Басы » Математика » «Квадрат теңдеулер» тарауын қорытындылау

«Квадрат теңдеулер» тарауын қорытындылау

gulnur

Қызылорда облысы

Шиелі ауд. Еңбекші ауылы

№159 «Еңбекші» қазақ орта мектебі

Мұғалім аты-жөні: Егембердиева Гүлнұр информатика-математика пән мұғалімі

Сабақтың тақырыбы:  «Квадрат теңдеулер» тарауын қорытындылау

 

«Квадрат теңдеулер» тарауын қорытындылау

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың квадрат теңдеулерді және оған келтірілетін теңдеулерді шешу дағдыларын жетілдіру;

Дамытушылық:оқушылардың ойын жеткізе білуін және ой өрісін дамыту.
Тәрбиелілік: оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі:
интерактивті тақта, сзбалар, карточкалар
Сабақтың түрі:
Сайыс сабақ

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.

І бөлім «Ұшқыр ой» (сұрақ-жауап)

ІІ бөлім «Есіңе түсір»

ІІІ бөлім «Мың бір мақал»

ІV бөлім «Тапқырлар»

V бөлім «Кім жылдам?» (фомулалар құрастыру)

Сыныпты 2 топқа бөлемін. «Х» және «Y» топтары. «Х» тобының басшысы: Сәтбай Мұқағали, «Y» тобының басшысы: Мұса Нұртөре.

І бөлім: «Ұшқыр ой» (сұрақ-жауап)

«Х» тобының сұрақтары:

  1. Қандай теңдеулерді квадрат теңдеу деп атаймыз?

Ж: ах2+bх+с=0 түрінде берілген теңдеуді квадрат теңдеу деп атаймыз.

  1. Квадрат теңдеудің түбірлері неге байланысты ?

Ж: Дискриминантқа

3. Егер D>0 болса, онда квадрат теңдеудің неше түбірі болады?

Ж: 2 түбірі

4. Келтірілген квадрат теңдеу дегеніміз не?

Ж: Егер толық квадрат теңдеудегі 1-ші коэффиценті 1-ге тең болса (а=1), онда ол келтірілген квадрат теңдеу деп аталынады.

5. Толымсыз квадрат теңдеу формуласын жаз.

Ж: 1 жағдай: ах2+bx=0, c=0;

2 жағдай: ax2+c=0, b=0;

3 жағдай: ax2=0, b=0, c=0;

6. Кез келген сөзде, өсімдікте болады, ал ол теңдеуде болама?

Ж: Ия, түбір

7. Рационал теңдеулер дегеніміз не?

Ж:  түрінде берілген теңдеулерді рационал теңдеу деп атаймыз.

«Y» тобының сұрақтары:

  1. Екінші дәрежелі теңдеу атауы?

Ж: Квадрат теңдеу деп атаймыз.

  1. Теңдеу шешу дегеніміз не?

Ж: Түбірін, шешімін табу

3. Егер D<0 болса, онда квадрат теңдеудің неше түбірі болады?

Ж: Түбірі болмайды

4. Квадрат теңдеулердегі a, b, c – сандары қалай аталады?

Ж: a, b – коэффиценті , с – бос мүшесі деп аталынады.

5. Квадрат теңдеудің түбірлер саны дискриминантқа байланысты, сол үш жағдайды жаз

Ж: 1 жағдай: D>0, x1/2=;

2 жағдай: D=0, x1/2=;

3 жағдай: D<0, түбірі болмайды

6. Күн жылына неше рет шығады?

Ж: 365 рет

7. Биквадрат теңдеу дегеніміз не?

Ж: ах4+bх2+с=0 түрінде берілген теңдеулерді биквадрат  теңдеу деп атаймыз.

ІІ бөлім. «Есіңе түсір». Квадрат теңдеудің түбірлеріне байланысты семантикалық картаны толтыру.

«Х» тобы

Теңдеулер Толымды Толымсыз Келтірілген Келтірілген

емес

а b c
1 4x2+8x-4=0

+

+

4 8 -4
2 x2+8x+3=0

+

+

1 8 3
3 16x2-9x=0

+

+

16 9 0
4 x2-16=0

+

+

1 0 -16
5 -x2-x-=0

+

+

1 -1
6 -x2-x=0

+

+

-1 -1 0

«Y» тобы

Теңдеулер Толымды Толымсыз Келтірілген Келтірілген

емес

а b c
1 x2+5=0

+

+

5 0
2 -5x2+10x-4=0

+

+

-5 10 -4
3 x2-8x=0

+

+

1 -8 0
4 -x2+6x+16=0

+

+

-1 6 16
5 2x2+1,7x+0,3=0

+

+

2 1,7 0,3
6 4,5x2=0

+

+

4,5 0 0

III «Мың бір мақал»

«Х» тобы

  1. Білімді мыңды жығады,…

Ж: Білікті бірді жығады

x1=1 x2=1000, x2-1001x+1000=0

  1. Отыз тістен шыққан сөз,…

Ж: Отыз рулы елге тарайды

x1=30 x2=30, x2-60x+900=0

  1. Бір елі ауызға,…

Ж: Екі елі қақпақ

x1=2 x2=1, x2-3x+2=0

  1. Жеті рет өлшеп,…

Ж: бір рет кес

x1=1 x2=7, x2-8x+7=0

«Y» тобы

  1. Бір кісі қазған құдықтан,…

Ж: мың кісі су ішеді

x1=1000 x2=1,  x2-1001x+1000=0

  1. Ұлға отыз үйден,…

Ж: қызға қырық үйден тыю

x1=40 x2=30, x2-70x+1200=0

  1. Қырық қысаң,…

Ж: елу елес

x1=50 x2=40, x2-90x+2000=0

  1. Жігіт сегіз қырлы,…

Ж: бір сырлы

x1=1 x2=8, x2-9x+8=0

ІV бөлім «Тапқырлар»

Кестедегі жасырынған есімдер квадрат теңдеудің түбірлеріне байланысты атақты ғалымдарды табу.

«Х» тобы

Теңдеулер Жауабы:
1 2x2-8x-10=0 -1;5
2 -x2+6x+16=0 -2;8
3 x2-8x=0 0;8
4 5x2-18x+16=0 2;1,6
5 x2-10x+24=0 4;6
6 7x2-8x+7=0 -1;
7 х2-8х+7=0 1;7

 

4 1 6 2 3 5 7
Ф Р А Н С У А
Р А Ф С Н У А
-1;5 -1; 2;1,6 0;8 -2;8 4;6 1;7

 

 

«Y» тобы

Теңдеулер Жауабы:
1 x2-7x+10=0 2;5
2 7x2-21x=0 0;3
3 -3,5;5
4 x2-x-2=0 2;-1
5 4x2-9=0 ;
6 2x2+8x+8=0 -2
7 х2-9х+8=0 1;8

 

4 2 1 6 3 5 7
Х О Р Е З М И
Р О З Х Е М И
-1;5 -1; 2;1,6 0;8 -2;8 4;6 1;7

 

 

V бөлім «Кім жылдам?» (фомулалар құрастыру). 2 топқа бөлініп қалған формулалар беріледі соны тез құрастыру керек.

1. ах2+bх+с=0

2. x1/2=;

3.

4. x1/2=;

5. (a+b)2 = a2+2ab+b2

6. x1+x2=

7. x1*x2=

              8. a2-b2=(a-b)(a+b)

VI. Үйге тапсырма

Тарауды қайталау, квадрат теңдеудің түрлеріне есептер құрастырып келу.

VIІ. Сабақты қорытындылау.

VIІІ.Бағалау. Сабақ  соңында тортарды бағалау парағы арқылыбағаланып, жеңімпаз тобы анықталады. Белсене қатысып отырған оқушылар бағаланады.

Бағалау парағы:

Топтың аты «Ұшқыр ой»2 ұпай «Есіңе      түсір»1 ұпай «Мың бір мақал»3 ұпай «Тапқырлар»5 ұпай «Кім жылдам?»4 ұпай
«Х» тобы 
«Y» тобы 

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *