Басы » Баяндамалар » Сыныпта диалогты дамыту (Шеберлік сыныбы)

Сыныпта диалогты дамыту (Шеберлік сыныбы)

 moldirrБакеева Мөлдір Туғанбайқызы
Мамлют қазақ мектеп — интернаты
Сыныпта диалогты дамыту
 (Шеберлік сыныбы)
Мақсаты:
диалогті дамытудың оқу процесі барысында негізгі рөл атқаратындығына көз жеткізу.
                    Шеберлік сыныбының   жүргізілуі:
Құрметті әріптестер! Сіздерді алда келе жатқан жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын!
Мен сіздермен кездесіп, бірлесе жұмыс жасайтыныма қуаныштымын.

1.     «Табиғат мінезі» жаттығуы .
Қане, барлығымыз тізбектеле тұрайық. Көзімізді жұмып, өзімізді табиғат аясында тұрғандай сезінейік. Күн тамаша ашық, күн сәулесі шуақ шашып тұр, айнала тамаша көрініске толы. Енді, көзімізді ашып, өзімізді еркін сезінейік. Алғашқыда бәрі жақсы болып тұрды да кенет, аяқ астынан жеңіл жел соқты.
Алдыңызда тұрған адамның арқасынан жаймен ғана қолмен жеңіл желдің самалындай етіп сипаймыз.
Жел күшейді – енді алдыңыздағы адамның арқасын қатты уқалай бастаймыз.
Кенет, боран басталды — енді боран күшіндей екі қолмен айналдыра күштірек уқалаймыз.
Содан кейін, аяқ астынан жай ғана жаңбыр сіркірей бастады – енді қолымызбен жаңбырдың тамшысындай жаймен ұрамыз.
Бір кезде қатты жауын жауды – біз қатты жауын сияқты арқамызды саусақтың ұшымен жоғары төмен сипалаймыз.
Аяқ астынан бұршақ жауды – арқамызды саусақ басымен бұршақ жауғандай қаттырақ ұрамыз.
Бір кезде бәрі басылды, күн жарқырап ашылып, адамға бір күшті шуақ берді. Енді алдымыздағы адамдармен алмасамыз. Осы жаттығуды сізге алдыңызда тұрған адам орындайды.
 
 
2. Ресми дерек.
Выготскийдің оқыту моделі оқушы диалог  құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер етеді  деп санаса , Мерсер мен Литлтон (2007)   диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар білім деңгейінің өсуіне үлес қосады деп атап өткен.
4.Теориялық блок
Диалог арқылы мұғалім:
Оқушыларды сындарлы сөйлеуге ынталандарады;
Білімге қызығушылығын дамытады және зерттеуге ынталандырады;
Сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді;
Өзара ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады;
Оқушылардың бір – бірін құрметтеуіне, бағалауына ықпал етеді;
Сабақ барысындағы қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтайды.
 
5. Топтық жұмыс
Мақсаты:  диалог туғызу арқылы өз ойларын қорытып, жинақтау, кері байланыс туғызу.
6. Топқа бөлу :
— Әртүрлі түсті , әртүрлі пішіндегі фигуралар үлгісін қатысушыларға таратып беру;
— Топтарға фигураға қарап емес, түсіне қарап бөлу.
    «Топ ережесі»
1. Қатысушылар арасында  ынтымақтастық атмосферасының қалыптасуы;
2.Бір – біріне деген сыйластық қатынас болуы;
3. Өз ойларын ашық, анық жеткізе білу;
4.Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін;
5. Бір – бірінің ойын мұқият тыңдап, қорытынды шығара білу.
7. Мәтінмен жұмыс.
«Сөз құдіреті» мәтіні, 4 – сынып «Әдебиеттік оқу хрестоматиясы»
а) Мәтінді  оқимын;
ә) Әр топқа мәтін үлгісін  таратып беремін.
8.Топтарға ситуациялық тапсырмалар
«Әдеби үйірме» стратегиясы.
«Кубизм» стратегиясы арқылы тапсырманы анықтап беру.
1-топ. Сілтеме табушылар. (Мәтіндегі негізгі ойды анықтап тұрған, оқиғаның ең қызықты жерін тауып оқиды.)
2-топ. Кейіпкерлерді сипаттаушы. (Әр кейіпкерді танып, сипаттайды.)
3-топ. Ізденушілер. (Мәтінге қатысты қосымша ақпарат ұсынады.)
4-топ. Дәнекер топ. (Мәтіндегі оқиғаны қазіргі өмірмен байланыстыру.)
5-топ. Сөз тапқыштар тобы. (Мәтінге сәйкес мақал-мәтел, нақыл сөздер табу.)
6-топ. Бейнелеуші, суреттеуші топ. (Кейіпкерлердің суреттерін, соларға қатысты іс-әрекеттерінің суретін салады.)
Әр топ өз тапсырмасын постерде орындайды.
Топтардың жауаптарын тыңдау.
9.Ойтолғау.
«Сыр сандық» стратегиясы бойынша:
1.Бүгінгі мәтіннен  есте қалған 10 заттың атын жазу.
2.Осы аталған заттардың ішінен саған қатты ұнаған үшеуін белгілеп, солар туралы толығырақ мәлімет жаз.
10. Рефлексия
«Екі жұлдыз, бір тілек» . Өз пікірлерін, сабақ бойынша ойларын әр топтан бір адам айтып өтеді.
[bws_related_posts]

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *