Намыс

Бағдат Мәжитов

Сабақтың тақырыбы :  Намыс 
Сабақтың мақсаты: мәтін мазмұныны мен идеясын ашуға мүмкіндік беру;
Күтілетін нәтижелер:
Пәндік нәтиже: мәтін мазмұнын түсінгендерін сұрақтар мен тапсырмаларды орындау нәтижелері арқылы байқау.
—         жүйелі іс-әрекет нәтижесі: оқушылардың өз ойларын қорытындылай білуіне жағдай жасау. Тіл белсенділігін арттыру, есте сақтау қабілеттері мен оқу және жазу  мәдениеттерін дамыту.
—         Тұлғалық нәтиже: ата тегін біле отырып, ел намысын қорғайтын, туған тілін құрметтейтін азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Тіл туралы слайд, суреттер
Сабақтың  барысы :
Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайынық
Ең бірінші бақытым – халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін…..
Ал, екінші бақытым – тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе – Отан дер ем!
І. Қызығушылықты ояту
«Биопоэма» әдісі (жұпта сұхбаттасу)
—         аты — ……………..
—         сипаттайтын 2-3 сөз — …………………….
—         қай тілде сөйлегенді ұнатасың? -…………………………….
—         қандай тіл үйренгің келеді?- ………………………………………….
—         қандай шет елдерге барғың келеді?-…………………………………….
—         болашақта қайда сапар шекің келеді? -……………………………………….
—         өз туған елі туралы пікірі — ………………………………………………………….
—         Туған тілде сөйлемейтін құрбыларыңы тілегің — ………………………………….
Жұмыстарын ұжымда оқиды. Ортаға бір оқушы шығып оқиды
ІІ. Мағынаны тану
жаңа сабақпен таныстыру
«Араласып кеткен оқиғалар» әдісі бойынша жұмыс
—         мәтінді тең бес бөлікке бөліп, топтарға таратып беру
—         әр бөлігін оқи отыра реті бойынша дұрыс орналастырып, тұтас мәтін құрастыру
—         бірлесе отыра жоспар құру
1.Абзал мен ағасы Арман
2. Әкесінің ескертуі
3. Музейге сапар
4. Намыс отының шарпуы
 
 
ІІІ. Сергіту сәті
—         Екі көзің не үшін керек?
—         Жақсыларды көру үшін !
—         Екі қолың не үшін керек?
—         Елге көмек беру үшін!
—         Құлақ деген не үшін керек?
—         Ақыл –кеңес тыңдау үшін!
—         Жүрек деген не үшін керек?
—         Жауларымнан қорықпау үшін!
—         Тіл мен жағың не үшін керек?
—         Ақиқатты айту үшін!
—         Ал аяғың ?
—         Шетте жүрсем , туған жерге қайту үшін!
Жеке, жұпта, топта талдау жасау
— дәптермен жұмыс
сөздік жазу
жұмыс дәптеріне тоқталу
ІV. Ойтолғау
—         мәтін неге намыс деп аталды?
—         Егер сенің даусыңды барлық әлем тыңдаса өз еліңнің тіліне, туған еліңе деген махабаттыңды қалай білдірер едің?
V. Оқушылардың білімін бағалау.
 Үйге  тапсырма: Мәтінді әңгімелеу
— Америкалықтарға жауап хат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *