Джолжигитова Лаззат Амантаевна
Маңғыстау облысы Бейнеу селосы
Ж.Қалдығараев атындағы орта мектебінің
физика және информатика пәні мұғалімі
Қысқа мерзімді жоспар
10-сынып.
Сабақтың тақырыбы | Электр өрісі, электр өрісінің кернеулігі, Кулон заңы тақырыптарынаесептер шығару. | ||
Сабақтың мақсаты | Оқушылардың топтық жұмыс түрінде түрлі деңгейдегі есептер шешуде есептеу, формула қорыту икемділігі мен дағдыларын қалыптастыру, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. | ||
Күтілетін нәтиже | — Электр өрісі, кернеулік, Кулон заңы тақырыптары бойынша білімдері бекиді;
— Есеп шығару және біріне-бірі үйрету дағдылары қалыптасады. |
||
Қолданылатын модульдер | Сыни ойлауды дамыту, оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, көшбасшылық, оқу және оқыту үшін бағалау, АКТ | ||
Қолданылатын әдіс-тәсілдер | «Мозайка» әдісі, «1 сөйлем» стратег., көрсетілім, критериалды бағалау, «Шығу картасы», деңгейлік есептер, тренинг «Сағат бой.достар», «Маршруттық карта» қорғау | ||
Ресурстар
(Әдебиеттер, сілтемелер, құрал-жабдықтар) |
— Физика. Әдіст.нұсқаулық. 2006; Оқулық, Физика
— http://www.youtube.com/watch?v=Ucpn6_tcV6E — бағалау парағы, сағат суреттері бар стикерлер, флипчарт |
||
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс – әрекеті
|
|||
Уақыты
|
Сабақтың кезеңдері |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
10 мин |
І. Кіріспе.
Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал орнату.
|
— Оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, амандасу.
— «Сағат бойынша достар» тренинг |
Сәлемдеседі жылы қабақты сезеді.
Тренингке қатысады.
|
12 мин |
Үй тапсырмасын сұрау.
Топқа бөлу. |
Үйге берілген тапсырма бойынша «электр өрісі» тақырыбына «менталды карта» құру.
«Мозайка» әдісімен топқа бөліну
|
Өткен тақырыптар бойынша әр топ менталды картасын құрып, оны қорғайды, үй жұмысының есептерін топта өзара тексереді, қатесін жөндейді. |
2 мин |
ІІ. Тұсау кесер
Қызығушылықты ояту.
|
Бейнеролик. «Топтық жұмыстың күші» | Оқушылардың ойланады, өз пікірлерін ортаға салады. |
15 мин |
ІІІ. Негізгі бөлім. | — Деңгейлік есептер шығару.А, Б, С тобындағы есептер
— Маршруттық карта бойынша есептер |
Топтарға берілген есептерді шығарады. Әр топтан 1 оқушыға маршруттық карта арқылы есеп шығарады. |
2 мин |
IV. Қорытынды.
Рефлексия. |
«Шығу картасы» | Оқушылар сабақ процесінде өзінің қалай жұмыс істегені туралы ойын түйеді, таратылған парақшаларға жазады. |
3 мин |
V. Бағалау.
|
Бағалау парағындағы критерийлер бойынша жиынтық бағалау жасайды. | Топ басшылары бағалау парағындағы критерийлер бойынша топ мүшелеріне ұпайын қояды, жұмысына баға береді. |
1 мин |
VІ. Үйге тапсырма.
|
3.61; 3.62 | Формулаларды қайталайды, есептерді шығарады. |
Қосымша:
1) Деңгейлік тапсырма.
Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі, Кулон заңы тақырыптары бойынша
А тобы (2 ұпай)
- Өрістің қандай да бір нүктесінде 2 нКл зарядқа 0,4 мкН күш әсер етеді. Өрістің осы нүктесіндегі кернеулікті табыңдар.
- Электр өрісінің кернеулігі 2 кВ/м-ге тең нүктесінде орналасқан 12 нКл зарядқа қандай күш әсер етеді?
Б тобы (3 ұпай)
- 2*10-8 Кл зарядтан 2*10-2 м қашықтықтағы өрістің кернеулігі қандай?
- Кернеулігі 3,7*106 Н/Кл өрісте 8,6 мкКл зарядтың осы өрістен қашықтығы қандай?
С тобы (4 ұпай)
- Нүктелік заряд электр өрісін туғызады. Осы зарядтан 12 см қашықтықтағы өрістің кернеулігі 345 кН/Кл болса, ол зарядтан 3 см қашықтықтағы өріс кернеулігі қандай?
- Кернеулігі 4*105 В/м болатын біртекті электр өрісіндегі электронның үдеуін және оған әрекет ететін күшті табыңдар.
Рефлексия. «Шығу картасы»
- Маған оңай болды __________________________________________________________
Мен өзімді _________________________________________________ мақтай аламын.
- Мен топтағы кластастарымды ____________________________________________________________мақтай аламын.
- Меніңойымша ___________________________________________орындайалмадым,
- себебі ___________________________________________________________.
- Келесіде________________________________________________________ ескеремін.
- [bws_related_posts]