Джампиесова Айман Сламияқызы
бастауыш сынып мұғалімі
«НұрОрда» қазақ-түрік лицей кешені
Cынып: |
1 |
|
Пән: |
Сауат ашу (анатілі) |
|
Тақырып: |
Бәсіре. Бас әріппен жазылатын сөздер |
|
Мақсаты: |
Оқушылардың үй хайуанаттары мен жануарлардың аттарының бас әріппен жазылатынын түсінуіне мүмкіндік туғызу,бәсіре туралы түсінік қалыптастыру мәтінді түсініп оқуға, мәтін бойынша сұраққа толық жауап бере білуге төселдіру; сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту; үй жануарларына деген сүйіспеншілігін ояту. |
|
Көрнекілік: |
Суреттер, дидактикалықматериалдар, слайдтар, флипчарттар |
|
Әдіс-тәсіл: |
Түсіндіру, көрнекілік, әңгімелесу, жазу-сызу |
|
1-кезең: Ұйымдастыру, дайындық, сабаққа жұмылдыру, жағымды көңіл-күй туғызу, ынталандыру Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Партада дұрыс отыру, денені дұрыс тік ұстау дағдыларын жетілдіру. Психологиялық дайындық. Жеті күннің әр кезі Кілең бестік болсын! |
||
2-кезең Өткен материалмен жұмыс:
|
||
3-кезең: Жаңа ұғымдар, жаңа білім беру
-Балалар, бізге сонау ертегі әлемінен Алдаркөседен хат келіпті. Барлығын Алдаркөсенің кім екенін білесіңдер ғой! Қане, хатты ашып оқиық, мұкият болыңдар. «Сәлеметсіңдер ме, 1-сынып оқушылары. Сабақтарыңды жақсы оқып жүрсіңдер ме? Мен үлкен қиыншылыққа жолықтым. Бар үмітім сендерде. Көмектесулеріңді өтінемін, сендерді ең жақсы сынып деп epтегілер әлемінде мақтап жүр ғой. Жағдайымды баяндайын: Күндердің күніңде мен Шығайбай дегеп баймен бәсекелескен едім. Ол маған бір параққа жазылған хаттан түйенің, тазы иттің атын тауып, жіберген қатені тауып, түзетсем, сол түйе мен итті маған сыйлайтындығы жайында айтқан еді. Сол бір қатені таба алмай басым қатты, балалар, маған көмектесіңдерші!» Балалар, өзіміздің сүйікті Алдаркөсемізге көмектесейік. Тапсырма: (тақтаға флипчартта шығады). Мендей Шығайбай деген ірі байдың ботабайдай түйесі мен адал жолбарыс деген тазысы бар екені баршаға белгілі. Балалар, барлығымыз Шығайбайдың қулығын табайық. Түйе мен иттің аты қандай? Сөйлемде бас әріппен басталып жазылатын сөздердітауып көр? Тақтадағы сөйлемнің қатесі шығарылып, түзетіледі. Оқушылардың назарын бас әріппен жазылған сөздерге аударады. Шығайбайдың қатесін түзетеміз. Алдаркөсеге байдан түйе мен итті алып беруге көмектестік жарайсыңдар! Дәптерлерін ашып, күн тәртібін жаздыру. Көркем жазу: Бб Ат – құлыннан, батыр – баладан. |
||
4-кезең:Берілген білімді бекіту: берілген білімді оқушының қай дәрежеде қабылдауын пайымдау Операционалдык-орындаушылық кезең. Оқулықпен жұмыс а)Оқушылардың мәтінді тізбектей түсініп оқуы. б)Мәтін мазмұнына байланысты сұрақтарды оқушыларға қойдыру: — Қонаққа келген кімдер? — Бекжан Аңсарға нені көрсетті? — Аңсар Бекжанға не жайында айтты? — Олар қайда барды? — Бәсіре дегенді қалай түсінесің? в) Сөздікпен жұмыс. Бәсіре – нағашы жұрттың мінісі. Меймандар – алыстан келген туған-туыстар. Кәдесі — рәсім Желі – құнандарды байлау үшін екі қазыққа кере тартылған арқан. Бас әріптен басталып жазылған сөздерді тауып, жазылу себебін түсіндіру. Анықтаманы хормен оқу. Сергіту сәті: бейне роликтен |
||
5-кезең: Алған білімді өз беттерімен ары қарай бекіту,тереңдету, шығармашылық ізденістерін дамыту. 227-жаттығуды оқушылардың өздіктерінен орындату, бақылау. Суреттегі жануарлар жайында ертегі кұрастыру үшін төмендегідей сұрақтар беруге болады: Балалар, бізде құлын, күшік және лақтың суреттері берілген. Әрқайсысына ат қойыңдар. Үшеуі қайда тұруы мүмкін? Олар қандай жағдайға кездесуі мүмкін? Ертегің қалай аяқталғандығын қалайсын? т.б. Үй тапсырмасын беру: 226-жаттығу, мәтінді түсініп оқу. |
||
6-кезең: Рефлексиялық-бағалау кезеңі: Терме диктант. Бас әріппен жазылатын сөздерді теріпжаз: 1. Қарындас, Қайрат, шопан, Нұрсұлтан, Ақтөс, Тайбурыл, үй, туысқан, аға, Қаныш, қой, Ақтабан. Терме диктанты оқушылардың өздеріне тексерту: «5» деген бағаны 6 сөздітолық, катесіз жазған оқушыға; «4» деген бағаны 4-5 сөздерді дұрыс қатесіз жазған оқушыға; «3» деген бағаны З-сөздідұрыс жазған оқушыға қояды. Бағалау: Сабақта оқушылардың тапсырманы қалай орындап шығуларына байланысты мадақтау. |
[bws_related_posts]