Маңғыстау облысы
Жетібай кенті
«№ 4 Орта мектебі»
мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
Алагозова Камар Тыныштыковна
Сабақтың тақырыбы: Сөз таптарын қайталау
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушылардың өткен сабақта алған ұғымдарын кеңейту.
Зат есім, етістік туралы білімдерін бекіту.
2.Сөйлемді жүйелі құруға ,өздігінен қорытынды шығаруға,
ойлау жүйесін ,есте сақтау қабілетін дамыту.
3. Сауатты , көркем жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс -тәсілі: сұрақ — жауап ,талдау ,жинақтау.
Сабақтың көрнекілігі: слайд ,ребустар,үлестірмелі карталар.
Сабақтың жүрісі:
1.Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылар назарын сабаққа аудару
2.Сабаққа қажетті құралдарын түгендеу
3.Психологиялық дайындық жүргізу
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен
Бізге келсін, қуаныш нұр іздеген.
Шуақ толған жанымыз ,жүрегіміз
Үлгі алсын көрген жұрт мына бізден
2. Үй жұмысын тексеру
369-жаттығу
Берілген тірек сөздерді пайдаланып мәтін құра
3.Жаңа сабақ
Балалар ,қазір әр топқа ребус беріледі . Сол ребустың шешуі сендердің тобыңыздың атауы болмақ .Берілген
өлең жолдарындағы көп нүктенің орнына шашылған әріптерді дұрыс қойсаңыз ,топтың ұраны шығады.
1- Топ Тұлпар
….. тұлпар желдей ескен арыңды,(асау)
….. менен…… сал барыңды .(оқу , еңбекке)
2-Топ Сұңқар
…. алып бүгін алтын ұяда(білім)
….. әлі шарықтаймыз …..(ертең ,қияда)
3-топ Қыран
Қыран қалықтап …..(самғайды)
Қыранның қанаты …..(талмайды)
4-топ Барыс
Біз барыспыз ,батылмыз.
Жеңіске біз …..(ж а қ ы н б ы з)
-Өте жақсы, балалар. Ал енді топ болған соң, жүзден жүйрік ,мыңнан тұлпар болу керек. Олай болса ,сайыс сабағымызды бастайық .
Жұлдызды сәт ,сын сабақ
Жұмбақты шешіп, ойнап күл
Білімдіден мол талап ,
Күтіледі оны біл .
Ал ойыннан қалмайық,
Жұлдызсыз мүлде қалмайық.
Жұмбақтар шешу
Әр топқа жұмбақтар
Жұмбақтың шешуін қазақ ,орыс, ағылшын тілінде табады .(Қызыл кітапқа енген құстар туралы жұмбақтар)
1.Бір буынды ,тасымалданбайтын ,жалпы есім. Дауыссыз дыбыспен басталады, дауыссыз дыбыспен аяқталады . Сүт-молоко -milk
2.Шона Смаханұлының қандай мысалымен таныстық?
Мысал не туралы ? Балық- рыба-fish
3.Бар балаға тәлім берген,
Кім жомарт ? Ұстаз –учительница-tisher
4.Көк шалғынды орады,
Көк орайға қонады.
Қанаттарын қағады,
Көлде рахат табады. Аққу-лебедь-swan
Оқулықпен жұмыс
370-жаттығу (Етістіктерді тап)
«Сен білесің бе?» ауызша
Құстар еш уақытта өз ұяларында ұйықтамайды .Ұяларында олар тек жұмыртқа басарда ғана отырады.
(Қосымша мағлұмат беру )
Тапсырма
Үзеңгі , сұңғақ, тұсады ,үш .сауыншы ,түбіт ,шарлау, ұсақ, Әсем, суат, өрмек, себеледі, өжет, тамақ, елу ,
екі ,кездесу, зәулім ,кермек, елжіреу, жүз он бес.
Зат есім етістік сан есім сын есімдерді тиісті сұрақтардың жанына жаз
Кім?Не?
Не істеді?
Қандай?
Қанша?
371-жаттығу ( Сұрақтардың орнына керекті сөзді қойып сөйлемдерді көшіріп жазу)
Гүлнұр үйді жинады . Әжем жүнді ұршықпен иірді. Жанат гүлге су құйды.
372-жаттығу ( Ребусты шеш . Шешуіндегі сөздерді қатыстырып сөйлем құра)
Шешуі : тіршілік көзі
Әр топ тіршілік көзі туралы өз ойларын постерге түсіреді .Ойларын дәлелдейді.
Сергіту сәтін өткізу
-Балалар жақында қай ақынның мерейтойын тойладық?
-Мұқағали Мақатаев
-Мұқағали Мақатаевтың қандай өлеңдерін жатқа білеміз?
-«Бесік басында», «Біздің көктем»,«Ана туралы», «Арулар».
-Ару деп кімді айтамыз?
-Ару деп әдемі сұлу қызды айтамыз .Бесіктегі сүйкімді сәби ,тұлымшағы желбіреген әдемі қыз ,сұлу бойжеткен ,аяулы ана, асыл әже.Санаулы күндерден кейін аналар мен әжелердің мерекесі болады.Әжелерің
туралы не айта аласыңдар?
374-жаттығуда әже туралы сурет бойынша әңгіме құрау керек
Әр топ сурет бойынша әңгіме құраңдар
4. Қорытынды бөлім
Тапсырма:
Әр топ өз тобының атына сөйлем құрайды
1. Сөйлем бес сөзден тұру керек.
2.Сөйлемде жалқы есім болсын.
3. 1-2 топтар хабарлы сөйлемге құрайды.
4.3-топ сұраулы сөйлемге құрайды.
5.4-топ лепті сөйлемге құрайды.
— Олай болса, тұлпардай жүйрік ,қыран құстай қырағы, сұңқардай епті ,барыстай батыл болуымыз үшін қандай оқушы болу керек деп ойлайсыңдар?
— Білімді ,еңбекқор ,әдепті , туған елін ,туған жерін сүйетін үлкен жүректі азамат болуымыз керек.
1-топ білім туралы мақалдар
2-топ еңбек туралы мақалдар
3-топ әдептілік туралы мақалдар
4-топ Отан туралы мақалдар
Оқушыларды жұлдызшалар арқылы бағалау.
Дәптерге сауатты әрі көркем жазған оқушыға екі жұлдыздан беріп марапаттаймын.
Үйге тапсырма: 373-жаттығу
[bws_related_posts]