Айгүл Қоспанқызы Рысқұлова
Көкшетау қаласының мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімінің
«Тілдерді оқыту орталығы»КММ-нің
І- санатты оқытушы
«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» онкүндігіне арналған
«Алтын асық» интеллектуалдық ойынның сценарийі
Мақсаты: Қазақтың ұлттық ойындарын тыңдаушылардың арасында насихаттау. «Алтын асық» ойыны арқылы ұлттық салт – дәстүрді дәріптеу. Ұлттық валютаның 20 жылдық мерейтойы қарсаңында теңгенің шығу тарихымен таныстыру.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, ойын алаңы.
1. Тәуелсіздік таңы видеофильмі көрсетіледі.
2. Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар, ойынға қатысушы тыңдаушылар!
Батыр бабаларымыздың қаһармандық күшімен, қыран қабақ сұсымен, ақ найзаның ұшымен қорғаған кең жазира өлкемізге жан бітіп, жұлдызы жарқырағанына, халқымыздың көңіліндей дархан даламыздың дүр сілкінгеніне, кешегі желтоқсан жаңғырығынан теңселген тауларымыз тыным алып, ашық аспанымызға Азаттық әні әуелеп, тұғырымызда тәуелсіздік туы желбірегеніне міне, жиырма екі жыл! Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Біздің туымыз — Тәуелсіздік. Біздің мақсатымыз — бейбітшілік және береке. Бұл әлемде бізде бір ғана Отан бар. Ол-Қазақстан», — деп айтқан жалынды сөздері қазақстандықтардың жүрегіне Отанға деген ұлы махаббат нұрын ұялатары анық. Бүгінде Елбасымыздың көрегендігінің арқасында халқымыз дәуір сынынан сүрінбей өтіп, егеменді ел болып жаңарды. Қатарластарынан оза шауып, «еуразиялық барысқа» айналудың алғашқы нышандарын танытты. Ел экономикасы шытынап, шатқаяқтап тұрған кезеңде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қолынан іс келетін, ел тағдырына сергек қарайтын, ойы-озық, сөзі-сара, кең ойлап, кемел ұсыныстар айтып, батыл шешімдер қабылдай алатын азаматтарды төңірегіне топтастыра білді.Тәу етер тәуелсіздігімізді көш бастаушы, халық тағдырын сеніп тапсырған тарихтағы тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың есімімен байланыстыруға толық хақымыз бар. Ел — Елбасыға тірек. Елбасы — еліне қалқан. Салиқалы саясат ұстанып, қай істе де елге иек артты, ақсақалдың ақылына, жастың жалынына сүйенді, сертіне берік болды, антын ардақты етті. «Соқтықпалы, соқпақсыз» сергелдең шақтарда қазақ деген қасиетті елін дін аман жарқын болашаққа бастады. Тәуелсіздігіміз шарықтай берсін, еліміздің көк байрағы биіктей берсін! – деп бүгінгі «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» онкүндігі аясындағы іс-шараны ашық деп жариялаймыз.
Алғашқы сөз кезегін орталық директоры Гүлдана Әлмұханқызы Есмурзинаға береміз.
3. Жүргізуші: О,туған жер, қасиетті туған жерім,
Қазақ халқы, қазақ елі дана едің.
Елін сүйген, жерін сүйген ақындары,
Талай мәрте өлеңменен жырлап едің – дей келе келесі кезекте Көкшетау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының қызметкері Гүлен Ризақызы Кожахметованың орындауында «Қазақ елі» атты өлеңін қабыл алыңыздар.
4. Жүргізуші: Қазақстан Республикасының Тәуелсіз республика екендігінің тағы бір дәлелі Ұлттық валютамыз, яғни теңгеміздің пайда болуыт болып табылады. Ұлттық теңгеміздің пайда болу тарихын білу ол әр қазақстандық азаматқа тән.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Біз ұлттық ақшамызды бір-ақ рет және бір атаумен шығаруымыз керек. Екінші қайтара оның аты өзгермейді. Сондықтан оны әбден зерттеп барып, бір шешімге келуіміз қажет»,- деді.
Теңгенің де өз шығу тарихы бар. Ұлттық теңгені жасауға екі жыл уақыт қажет болды. Қазақстан өз төл ақшасын шығару үшін 1990 жыл теңгенің алғашқы үлгісін жасайтын арнайы жұмысшы тобын құрды. Тәуелсіз елдің ұлттық валютасын жасап шығарған Тимур Сүлейменов, Меңдібай Әлин, Ағымсалы Дүзелханов, Хайролла Ғабжәлеловтер еді. Олар жұмыстарын Қазақстан мәдениетінің тарихи даму аспектілерін зерттеуден бастаған.
1993ж. 12 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев”Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы” Жарлық шығарды.
Ұлттық валютаны «теңге», ал оның жүзден бір бөлігін «тиын» деп атауды сол кездегі ҚР Жоғары кеңесі комитетінің төрағасы Сауық Тәкежанов ұсынған еді.
ҚР Конституциясының 78-бабына және ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 29 қазандағы қаулысына сәйкес.
- ҚР-ның аумағында 1993 жылғы 15 қарашада сағат 08:00-ден бастап ҚР-ның ұлттық валютасы – теңге айналысқа енгізілсін.
- 1993 жылғы 18 қарашада сағат 08:00-ден бастап теңге ҚР-ғы бірден-бір заңды төлем құралына айналды. Теңге 100 мыңнан тұрады. ҚР-да қолдағы ақша банкноттар мен монеталар түрінде айналыста болады.
- Осы Жарлық қол қойылған сәтінен бастап күшіне енді.
5. Сіздердің назарларыңызға Ақмола облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкері Баян Нұрланқызы Жапарованың орындауында
«Жаса Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар.
6. Жүргізуші: Бүгінгі «Алтын асық» интеллектуалдық ойынның мақсаты салт-дәстүрімізді жаңғыртып, ұмытылып бара жатқан ұлттық ойынымызды келер ұрпаққа мұра ретінде қалдыру үшін еске салу. Олай болса, бүгін сіздерге қазақтың ұлттық ойындарының бірі «Алтын асық» ойынымен таныстырайық.
Асық – төрт түлік мал мен қоңыр аңдар тілерсегінде болатын, қызметі аса күрделі, буынға біткен шымыр сүйек. Асық – қазақ балаларының ежелден келе жатқан ұлттық ойындарының бірі. Ауылдан шыққан қай-қайсымыздың да бала күнімізде құмартып асық ойнамағанымыз кемде-кем. Өкінішке қарай, бұл күнде асық ойнайтын бала азайып, қалалы жердегі балалар мұндай ұлттық ойын бар екенін де ұмытып барады. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. Асық ойыны баланың күн ұзақ қимылына тигізер әсері мол. Ойын барысында : жүгіру, секіру, иілу, жүру, көздеп тигізу, лақтыру, ату жатады. Мұндай қасиеті болмаса, адамда төзімділік, шыдамдылық та болмайды. Асық қазақ халқының ырымдарында қадірлі сүйектің бірі. Қазақ баласының ермегі, ойыншығы, сүйікті ойыны болған.
«Ақылы асса – аға қой,
Жасы кіші демеңіз.
Қолыңа жақса – сақа қой,
Қой асығы демеңіз», — деген қазақта сөз бар.
Олай болса «Алтын асық» ойынымызды бастайық.
Байқауымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік:
Есмурзина Гүлдана Әлмұханқызы – Көкшетау қаласының мемлекеттік тілді оқыту орталығының директоры;
Бекетаева Мақпал Рахметоллақызы – әдістемелік бөлімінің меңгерушісі;
Қажиахметова Гүлия Рашатовна – әдіскер.
Ендеше, байқауға қатысушыларды ортаға шақырайық.
(қатысушылар әуенмен ортаға аты-жөні аталғаннан кейін бір-бірлеп шыға бастайды)
1) Ибраев Бауыржан Кайырханұлы
2) Кожахметова Гүлден Ризақызы
3) Кажкенов Жасұлан Шоқанұлы
4) Кумышева Гүлнар Темірғалиқызы
5) Татиева Марфуға Қалиасқарқызы
6) Омаров Санат Жұмабайұлы
7. Жүргізуші: Ойынның шартымен таныстырып өтейік.
- Тыңдаушылар асықты кезекпен шиіру керек.
- Асық қай жерге түссе, сол жердегі сұраққа қатысушы жауап беруі тиіс.
- Жауап бере алмаған жағдайда, ұпайы есептелмей, ойын кезегі келесі ойыншыға тиеді.
- Сұраққа толық жауап берген қатысушыға ұпай беріледі.
І-айналым
1.Ұлттық валютаның авторларын атаңыз?
2.Ұлттық валюта қашан айналымға шықты?
3. «Ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлық қашан шықты?
4.ҚР Тәуелсіздігіне неше жыл?
5.Қазақстан жалауының авторлары кім?
6.Қазақ халқының салт- дәстүрлерін атаңыз?
7.ҚР «Ата Заңы» қашан қабылданды?
8.Тәуелсіздік Монументі қашан ашылды?
9.ҚР әнұранының авторларын атаңыз?
10.ҚР мемлекеттік рәміздері қашан қабылданды?
11. «Тіл туралы заң» қашан қабылданды?
12.Қазақтың ұлттық ойындарын атаңыз?
ІІ-айналым
1.Жұмбақты шешіңіз?
Қар сияқты аппақ,
Өзі сондай тәтті-ақ.
2.Мақалды орыс тіліне аударыңыз.
Не ексең соны орасың.
3.Мақалды толықтырыңыз.
…..- оттан да ыстық.
- «Ә» әріпінен басталатын сөздер жазыңыз.
- Мақалды жалғастырыңыз.
Ас атасы -…….
6.Өз өнеріңізді көрсетіңіз.
7.Жұмбақты шешіңіз.
Аяғы жоқ жүреді,
Ауызы жоқ сөйлейді.
8.Мақалды толықтырып, қойған сөзді үш тілде айтыңыз?
Ашу дұшпан, ақыл — ……
9.Мақалды дұрыстаңыз.
«қалтаңда болса талтаңдасаң ақшаң талтаңда»
10.Мақалды дұрыстаңыз.
«адамның ар – ақшасы намысы аз таза болады»
8. Ойын ойналып болғаннан кейін.
Жүргізуші: Ал, енді әділқазылар алқасы шешім қабылдағанша Ақмола облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкері Баян Нұрланқызы Жапарованың орындауында «Қорқыт» әнін тамашалаңыздар.
9. Жүргізуші: Құрметті қауым! Ортаға байқау қорытындысын жариялауға әділқазыларды шақырамыз.
Марапаттау сәті.
1 орын –
2 орын –
3 орын –
Жүргізуші:
Құрметті өнер сүйер қауым! Осымен бүгінгі «Алтын асық» атты интеллектуалдық ойынымыз да өз мәресіне жетті.
Бүгінгі тартысты өткен байқауымыздың жеңімпаздары да белгілі болды. Барлық қатысушыларға алғыс айта отырып, талаптарыңызға нұр жаусын демекпіз.
Келесі кездескенше, сау саламат болыңыздар!
[bws_related_posts]