Басы » Cыныптан тыс » Дарындылар додасы (танымдық сайыс)

Дарындылар додасы (танымдық сайыс)

Қазақстанның мал шаруашылығы
Дарындылар додасы(танымдық сайыс)
Мақсаты: География пәні бойынша алған білімдерін қорытындылай отырып,олардың өз
еліне туған жеріне деген патриоттық сезімін ұялату
І. Ұйымдастыру бөлімі:
а) Оқушыларды топтарға бөлу
ә) Топтардың аттарын тағайындау (команданың атын эмблемасын ұраның таныстыру)
б)Сайыстың мақсатымен таныстыру, оқушыларды топтарға бөлу.
1. Жүргізуші: Құрметті көрермен! Армысыздар өзінің жақтасы үшін жаны ауыратын жеңіске жүрегі жарыла қуанатын жанкүйер қауым! «Дарындылар додасы» сайысына қош келдіңіздер!
2 Жүргізуші: Жаратылыс – жан ана
Қарық қып суға, ауаға
Топырағымен асырап,
Сәулесін құйған санаға,
Жер ана мен өз анаң егіз екен,
Мейірімі мейлінше теңіз екен.
Анам туса, жер ана жетілдірді,
Осыны мен өмірге егіз етем!-деп
ақындар табиғатты анаға теңеген,өйткені жер – тіршілік көзі, өмір бастауы.Табиғат – түп қазығың ырысың, бар байлығын алдыңа тарту етеді. Тек оған зиян тигізбей, мәпелеп өзіңе керегіңді ала біл!
1.Жүргізуші «География – қоршаған ортаны танып білу» «Жер шарында тіршілік етіп, географиямен таныспай кету, Египетте болып пирамиданы көрмей кету немесе Астанада болып, Бәйтерекке қарамай кетумен тең» деп айтсақ артық айтқандық болмас. Олай болса бүгін сайыс барысында осы география саласы бойынша оқушыларымыздың ой — өрісін, білімдерін ақылымен ептілігін сарапқа салатын боламыз.
2.Жүргізуші:
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады,
Ренжімей тараса,
Озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол –
Еңбектену, жалықпау.
Ендеше ортаға география пәні бойынша ерінбей еңбектеніп, үнемі ізденіс үстінде жүретін алғыр 9 «а,ә» оқушыларын шақырайық! 1-ші – Атырау тобы ортаға шақырайық. 2- ші Астана тобы ортаға шақырайық.
1.Жүргізуші:
Асыл тастан, өнер жастан
Шығады деп дарынды,
Халық айтса қалт айтпайды,
Әрқашан нанымды – дей келе
сайысымызды бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін:
1. Мектепшілік әдістемлік кабинет меңгерушісі: Иманғалиева Меңсұлу Ахонқызы.
2.Директордың оқу ісі жөнінен орынбасары Қадрбаева Руза Мұбаракқызы
3.Директордың тәрбие ісінің орынбасары Мұқашева Гүлфини
4.Қоғамдық білім бірлестігінің жетекшісі : Жұмағалиева Нүргұл Танатарқызы
5.Қоғамдық білім бірлестігінің мүшесі : Ізбақыш Райгүл Русланқызы

2.Жүргізуші: Енді бүгінгі сайысымыздың жалпы жоспарымен таныстырып өтейін.
І. «Таныстыру»
ІІ « Жұлдызды сәт»
ІІІ « Білім бәйгесі»
ІV « Өнерлі өрге жүзер»
V «Кім жылдам»

2. Жүргізуші
Бәйге қуып жігіттер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәске түскен екі топ кезектесіп,
Таныстырып өздерің өтер деймін!
«Сәлем — сөздің атасы» демекші алдымен сайысымызды сәлемдесуден бастаймыз әр топ өздерін таныстырып өтсін.
1.Жүргізуші.
Ал,оқушылар сайысқа қалайсыңдар,
Сендер өтер әлі де талай сын бар
Білімді бір тексеріп көрейік біз
Жауап қатсаң сұраққа жарайсыңдар! –
деп сайысымыздың келесі « Жұлдызды сәт» кезеңін бастаймыз.
Атырау тобына қойылатын сұрақтар:
1. ҚР Еуразия материгі бойынша жер көлемі жагынан нешінші орында? (4)
2. . Қазақстанға әсер ететін ауа массаларының түрлері?
(арктикалық,тропиктік,қоңыржай)
3. Қазақстанда титан – магний өнеркәсібінің орталығы қай қалада?
( Өскемен)
4.Қазақстанда ең алғаш игерілген мұнай кен орны? (Дассор)
5. Қазақстанда ашық әдіспен өндірілетін көмір кешені?
(Екібастұз )
6.Қазақстанда пластмасса шығаратын зауыт салынған қала? Ақтау
7. 7.Қазақстандағы бұл таудан Жем өзені басталады? (Мұғалжар)
8. Испанияның астанасы? (Мадрид)
Астана тобына қойылатын сұрақтар:
1.ҚР ТМД елдері бойынша жер көлемі жағынан нешінші орында (2)
2. Атмосфераның “Ауа райы фабрикасы” аталатын бөлігі? (тропосфера қабаты.)
3.Іле Алатауындағы ең биік шың? (Хан – тәңірі,6995м)
4. Жоңғар қақпасы арқылы соғатын желдер атауы? (Сайқан,Ебі)
5.Құрылыс материалдарының негізгісі? Бетон, темір — бетон
6.Тау жыныстарының түрлері (шөгінді магмалық метаморфтық)
7.Электро жабдықтарын жасау ортылықтары Қазақстанның қай қаласында?
(Ақтөбе, Талдықорған).
8.Монғолияның астанасы? (Улан-Батыр)
2.Жүргізуші:
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанарма
Біліммен өнер жарысып
Тәрбие тәлім табар мән
Бұл бәйге – ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға – сол алда!
Келесі кезең «Білім бәйгесі ұяшықтарға жасырылған сұрақтарға жауап береміз.
І. 10. Жер Күнді орбита жолымен қанша күнде айналып шығады? (365 күн,6 сағ)
20. Кібісе жылы қанша күннен тұрады? (366 күн)
30Жер бүкіл күн жүйесінің құрамында қайда айналады?( Галактика ядросы төңірегінде)
ІІ.10. Бұл саяхатшы Х.Калумбтың ашқан жерлерінің Үндістан емес,жаңа құрлық екені туралы тұжырым
жасады? (Америго Веспучи)
20. Қазақ жерін,Орта Азия мен Орталық Азияны зерттеуге үлес қосқан тұңғыш
ғалымы кім? (Ш.Уалиханов)
30. Беллингаузен мен Лазеров 1820жылы 28 қаңтарда бұл материктің жағалауына жетті? (Антарктида)
ІІІ. 10. Қазақстанның ең ұзын шекарасы бар мемлекет? (Ресей)
20. Қазақстанда ең алғаш құрылған қорық? (Ақсу-Жабағалы қорығы,1926ж)
30. Қазақстан 2010 жылы төрағалық ететін халықаралық ұйым. (Еуропадағы ынтымақтастық пен қауіпсіздік ұйымы)
1 Жүргізуші:
Өнері өрге жүзер, таң қалмаңыз
Таланты талмай ұшар таң қалмаңыз
Таңғажайып әлемі — өнер аты
Шарпып өтсін лебімен таң қалмаңыз!-деп «Өнерлі өрге жүзер» кезеңін бастаймыз.
Бұл кезеңінде әр топ өз өнерлерін көрсетеді (Ән, сурет.т.б.)
2.Жүргізуші Үйрен таппай тыным бір
Георграфия тілін біл.
Егер оны білмесен
Тартар жолын бұлыңғыр –деп
1. Жүргізуші
Шын жүйріктер сыналады жарыста,
Жарыстыңба орта жолда қалыспа?
Әділқазы бағалайды сіздерді
Жеңіс мәре жақынба,әлде алыспа?
деп соңғы «Кім жылдам кезеңіне көшелік.
Қатысушы әрбір топқа жеке тапсырма беріледі
1) Адасқан атауларды сәйкестіріңдер
Бетпақдала жазығы
Тұран ойпаты
Жалпы Сырт қыраты
Торғай үстірті
Каспий ойпаты
Ертіс өзені
Сахалин шөл
Триас эра
Мұғалжар тау
Батыс Сібір жазық
Алматы қала
Арал теңіз
Хан тәңірі шың
Теңіз көл
Мезозой эра
Қаратал өзен
2.Сөздерді дұрыс жаз.
Меткөк-Көктем
Панса- Аспан
Қарысара-Сарыарқа
Шаға- ағаш
Над- Анд
Дыслұж- Жұлдыз
Лөк- Көл
Тайбатарға-Тарбағатай
Аут- Тау
Намицу- Цунами

1. Жүргізуші
Міне біз «Мыңнан тұлпар ,жүзден жүйрік шыққан озық ойлы топты анықтайтын кезге де жеттік ендігі сөз кезегін әділқазылар өз шешімдерін білсек Әділқазылар өз шешімдерін шығарғанша жақсы бір әнге кезек берсек.
2Жүргізуші
Географияны біліңдер географияны сүйіңдер, география деп өмір сүріңдер себебі бүкіл ғаламның сырын танып, онымен үйлесімділікке болған адам ғана нағыз бақытты.
1.Жүргізуші.
Білекке сенер заманда ешкімге есе бермедік,Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік! – деп даналарымыз айтқандай «Келешек білімді ұрпақ қолында»екендігін Елбасымыз халқына жолдауында атап көрсеткендей болатын.Еліміздің ертеңі, Тәуелсіз Қазақстанның кемел болашағын келешекке жеткізер осынау озық ойлы ұрпағы бар елдің жалауы ешқашан еңкеймек емес.
2. Жүргізуші
Алдағы уақытта да тек қана биіктерден көріне бер деген ізгі ниетпен біз сайысымызды тәмамдаймыз біздің білімдегі жеткен биіктеріміз бен қуаныштарымызға да ортақ болған барлығыңызға да тек қана сәттілік тілейміз келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

Тақырыбы: «Дарындылар додасы»

Топтар
«Тныстыру»
«Жұлдызды сәт»
«Білім бәйгесі»
«Өнерлі өрге жүзер»
«Кім жылдам»
Қорытынды
ұпай

Сайыс туралы ұсыныс пікірінің:………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………….

Тақырыбы: «Дарындылар додасы»

Топтар
«Тныстыру»
«Жұлдызды сәт»
«Білім бәйгесі»
«Өнерлі өрге жүзер»
«Кім жылдам»
Қорытынды
ұпай

Сайыс туралы ұсыныс пікірінің:………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………….

Тақырыбы: «Дарындылар додасы»

Топтар
«Тныстыру»
«Жұлдызды сәт»
«Білім бәйгесі»
«Өнерлі өрге жүзер»
«Кім жылдам»
Қорытынды
ұпай

Сайыс туралы ұсыныс пікірініңіз:………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………….

Тақырыбы: «Дарындылар додасы»

Топтар
«Тныстыру»
«Жұлдызды сәт»
«Білім бәйгесі»
«Өнерлі өрге жүзер»
«Кім жылдам»
Қорытынды
ұпай

Сайыс туралы ұсыныс пікірініңіз:………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………….

Тақырыбы: «Дарындылар додасы»

Топтар
«Тныстыру»
«Жұлдызды сәт»
«Білім бәйгесі»
«Өнерлі өрге жүзер»
«Кім жылдам»
Қорытынды
ұпай

Сайыс туралы ұсыныс пікірініңіз:………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………….

Тақырыбы: «Дарындылар додасы»

Топтар
«Тныстыру»
«Жұлдызды сәт»
«Білім бәйгесі»
«Өнерлі өрге жүзер»
«Кім жылдам»
Қорытынды
ұпай

Сайыс туралы ұсыныс пікірініңіз:…………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………

1) Адасқан атауларды сәйкестіріңдер

Бетпақдала қыраты
Тұран эра
Жалпы Сырт шөл
Торғай ойпаты
Каспий жазығы
Ертіс үстірті
Сахалин теңіз
Триас өзен

2) Адасқан атауларды сәйкестіріңдер

Мұғалжар теңіз
Батыс Сібір шың
Алматы эра
Арал өзен
Хан тәңірі жазық
Теңіз көл
Мезозой тау
Қаратал қала

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *