Басы » Tәрбие сағаттары » Мейірбан ұстаздар

Мейірбан ұстаздар

Мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері музыка әуенімен залға кіреді. Шеңбер бойымен жүріп орындарына барады.
«Мейірбан ұстаздар».
Халима:
Армысыздар, мұғалімдер , әз жандар
Білім іздеп инемен құдық қазғандар
Құшақ жая қарсы алады сіздердді
Биде билеп, ән де бүгін шырқалар
Сәнімгүл:
Хош келіпсіз, ұстаздар мен апайлар
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар
Алдарыңа жауқазындай құлпырған
Біз алаңсыз, балғын шақты балалар.
Халима: Армысыздар, қадірліде аяулы ұстаздар, тәрбиеші апайлар. Сары алтындай, сары күз ала келген ұстаздардың төл мерекесі құтты болсын.
Біздің мектепалды даярлық тобының «Мейірбан ұстаздар» атта ертеңгілігімізді тамашалаңыздар.
Хор : «Жарқын жүзді ұстазым»
Райхан:
Жақсы көрем ұстазымды
Білім нұрын бізге шашқан
Жақсы көрем ұстазымды
Болашаққа есік ашқан
Диас:
Ұстаз, ұстаз қандай ыстық сөз деген
Ұстаз болу адамдықтың көзі еді
Ақылға да, асылға да үйреткен
Ұстаздықта бар білімнің көзі еді
Әсем:
Білім беріп баршаға
Ұстазым менің шаршама
Алғысын айтқан өзіңе
Балғындар қанша, қаншама
Мансүр:
Арналады апайларға
Құрмет деген төр деген
Біздің елде адам барма
Ұстаз алдын көрмеген
Мейірлан:
Білмей қалсам кешірген
Балалаық деп түсінген
Қандай дана болсада
Алдыңызға бас ием
Би: «Жаңа заман биі» (Әсем, Райхан, Нұрдана, Аңсаған)
Хор: «Ұстазым ол біздің»»
Бекзат:
Бұзықтықы жасырып
Білімімді асрып
Жаныма жақын ұстазым
Сізге келер ұқсағым
Гүлназ:
Тәрбиешім білім көзісің
Тыным таппайсың ел үшін
Өзіңмен талай үйреніп
Келеміз өсіп ел үшін
Бақдәулет:
Ұстазым менің ақылшым
Шәкіртіңе әркез жақынсың
Аяулы менің ұстазым
Өзіңіз әркез асылсыз
Сайлау:
Бақша біздің панамыз
Мектеп біздің анамыз
Ұлағатты ұстаздан
Оқып, білім аламыз
Нұрдана:
Бізге тәртіп үйреткен
Ән салдырып билеткен
Таныстырған ең алғаш
Әріптер мен суретпен-
Тәрбиеші апайымыз
Мерейім:
Тәрбиеші аялы
Сіздей ешкім жоқ әлі
Маған тәлім бердіңіз
Ардақты анам сияқты
Ойын: «Кім жылдам?» «Сөз жұмбақ»
Ислам:
Бізге тұңғыш тақпақ та
Жаңылтпашта жаттатқан
Түсіріп топ сынына
Жақсылығымды мақтатқан
Аңсаған:
Доспен тату ойнауды
Мерекені тойлауды
Бойымызға сіңірген
Көптің қамын ойлауды
Білуге біз құмармыз
Мазаны да алған шығармыз
Қабылдаңыз мың алғыс
Ұстаздарға тілек айту. Диас: Құрметті ұстаздар төл мерекелеріңіз құтты болсын. Зор денсаулық, творчествалық табыс тілейміз.
Хор: «Құтты болсын мереке»
Балалардың барлығы шар ұшырады.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *