) Мақал — мәтелдер жалғастыру ойынын ойнайық.
Мақал-мәтелдер оқылады. Оқылған мақал-мәтелдердің бір сөзі түсіріліп айтылады, түсіп қалған сөзді тауып, орыс және ағылшын тілдеріне аударыңдар, қай сөз табынан болып тұрғанын анықтаңдар.
Батыр майданда шынығады
Сараң адам малын қорғайды.
Ақымақ кісі күшіне сенеді.
Алыс пен жақынды жортқан білер.
Қорқақ мың рет өледі
Кеш шықсаң алдыңнан түн шығады.
Жаман шайқап сөйлер.
Оқу — білім бұлағы,
Білім — өмір шырағы.
Отан от басынан басталады.
Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз өмір жоқ.
IV. «Білдім» бөлімінде:
I. Сөз тіркестерін жазып, сөз құрамына талдау жасаңдар.
I нұсқа |
II нұсқа |
“Ойлан” |
“Ізден” |
1. Зат есім+зат есім |
1. Зат есім+етістік |
2. Сын есім+зат есім |
2. Сын есім + етістік |
3. Сан есім+зат есім |
3. Сан есім + етістік |
2. Жаттығулар
№ |
Мысалдар |
Сөз табы |
Сөз тіркесі |
Тұрақты тіркестер |
Күрделі сөздер |
1 |
Қара торы |
||||
2 |
Кетіп қалды |
||||
3 |
Үйде қалды |
||||
4 |
Сары ала қой |
||||
5 |
Жұмған аузын ашпау |
||||
6 |
Жиырма бес |
||||
7 |
Жүрек жұтқан |
||||
8 |
Тарихи тұлға |
||||
9 |
Жығылып қала жаздады |
№ |
Мысалдар |
Сөз табы |
Сөз тіркесі |
Тұрақты тіркестер |
Күрделі сөздер |
1 |
Он сегіз |
||||
2 |
Жетпіс жыл |
||||
3 |
Асығып-үсігіп келді |
||||
4 |
Сіркесі су көтермейді |
||||
5 |
Мөлдір су |
||||
6 |
АДАЙ АТА кесенесі |
||||
7 |
Келе жатыр |
||||
8 |
оралды |
||||
9 |
Төбе шашы тік тұру |
3. Ребусты шешіңіздер.
(қызыл)ша (мы)ң (шал)ғы
Шаң ғы
Шаңғы сөзіне төрт жолды өлең құрастыру.
Қол (та) ға п
Қолғап
Қолғап сөзіне жұмбақ құрастыру.
Ой қозғау:
Шарты: Шатасып берілген Қашаған Күржіманұлының «Бұл дүниеде не жетім?» атты толғауындағы өлең жолдарын өз орнына қойып дұрыс нұсқасын оқыңдар.
— Кім қажетсіз болса сол жетім.
Қаптап елі қонбаса,
Бұл дүниеде не жетім?
Хакімі әділ болмаса,
Жайылған малы болмаса,
Қайғысы келіп күңіренген
Бұқара байтақ ел жетім.
Жастар елеп келмесе,
Көк орай шыққан балқашы,
Адам менен мал түгіл,
Жеусіз тұрып сорласа,
Қаңғырған қарсақ татпаса,
Ел қонбаған жер жетім.
Ащы дария көл жетім.
Ішсең суы құрсағыңа жақпаса,
Жетпістен жасы асқанда,
Келіп сәлем бермесе,
Сексенге аяқ басқанда,
Қартайған күнде ер жетім.
Күнінде асыл десең де.
Дұрыс нұсқасы
-Бұл дүниеде не жетім?
— Кім қажетсіз болса сол жетім
Хакімі әділ болмаса,
Бұқара байтақ ел жетім.
Қаптап елі қонбаса ,
Жайылған малы болмаса,
Көк орай шыққан балқашы,
Жеусіз тұрып сорласа,
Ел қонбаған жер жетім.
Ішсең суы құрсағыңа жақпаса,
Адам менен мал түгіл,
Қаңғырған қарсақ татпаса,
Ащы дария көл жетім.
Жетпістен жасы асқанда,
Сексенге аяқ басқанда,
Жастар елеп келмесе,
Келіп сәлем бермесе,
Қайғысы келіп күңіренген
Күнінде асыл десең де.
Қартайған күнде ер жетім.
Сабақты қорыту: Мәтінмен жұмыс. Асты сызылған сөз таптарының қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын табу.
ОТПАН ТАУ — Маңғыстау өлкесінің ескі Қаратау бойындағы ең биік шоқыларының бірі. Халық аузында Отпан тау туралы әңгіме желісі өте ескіден бастау алады және әртүрлі бағытты баяндайды. АДАЙ АТА – қазақ халқының қалыптасуында көрнекті рөл атқарған тарихи тұлға. Шежіре бойынша сегіз арыс адай елі осы Адай атадан тарайды Ол кенже немересі Мұңалдың қолында бақилық болған екен, сондықтан адайлардың Мұңалды қарашаңырақ иесі, киелі босаға, құт-береке дарыған мұңал ошақ деп ерекше атайтыны да осыдан.
— Сөз таптарына байланысты не үйрендік?
-
Бүгінгі сабақтан не алдыңдар?
-
Сабақта қандай технологиялар қолдандық?
-
Қандай технологияларды білесіңдер?
Студенттерді бағалау. ( қосымшадағы бағалау парағы арқылы)
Үйге тапсырма:
1-тапсырма.
Еліміздің экономикасы жөніндегі ақпараттарды жинақтап, өз шеберліктеріңмен эссе жазыңдар.
2-тапсырма.
«Туған жерге қасиетімен табындырған Отпан тау» деген тақырыпта деректер жинап, реферат жазып, қорғауға дайындаңдар.
[bws_related_posts]