Ақтөбе облысы
Қобда ауданы
Қобда ауылы
Қобда гимназиясының
информатика пәнінің мұғалімі
Мадетхан Лаззат
Формуланы енгізу және көшіру.
Білімділік: Оқушыларға ұяшыққа формуланы енгізу және көшіруді үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту пәнге
деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелілік: Уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа,
компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа оқу материалын игерту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Әдіс-тәсілдер: Практикум элементтері бар түсіндірмелі-көрнекілікті.
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: ДК, Microsoft Office EXCEL бағдарламасы, деңгейлік тапсырмалар, флипчарт. Activоte
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды сабаққа дайындау
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырып.
ІV. Практикалық жұмыс.
V. Сабақты бекіту
VI.. Үйге тапсырма
ҮІІ. Бағалау.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Көңіл-күйлеріңіз қалай?
Бүгін біз Microsoft Office EXCEL кестелік процессорында қарапайым есептеулер жүргізу, формула құруды үйренумен танысамыз.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
а/ ой қозғау ә/ миға шабуыл
б/ сүйек лақтыру
ІІІ. Жаңа сабақ.
Excel-де кез келген формуланы жазу үшін “=” белгісінен басталып жазылады. Электронды кестеде қосу (СУММ) функциясы жиі қолданылады, сондықтан Стандартты аспаптар тақтасында белгісінін басса жеткілікті. Мысалы, =В3+С3+D3 ұзын формуланың орнына Е3 ұяшығына =СУММ (В3:D3) формуласын енгізуге болады.
Салыстырмалы және абсолютті сілтемелер. Формулада қолданылатын салыстырмалы сілтемелер формулаларды ұяшықтан ұяшыққа көшіргенде бірден өзгереді. Мысалы, А3 ұяшығындағы =А1+А2 формуласын В3 ұяшығына көшіру барысында формула =В1+В2-ге өзгереді.
Абсолют сілтеме ұяшық мекенжайын белгілеу үшін қолданылады.
Формуланы көшіргенде абсолют сілтемелер өзгермейді. Абсолют сілтемелерді көрсету үшін $ белгісі пайдаланылады, мысалы, $A$1, $C$3. Кейде формуланы ауыстырғанда немесе көшіргенде тек жол нөмірі мен қатардың атын сақтау қажет. Бұндай жағдайда аралас сілтемелер қызмет етеді. Мысалы, $А1 (көшіру кезінде қатар аты А өзгермейді) немесе С$3 (көшіру кезінде жол нөмірі 3 өзгермейді).
IV. Практикалық жұмыс:
«Тапсырмалар» құжатын ашу.
1- тапсырма. Автоқосынды көмегімен бос ұяшықтарға тігінен, көлденеңнен қосындыларын есептеу керек. Көшіру командасын пайдалану.
38 |
23 |
42 |
|
36 |
32 |
13 |
|
41 |
26 |
45 |
|
12 |
98 |
24 |
|
2- тапсырмаСандардың арифметикалық ортасын табу.
3 |
8 |
15 |
27 |
12 |
8 |
10 |
16 |
14 |
|
3-тапсырма Формула көмегімен сандарды дәрежеле |
|||||||||
х |
2 |
4 |
8 |
10 |
12 |
14 |
|||
х³ |
|
|
|
|
|
|
|||
4-тапсырма V=S/t формуласы бойынша жылдамдықты есепте. |
|||||||||
S |
120 |
590 |
78 |
1268 |
3659 |
||||
t |
2 |
6 |
0,7 |
28 |
65 |
||||
V |
|
|
|
|
|
V. Сабақты бекіту
Тест ACTIVOTE тестілеуші пульті арқылы немесе MS Excel бағдарламасында жасалған автотест әдісі арқылы.
-
Excel-де кез келген формуланы енгізу қандай белгіден басталады.
А. + В. – С. «» Д. = Е. *
2. Автоқосынды белгісінің батырмасы.
А. В. С. Д. Е. fx
3. Функция шебері белгісінің батырмасы.
А. В. С. Д. Е. fx
4. Excel электрондық кестелерінде 5-ші жолдың 1-ші және 2-ші баған
арасындағы ұяшықтардың ең үлкен мәнін есептейтін формула:
А. = МАКС(А1;В5) В. = МАКС(А1:А1) С. = МАКС(А5:В5)
Д. = MAKC(A5:A1) Е. МАКС(А5;А5)
5. EXCEL. А1 ұяшығында 9 саны, ал В1 ұяшығында 2 саны жазылған
болсын. Егер С1 ұяшығында = А1+В1 формуласы жазылған болса, оның
мәні нешеге тең болады?
А. 4,5. В. 18. С. 14. Д. 11. Е. 81.
6. Функция шеберінен арифметикалық ортаны табу үшін қандай функцияны
таңдаймыз.
А. СУММ В. СРЗНАЧ С. ЕСЛИ Д. МАКС Е. КОРЕНЬ
7. Ұяшықтағы формуланы көшіру үшін қай батырманы қолданамыз.
А. В. С. Д. Е. fx
8. Көшірілген формуланы қою үшін қай батырманы қолданамыз.
А. В. С. Д. Е. fx
9.Ұяшықтағы формуланы қиып алу үшін қай батырманы қолданамыз.
А. В. С. Д. Е. fx
10. =СУММ(В3:D3) формуласы нені білдіреді.
А. В3,D3 ұяшықтарының арифметикалық ортасын
В. В3,D3 ұяшықтарының қосындысын
С. В3,D3 ұяшықтарының максимум нүктесін табу.
Д. В3,D3 ұяшықтарының түбірін табу
Е. В3,D3 ұяшықтарының квадратын табу
VI. Үйге тапсырма § 8.3, 8.3-тапсырма
VII. Бағалау.
Сабаққа оқушылар өз пікірін перомен инт.тақтаға атын жазып жалпы ұпай санын (төменгі, жоғары) батырмаларды басу арқылы анықтаймын.