Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Табантал орта мектебі
Физика және информатика пәні мұғалімі
Ешпанова Замзагүл Сәттіғалиқызы
Сабақ тақырыбы: Реактивті қозғалыс.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға реактивті қозғалыс және ғарыш саласындағы соңғы жаңалықтармен хабардар ету.
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптытылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Дамытушылыққа: Оқушылардың ойлау қабілетін,логикалық-абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақ әдісі: Мысал арқылы түсіндірмелі баяндау
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ түсіндіру
Жаңа сабақты бекітуге практикалық жұмыс орындау.
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау
Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары:
Тұйық жүйе деп қандай жүйені айтамыз?
Импульстің сақталу заңын тұжырымдаңдар.
Дене импульсі дегеніміз не?
Күш импульсі дегеніміз не?
Күш импульсі мен дене импульсінің арасында қандай байланыс бар?
Жаңа сабақ.
Дененің бір бөлігі одан қандайда бір жылдамдықпен бөлінген кездегі қозғалысын реактивті қозғалыс деп атайды.
Реактивті қозғалыс принципі сағатына бірнеше мыңдаған километр жылдамдықпен қозғалатын ұшақтарды, жердің жасанды серіктерін, планетааралық саяхат жасайтын ғарыш зымырандарын жасауға мүмкіндік туғызды.
Ғарышқа алғашқы қадам жасау белгілі ғалым К.Э.Циолковскийден басталады десек болады.циолковскийдің илеялары оның 1903 жылғы шыққан «Әлемдік кеңістікті реактивті құралдармен зерттеу» еңбегінде көрініс тапты.
Қарапайым зымыран жану камерасы бар отын толтырылған камерадан тұрады. Отынның жануы кезінде жоғары температураға дейін қызған жоғары қысымдағы газ сопло деп аталатын ерекше пішіні бар камерадан үлкен жылдамдықпен атқылап шығады. Мәре алдындағы зымыранның сыртқы қабығымен және отынымен қоса есептегендегі массасы М болсын. Онда газ сыртқа атқылап шыққаннан кейінде денелер жүйесінің қорытқы импульсі өзгермейді. Массасы М-m болатын зымыран қабығы модулі бойынша тең, бірақ газ импульсі бағытына қарама – карсы бағытталған (М-m)v2 импульс алады, v2 зымыран қабығының жылдамдығы. Сонда mv1=-(M-m)v2 болады.
Ал бұдан,
Осы күнгі зымырандар көп сатылы болып жасалады, яғни оның әр сатысының отын қоры, тотықтандырғышы және реактивті қозғалтқышы бар болады. Бірінші сатыдағы отынның барлық қоры түгел жанып біткенде, ол бөлініп қалады. Осыдан кейін екінші және үшінші саты массаларының қосындысына тең зымыран бөлігі қозғалады. Массаның азаюы екінші, одан кейін үшінші сатыдағы отынды үнемдеуге және зымыранның жылдамдығын одан әрі қарай арттыруға себептеседі. Егер зымыранның қайтып жерге оралуы жоспарланған болса, онда үшінші саты қосылдардың алдында ғарыш кемесі 1800 – қа бұрылады. Үшінші сатыдағы жану өнімдері зымыранның қозғалыс бағытына қарама – қарсы бағытталған импульс береді, ал бұл оның жылдамдығының азаюына, яғни тежелуіне әкеледі.
Бақылау сұрақтары:
Зымыран қалай қозғалады?
Реактивті қозғалыс дегеніміз не?
Қандай мақсатпен зымырандар көпсатылы болып жасалады?
Реактивті қозғалыс жылдамдығы қандай шамаларға байланысты?
Ғарышты зерттеудегі қандай жетістіктерді білесіңдер?
Есептер шығару кезеңдері:
Зарядымен қоса есептегенде массасы 250гр болатын кішкене зымыранша вертикаль жоғары қарай 150м биіктікке көтеріледі. Заряд лезде жанады деп есептеп, зымыранның бөлініп шығатын газ жылдамдығын анықтаңдар. Зарядтың массасы 50гр.
Массасы 20 кг тыныштықтағы арбада массасы 60кг адам тұр. Адам арбамен салыстырғанда 1 м/с жылдамдықпен қозғалса, арбаның Жермен салыстырғандағы жылдамдығы қандай?
Бағалау.
Үйге тапсырма: §21 18 — жаттығу