ҚР Үкіметі отырысында ҚР Білім және ғылым министрі А.Б. Сәрінжіпов баяндама жасады, – деп хабарлайды минстрліктің баспа сөз қызыметі.
ҚР Үкіметі отырысында ҚР Білім және ғылым министрі А.Б. Сәрінжіпов «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы жөнінде баяндама жасады.
Аталған Заң жобасы Елбасының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан Стратегиясы – 2050: қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты» атты Халыққа Жолдауында көрсетілген тапсырмаларды орындау мақсатында әзірленген.
Заң жобасы Республикалық бюджеттік комиссияда, Ведомствоаралық комиссияда мақұлданды. 14 мемлекеттік органмен келісілді. Сондай-ақ, 7 ғылыми сараптаудан өткізілді.
Бұл Заң жобасы бойынша, мектепте бір сыныпта әр түрлі жастағы балалардың оқуын болдырмау мақсатында қатаң түрде 6 жастан бастап мектепке қабылдау ұсынылды.
2016 жылдан бастап бастауыш, негізгі және бейінді мектептерден кейінгі ұлттық тестілеу енгізіледі.
1) Бастауыш мектепте – оқушылардың оқудағы жетістіктерін анықтау мақсатында;
2) Негізгі мектепте (10 сыныптан кейін ) – оқушылардың бағытын айқындау мақсатында;
3) Бейімдік мектепте – алынған білім мен дағдының деңгейін бағалау мақсатында.
Сонымен қатар, бұл Заң жобасында түлектерге техникалық және кәсіптік тегін білім беру жағы да қарастырылған. Бұл норма Елбасының 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру үшін қажет. Сондай-ақ, ЖОО-да студенттің 2-курстан бастап міндетті өндірістік тәжірибеден өтуін кәсіпорындар мен мекемелер толық қамтамасыз етуі тиіс болады. Сондықтан, кәсіпорындар мен мекемелердің ҚР БҒМ-не қарамайтыны ескеріліп, Еңбек кодексіне өзгеріс енгізу ұсынылды.
Сол сияқты, «Болашақ» халықаралық стипендиясымен кадрларды дайындау бойынша Республикалық комиссия құзыретін кеңейту ұсынылған. Нақтырақ айтсақ, бұл – ҚР мемлекеттік қызметкерлерінің, медиа саласы қызметкерлерінің, шығармашылық адамдары мен өнер саласы қызметкерлерінің, ғылыми-педагогикалық және инженерлік-техникалық, медициналық кадрлармен бірге кәсіби сынақтан өтуін қамтамасыз ету. Біліктілікті жетілдіру мен кадрларды қайта даярлайтын ұйымдарда, ғылыми ұйымдарда, біліктілікті жетілдіру институттарында жүзеге асырылады.
Дерек: kazbilim.kz