Алматы қаласы №57 КММ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мүғалімі
Тәуекелова Гулбану Қонысбайқызы
ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН «ШЫДАМДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕЙТІН СПОРТ ТҮРІ- ВОЛЕЙБОЛ»
ТАҚЫРЫБЫНА АРНАЛҒАН ПРЕЗЕНТАЦИЯ 7 СЫНЫП
Сабақтың тақырыбы: | Шыдамдылыққа тәрбиелейтін спорт түрі – волейбол |
Пәні: | қазақ тілі |
Сыныбы: | 7 сынып |
Мақсаты: | Оқушылар спорт және волейболға қатысты ұғымдарды меңгере отырып, оларды топтық жұмыс барысында қолдану арқылы өз ойларын білдіруге, ынтымақтаса оқуға машықтанады. |
Сабақ міндеттері: | 1.Оқушылар өздерінде бар ақпарат ресурстарына сүйене отырып,тақырып бойынша білім-біліктілігін диалогтік оқыту арқылы жетілдіреді.
2.Оқушылардың тақырып көлемінде өз ойларын білдіру, жұптық, топтық жұмыс барысында жағдаяттық сұрақтарға бірлесе отырып шешім қабылдау, өзгенің пікірін тыңдау және өз пікірін жеткізу дағдылары дамиды. 3. Спорттың денсаулыққа пайдалы екендігіне көздерін жеткізе отырып, шыдамдылыққа, сұлулыққа, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиеленеді. |
Сабақ қадамдары: | 1.Жаңа сабақты игеру;
2.Тұжырымды ой айту; |
Күтілетін нәтиже: | 1. Топтық жұмыс барысында оқушылар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз ойларын айта алады. Бірлесе отырып ортақ шешім қабылдайды.
2.Сынитұрғыдан ойлау қабілеті дамиды. 3.Топтық жұмыс барысында оқушылардың бір-бірін оқыту дағдылары артады. |
Тапсырмалар: | Блум таксономиясына құрылған тапсырмалар |
Түйінді идея: | Нақты ойлау арқылы ой қорыту, ортақ қорытындығы келу. |
Сабақ түрі: | Жаңа сабақ |
Сабақ әдісі: | Көбелек ойыны, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары, миға шабуыл,ой шақыру, диалогтік оқыту, жұптық, топтық жұмыс, ой толғаныс, кері байланыс. |
Көрнекілігі: | Интерактивті тақта, үлестірмелі парақша, ноутбуктер,электронды оқулық,кестелер; |
Сабақ барысы: | І. Ұйымдастыру кезеңі;
ІІ.Үй тапсырмасы; III.Жаңа сабақ; IY. Блум таксономиясына құрылған тапсырмалар; Ү. Рефлексия. Yi. Үйге тапсырма
|
Уақыты | Жұмыстың түрі | Мұғалімнің рөлі
Қолданған модульдер: |
Оқушының рөлі |
Сабақ барысы
|
Ұйымдастыру кезеңі.
-Оқушылармен сәлемдесу. — Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
«Көбелек» ойыны Таңертең көбелек оянды, тартылды, Қанаттарын бұлғады, терең тыныс алады, Азғана айналып, барлығына күліп, Қайта гүліне оралды.
Мақсаты: эмоциялық күйзелістерін түсіру, топта еркін ахуалды туғызу, топтағы қарым-қатынасты жақсарту Оқушыларды киіз үй, қамшы, домбыра тарату арқылы топқа бөлу. Оқушылар жұппен, топпен жұмыс жасайды. Топ басшысы және тайм-гипер, бағалаушы сайланады. Өзін өзі бағалау әдісі бойынша әр тапсырмаға өз тобы қалыптастырушы баға береді.Сабақтың соңында жиынтыққ баға қойылады. Оқушыларға бағалау парақтары таратылады.
|
Ынтымақтас-
тық атмосферасын қалыптастыру
Оқушылардың топтағы қарым-қатынасын жақсарту |
Оқушылар- дың белсенділігі артады
|
Үй жұмысын тексеру
|
Үй тапсырмасы
1-тапсырма. «Миға щабуыл» Оқушылар топпен бірге «Жеңіл атлетка » тақырыбында сызбаны толтырады.
|
Оқушылар-
дың қызығушы- лығын ояту |
Миға шабуыл әдісі арқылы өткен материалды еске түсіреді, қорытынды- лайды. |
Жаңа сабақ
Бағалау Кері байланыс |
«Ассоциативті қатар»
2-тапсырма Оқушылар сыни тұрғыдан ойлауына мүмкіндік беріледі. «Волейбол»тақырыбындағы презентацияны көру арқылы топпен ортақ бір шешімге келе отырып, ұжымдасқан түрде сабақтың тақырыбын анықтайды.Оқушылар презентацияға назар аудару арқылы басты тақырып спорт жайында, оның ішінде спорттың бір түрі волейбол туралы өз пікірлерін білдіреді. Жаңа сабақтың «Шыдамдылыққа тәрбиелейтін спорт түрі – волейбол.» деген тақырыбы оқушылармен анықталады. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізіледі. Бұл жұмыс түрінің мақсаты: оқушы мен мұғалімге ойын жіктеуді ғана емес, өздеріндегі субьекті тәжірибелерін ескере отырып, жаңа тақырыпты жоспарлауға мүмкіндік береді.
3-тапсырма «Волейбол қандай ойын түрі?» деген сұрақты қоя отырып, оқушыларға кластер толтыртамын. Толтырған кластерлерін тақтаға апарып іледі.
4-тапсырма ЖИГСО стратегиясын қолдана отырып, оқушыларға 3 түрлі мәтін таратылады. Топтағы талантты және дарынды оқушылар немесе топ басшысы топ мүшелеріне мәтіннің мазмұнын түсіндіреді.
5-тапсырма Оқушылар таратылған мәтіннің мазмұнын түсінгеннен кейін өз топтарында бірлесе отырып,постер әзірлейді. 1 топқа: «Волейбол ойыны» 2 топқа: «Спорт » 3 топқа: «Қазақстандағы волейбол» Шағын топпен жұмыс жасағанда топ мүшелері өз пікілерімен бірін бірі толықтыра түсіп,ортақ шешімге келеді.Топта барлық оқушы белсенділік танытып,тапсырманы жақсы орындауға ат салысады. Сергіту сәті.
6-тапсырма. «СОЧИ -2014» ХХІІ қысқы олимпиадаға қатысушы Қазақстандық спортшыларға ашықхат жазу. Әр топ мүшелері бірлесе отырып, құттықтау жазады.
Сабақ соңында оқушы өзін өзі бағалайды.Талантты және дарынды баланы пайдаланып топты бағалау парағы арқылы бағалатамын. Формативті бағалау негізінде сабақ соңында жиынтық баға шығарамын.
Үй тапсырмасы: Шығармашылық жұмыс: «Денсаулыққа пайдалы — волейбол ойыны» тақырыбында презентация әзірлеу
Рефлексия «Майшам» ойыны арқылы оқушылар бүгінгі сабақтан нені білді, не қызықты болғанын бір-бірлеріне шамды беру арқылы ойларын айтып шығады.
Мұғалім сөзі: Жалпы сабаққа белсене қатыстыңдар. Маған сендердің ұйымшылдықтарың, белсенділіктерің, тапқырлықтарың ұнады. Сабақта өз ойларыңды білдіріп, шығармашылық қабілеттеріңді көрсеткендеріне рақмет, білім жолында сәттілік тілеймін. |
Мағынаны тану Ой толғаныс
Оқытудағы жаңа тәсілдерді қолдану
Мұғалім жұмыстарын тексеріп жүреді
Сыни тұрғыдан ойлануға үйрету
Көшбасшыны анықтау
Ой толғаныс
Оқушылардың өз-өздерін бағалағаннан кейін, мұғалім жиынтық баға шығарады.
Мұғалім кері байланыс жасайды |
Оқушылар жаңа тақырыпты ашу үшін сыни тұрғыдан ойланды.
Топтық жұмыс барысында дарынды оқушы белсенділік танытады
Бір-бірін оқытады,бір лесіп ойланады,талдайды, ортақ шешімге келеді.
Қандай да болмасын проблеманы шешу үшін өз білімдерін шығармашылықпен қолданады.
Оқущылар өзара бағалайды.
«Майшам » ойыны арқылы оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін майшамды бір-біріне беру арқылы айтып шығады.
|
[bws_related_posts]