Атырау қаласы, И.Тайманов атындағы
№27 орта мектептің технология пәнінің мұғалімі
Жумагалиева Кунимжан Кайырболатовна
Тақырып: « Алжапқышының негізгі сызбасын жасау»
Мақсаты: Сызба кестесінің негізгі бағытын таныстырамыз. Сызбада алжапқыш пішінінің негізін орындауды үйретеміз.
Өз бетінше ұқыпты әрі жылдам жұмыс істеу арқылы тәртіптілік пен саналыққа тәрбиелейміз.
Міндеті: Алжапқыш сызбасының жасалуы және сызбаға қосымша бөлшектер жасау және өлшем алу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Жаңа технология: СТО бағдарламасы
Пайдаланатын стратегия: Көрнекілік, БҮҮ, ВЕНН диаграммасы.
Сабақты байланыстыратын пән: Қазақ тілі.Математика.
Көрнекілік: «Алжапқыш жасау үшін дене өлшемін алу», «Алжапқыш сызбасының құрылысы» кестелері, сөзжұмбақ, т.б.
Сабақ барысы: Ұйымдастырамыз
Жұмыс орнын дайындаймыз
Үйге тапсырманы тексереміз.
Жаңа тақырыпты түсіндіреміз.
1.Көрнекілік стратегиясы:
Суретке қарап әңгіме жазамыз.
Ой пікірімізді ортаға саламыз.
2.Сөзжұмбақ:
Жауаптары:
1. Мата түрі (мақта)
2. Тігін машиналарының түрі (қол)
3. Тігін құралы (жіп)
4. Тігін машиналарының түрі (аяқ)
5. Қолтігіс түрі (қайып)
6. Тігін құралы (оймақ)
7. Мата түрі (зығыр)
8. Тігін құралы (қайшы)
«БҮҮ»стратегиясы:
Білемін Білгім келеді? Үйренгенім
Алжапқышты үйде тамақ пісіргенде киеді Алжапқыш пішіп үйрену Сабақ соңында оқушылар не үйренгенднрі туралы жазып шығады)
Алжапқыш түрлі матадан тігіледі Қандай тігістер қолданады. Алжапқышты тігіп үйрену. Алжапқышқа әдемі жиектер тігіп үйрену
Әр түрлі алжапқыштар болады
Мағынаны тану:
Кез келген бұйымды дайындау үшін оның сызбасын жасау керек. Ал сызбаны дайындау үшін адам денесінің өлшемін алу қажет. Алжапқышты тікпес үшін бұрын оның сызбасын құрастырып үлгі дайындайды. Ол үшін адам денесінің өлшем бірлігінің сантиметрлік таспамен түсіріп алады. Өлшемді дұрыс түсіру үшін дене бітімінің орналасуын білу керек және мынаны ескеру керек.
— Өлшемді адам денесінің оң жағында тұрып түсіреді. Белін алдын ала жіппен буып қояды. Өлшем алынатын адам тік тұру керек. Өлшемді сантиметрлік таспамен түсіреді. Денені өлшегенде таспаны қатты тартуға немесе босаңсытуға айналым мен ен өлшемдерін жартылай жазады.
Оқушылардың сызықтарды адам денесіндегі сынадай 3 орын бойынша нықтап белгілеуге болатынына көз жеткіземіз.
Кеуденің жоғарғы тұсы – кеуде енінің сызығы.
Белдің төменгі шеті – бел сызығы алжапқыштың ең төменгі бөлігі бұйымның төмен бөлігі жағындағы сызық. Оқушылармен бірге алжапқыш бөлшектердің әрқайсысы өз атаулары бойынша атап көрсетеміз. Мысалы, мынау кеуде тұсы – аспа баулары белдегі бұйымның төменгі бөлігі – алжапқыш қайта нұсқау картасы бойынша алжапқыш сызбасын жасау үшін оқушылар адам денесінің өлшемін алады.
Алжапқыш сызбасын жасау үшін дене өлшемін алу
Шартты белгілер Өлшем алу ережелері Өлшемнің атаулары Менің өлшемдерім
Ұқ Бел сызығының қалған ұзындыққа Кеуденің ұзындығы
Ұб Бел сызығының қалған ұзындық Бұйымның ұзындығы
Жб Бел сызығын қынаған жіп бойынша Жартылай бел айналымы
Жмқ Жамбас үсті нүктелері бойынша Жартылай мықын айналымы
Осыдан кейін 2-ші нұсқау картасы бойынша алжапқыш құрудың есебі орындалады.
Алжапқыш сызбасының құрылысы, нұсқау картасы
Шартты белгілері Бөлшектердің атаулары Есептеу формуласы Есебі (см)
Оқушылар алжапқыш сызбасын дайындап шығады.
Ой толғаныс:
1. Сызбада неліктен жартылай өлшемде орындалады?
2. Алжапқыштың ұзындығы қалай анықталады?
3. Неліктен Б,Т, К нүктелері сызбада осы әріптермен белгіленеді?
4. Белді жартылай қынайтын өлшем не үшін алынады?
Осы сұрақтарға жауап бере отырып, қыз баланы киіндіреміз.
Ой корыту: «Қарша борату» ойынын ойнатамыз. Оқушылар бүгін сабақтан үйренгенін және алдағы күнде не күтеді ой пікірін жазып, қағазды умаждап сынып оқушыларымен бір бағытқа қарай лақтырамыз (аты-жөні жазылмайды).
Бағалау: Әр топ өз жұмыстарын келесі топтарға көрсетіп, бір-бірін бағалайды.
Үйге тапсырма: Қажетті құрал-жабдықтар әкелеміз.
Жұмыс орнын жинастырамыз.