Басы » Кембридж бағдарламасы » Зат есімнің септелуі

Зат есімнің септелуі

zamireҚарағанды облысы Нұра ауданы

Қарой орта мектебі коммуналдық

 мемлекеттік мекемесінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Пшембаева Замира Уменовна

Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Тақырыбы: Зат есімнің септелуі.

Мақсаты:   Зат  есімнің септелу  негізін ашу.

Міндеттері:

—  зат есімнің грамматикалық  мағынасының негізін ашу;

— сыни тұрғыдан ойлау арқылы зат есімнің септелуін білу;

— коммуникативтік қарым –қатынас арқылы  топта жұмыс жасауға бейімделу.

Қолданылған модульдері: диалогтік оқыту, сын тұрғысынан оқыту, ОүБ және ОБ, АКТ қолдану, талантты және дарынды балаларды оқыту, жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу, оқытудағы басқару және көшбасшылық.

Стратегиялар:«Көңіл-күй неге ұқсайды?», «Шахмат», «Ыстық орындық», «Брейн-ринг», «Миға шабуыл»,«Ойлан, ізден, тап»,«Сен маған, мен саған», «Септеу эстафетасы», «Жеті қалпақ»,Рефлексия  «1 сурет, 5 сөз», Жапондық бағалау.

Сабақ жоспары

 

Сабақ кезеңдері

Уақыты

 

Жоспар мазмұны

 

Мұғалімнің іс-әрекеті

 

Оқушының іс-әрекеті

 

Бағалау

Ресурстар:

Кіріспе

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тұсаукесер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдасты-ру кезеңі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызығушы-

лықты ояту сатысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мағынаны ажырату сатысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ой толғаныс сатысы

 

 

 

Рефлексия

 

 

 

   Бағалау

 

Үйге тапсырма беру.

 

Амандасу, түгендеу.

«Көңіл-күй неге ұқсайды?» ойыны.

Мақсаты: ынтымақтастық ахуал тудыру.

Шарты: оқушылар шеңбер құрып тұрады. Ол бір-біріне кезек-кезек өз көңіл-күйлерінің қай жыл мезгіліне, я болмаса табиғи құбылысқа ұқсайтынын айтады. Мысалы, менің бүгінгі көңіл-күйім көктемгі жайма шуақ нұрын төккен күн сияқты, ал сенікі ше?

 

«Шахмат»

Мақсаты:  топқа бөлу.

Топтық жұмыс барысындағы «Алтын ережені» еске түсіремін

 

Оқушыларға үйде оқыған тақырып бойынша сұрақтар дайындап әкелу тапсырылғандықтан, оларға «Ыстық орындық» стратегиясын қолданамын.

«Ыстық орындық» стратегиясының шарты: топтар бір-біріне сұрақтар қояды, қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек.

Мақсаты: оқушылардың алған білімдерін жинақтау, қорытындылау, бекіту, оларды жылдамдыққа, ептілікке, алғырлыққа үйрету.

 

Брейн-ринг әдісі бойынша сабағымызды математикамен байланыстырамыз. Көбейту

кестесі бойынша есепті шығарыңдар сонда біздің сабағымызға арқау болған сөз шығады

 

  2 3 4 5 6 7 8 9
2 З       Ң      
3   А           С
4     Т   І   Е  
5     Е         І
6   С   Н П     У
7 І     М   Т    

8

Е

Л

9

 

4- З, 9-А, 16-Т, 20-Е, 18-С, 14-І, 35-М, 30-Н, 24-І, 12-Ң, 27-С, 32-Е, 36-П, 49-Т, 64-Е, 72-Л, 54-У, 45-І.

Бүгінгі өтетін тақырыбымыз :  Зат есімнің септелуі.

Олай болса, мына суретке назар аударайық.

Бұл шертіп ойналатын көне ұлттық аспап — Жетіген.

Жетіген жеті ішекті, жеті тиекті, бұрауы жоқ. Сондықтан оның құлақ күйі жеті асықты ілгері – кейінді орналастыру арқылы келтіріледі. Дыбыс ішектерді саусақтармен іліп – қағу арқылы шығады. Шанағы тұтас ағаштан ойылып жасалады. Ішектері аттың қылынан тағылады. Осы аспап арқылы өнерпаздар өз мұңын халыққа жеткізген. Қазір мен сендерге осы аспаптың шығуы туралы бір ертегі айтпақпын.

Оқушыларға ертегіні оқып беремін.

Сол ертегі бойынша келесі стратегияны орындатамын.

 

«Миға шабуыл» стратегиясы

Мақсаты:сұрақтарға жауап беру арқылы, жаңа сабаққа қызығушылықты ояту.

 

— Атау қайтыс болғанда кім үнсіз егілді? – Септік шал

— Ілік қайтыс болғанда шал не деді? – ненің зияны, кімнің көзі тиді екен деді.

— Барыс қайтыс болғанда шал не деді? – кімге айтып жылайын, неге ғана өлді екен? – деді.

— Табыс өлгенде не деді? – нені айтып, кімді ғана қарғайын деді.

— Жатыс ұлы өлгенде не деді? – кімде кетті обалың, неде жатып көз жұмдың? – деді.

— Шығыс қайтыс болғанда не деді? – неден қайтыс болдың, кімнен сені сұрайын? – деді.

— Көмектес ұлы қайтыс болғанда шал не деді? – кіммен өмір сүрмекпін, енді немен шұғылданамын? — деді.

 

 

 

Стратегияны орындап болған соң, 1 оқушы жетіген сөзін септеп шығады.

 

 

 

 

 

«Ойлан, ізден, тап».

Мақсаты: ой қорыту.

—          Балалар , « Жеті» дегенде сендерге  қандай ой келеді?

(7 ата, 7 ұрпақ, 7 жоқ, 7 жетекші, 7 белгі, әлемнің 7 кереметі, Қазақстанның 7 кереметі, 7 күн, 7 қазына, 7 жарғы).

 

 

 

 

 

 

«Сен маған, мен саған»

Мақсаты: бір-біріне түсіндіру.
Зат  есімнің септелуі екі түрге бөлінеді. Жай септеу, тәуелді септеу. Енді екі топтың ішінен бір-бір оқушыдан шығарып, тақтаға септету.

 

 

 

«Септеу эстафетасы» ойыны.

Мақсаты: шапшаңдыққа төселу.

Шарты: Тақтаға екі қатардан екі оқушы шығып, берілген зат есімді септейді. Қайсысы бұрын аяқтаса, қатесіз орындаса, жеңімпаз болады. Септіктердің орны ауысып кетпеу және жалғаулары дұрыс жалғануы керек.

Отан, баласы, әжесі, ата.                                  

 

Сергіту сәті   «Қаңқа биі»

 

Бүгінгі өткен тақырыпты қорытындылату.

«Жеті қалпақ»

Мақсаты:тақырыпты ашу.

 

Бүгінгі сабақтан алған білімдерін «1 сурет, 5 сөз» арқылы қорытындылау.

 

Жапондық бағалау

 

78-жаттығу. Септік жалғауларын қатыстырып, шағын мәтін құрастыру.

 

Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Бір-біріне көңіл-күйлерін  табиғат мезгіліне байланыстыра айтады.

 

 

 

 

 

 

 

Сынып оқушылары  5 адамнан 2 топқа бөлінеді. Әр топ жетекшісі сайланады.

Оқушылар іштерінен ережені оқып шығады

 

 

 

 

Оқушылар үйде әзірлеп әкелген сұрақтарын топтарға  қояды. Сұрақ «Ыстық орындық» болғандықтан, онда көп отыруға болмайды. Ойыншы жауап бере алмаса, топ ішінен бір бала жауап береді немесе топ болып жауап беруі қажет.

—          Зат есім қалай түрленеді?

—          Зат есімнің неше түрі бар?

—          Деректі, дерексіз зат есім дегеніміз не?

 

 

 

Проектрдан сандардың көбейтіндісін дұрыс тауып, орнына әріптерді қояды,  өтетін тақырыптың атын табады.

2*2=4    З          4*5=20  Е    3*9=27 С

3*3=9А         3*6=18  С        4*8=32 Е

4*4=16  Т          2*7=14  І     6*6=36П

5*7=35  М                            7*7=49 Т

5*6=30  Н       8*8=64 Е

6*4= 24   І      8*9=72 Л

2*6=12   Ң       6*9=54 У

9*5=45 І

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Назарын суретке аударады. Қазақ халқының аспабы жетіген туралы білімдерін толықтырады. Керекті деректерді дәптерлеріне жазып отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар жеке ойланады, жұбымен талқылайды, топта түйін жасайды.

 

 

—               Атау қайтыс болғанда кім үнсіз егілді? – Септік шал.

—               Ілік қайтыс болғанда шал не деді? –

ненің зияны, кімнің көзі тиді екен деді.

—                Барыс қайтыс болғанда шал не деді?

— кімге айтып жылайын, неге ғана өлді екен? – деді.

— Табыс өлгенде не деді? – нені айтып, кімді ғана қарғайын деді.

Жатыс ұлы өлгенде не деді? — кімде кетті обалың, неде жатып көз жұмдың? – деді.

—               Шығыс қайтыс болғанда не деді? –  неден қайтыс болдың, кімнен сені сұрайын? – деді.

— Көмектес ұлы қайтыс болғанда шаш не деді? –  кіммен өмір сүрмекпін, енді немен шұғылданамын? — деді.

 

 

 

Не ? — Жетіген

Ненің ?  — жетігеннің

Неге ? — жетігенге

Нені ? — жетігенді

Неде ? — жетігенде

Неден ? — жетігеннен

Немен ? – жетігенмен

 

Оқушылар жеке ойланады, жұбымен талқылайды, қазақтың киелі 7 саны туралы білетіндерін ортаға салады.  Флипчартқа жазып, қорғайды.

Жеті ата                   Жеті ұрпақ

1.Бала                      1. Әке

2.Әке                                    2. Бала

3.Ата                                    3. немере

4.Арғы ата                           4. Шөбере

5.Тек ата                              5. Шөпшек

6.Түп ата                              6. Немене

7.Баба                                  7. Туажат

 

Тақтаға екі топтың ішінен  бір оқушыдан шығып, тақтаға септейді. Қалғандары өз бағаларын беріп отырады.

Жай  септеу ——— Тәуелді септеу
1. қалам ————- қаламым
2. қаламның ——- қаламымның
3. қаламға ———- қаламыма
4. қаламды ———— қаламымды
5. қаламда ————қаламымда
6. қаламнан ———-қаламымнан
7. қаламмен ———-қаламыммен

Шапшаңдыққа тапсырманы орындайды.

Отан, баласы, әжесі, ата.

Отанның, баласының, әжесінің, атаның.

Отанға, баласына, әжесіне, атаға.

Отанды, баласын, әжесін, атаны.

Отанда, баласында, әжесінде, атада.

Отаннан, баласынан, әжесінен, атадан.

Отанмен, баласымен, әжесімен, атамен.

 

 

 

Қозғалысқа түсіп, бойларын сергітеді.

 

 

Әрқайсысы бір қалпақтан алады. Қалпақ түстеріне қарай ойларын жинақтап, әр септіктің мағынасы, ерекшелігі, сұрағын айтады. Бір-бірімен пікір алмасады.

 

Оқушылар ақ параққа сурет салып, бес сөз жазып өздерінің ой-пікірлерін білдіреді.

 

 

Бір-біріне баға береді.

 

Септік жалғауларын пайдалана отырып, шағын мәтін құрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жарайсыңдар, жақсы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ауызша кері байланыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тамаша

 

 

Бәрекелді

 

 

 

 

 

 

 

 

Өте керемет!

 

 

 

 

 

 

Жақсы, керемет!

 

 

 

 

 

 

 

 

Өте жақсы!

 

 

 

 

Бәрекелді!

 

 

 

Керемет!

 

 

 

Тамаша!

 

 

 

 

 

 

 

 

«Сыни тұрғыдан ойлау» арқылы түсіну дәрежесін бағалау.

 

Кері байланыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ынтымақтастық оқу» ресурсы

 

 

 

 

 

 

шахмат

 

 

 

 

 

Орындық

 

 

 

 

 

 

 

Проектр, ноутбук

 

 

 

 

 

 

 

Аспап суреттері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Флипчарт, маркер, түрлі түсті стикерлер

 

 

 

 

 

 

 

Тақтада жұмыс

 

 

 

 

Флипчарт, маркер, стикер

 

 

 

 

Тақта, бор

 

 

 

 

Тақта, бор

 

 

 

 

Әуен

 

Қалпақтар

 

Ақ парақ, маркер

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *