Басы » Мектепке дейінгі білім беру » Ә дыбысы және әрпі

Ә дыбысы және әрпі

30Мактумова Акбидай
Мектепалды даярлық тобы.
Сабақтың тақырыбы: Ә дыбысы және әрпі
Сабақтың мақсаты: Өткен әріптерді және соған байланысты сөздерді еске түсіре отырып, ойлау қабілеттерін арттыру;
Ә ә дыбысымен таныстыру. Өз беттерімен сөз, сөйлем құрастыруды қадағалау, дыбыстық талдау жасауға, буынға бөлуге, сауатты әрі мұқият жазуға үйрету;
Сұрақ – жауап арқылы әже, әке туралы сұрап, әженің суретін көрсете отырып, оның ерлігі туралы айта кету. Жаңа сөздер мен тақпақтарды меңгерту.
Көрнекілігі: Ә дыбысы бар суреттер, кеспе әріптер, текшелер, сызбалар.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Пайдаланылған әдістер: Сұрақ – жауап, ой қозғау, ой толғау, логикалық ойын дамыту, бақылау, мәнерлеп оқу қабілетін дамыту, көрсету, ән айту.

Сабақтың барысы:
Сұрақ – жауап:

— Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
— Қыста ауа — райы қандай болады?
— Не жиі жауады
— Айнала маңайдың түсі қандай болады?
— Қыс айлары қандай?
— Қазір қандай ай?
Ендеше, А. Құнанбаевтың «Қыс» туралы өлеңін еске түсірейік.
Мұғалім өлең жолының бір шумағын оқиды, балалар қимылмен орындайды.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
Үсті – басы ақ қырау, түсі суық.
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Енді балалар өткен әріптерді есімізге түсірейікші. Алдымен қазақ алфавитінде неше әріп бар? (42)
— Әріпті не істейміз? (көреміз, жазамыз)
— Дыбысты біз не істейміз? (естиміз, айтамыз)
— Ендеше, өткен әріптерді еске түсіріп, тақпақтарымызды айтайық. (өткен әріптерге қатысты). Т, Н, П, Р, Л
1. Торғай, торғай, торғайсың,
Таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын тойып ал,
Сонда аязға тоңбайсың.
-Т дыбысы қандай дыбыс? (Дауыссыз)
2. Нан уағын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
— Н дыбысы қандай дыбыс? (дауыссыз)
3. Пайдалы деп,
Пияз жеп,
Парлады жас көзімнен,
Піссінші, біраз деп,
Пысылдадым төзіммен.
— П дыбысы қандай дыбыс? (дауыссыз)
4. Ретін сенде білесің,
Көліктің қайсысын таңдайсың?
Автобусқа мінгесін,
Айтқызбай билет алғайсың.
— Р дыбысы қандай дыбыс? (дауыссыз)
5. Жалт – жұлт етіп лақ,
Жағалайсың бұлақ,
Секірем деп бірақ,
Қала көрме құлап.
— Л дыбысы қандай дыбыс? (дауыссыз)
Жаңа сабақ.
— Бүгінгі сбағымызда келесі әріппен танысамыз. Ол Ә дыбысы.
— Қане балалар Ә дыбысын айтып көрейік.
— Ә қандай дыбыс?
— Неліктен дауысты дыбыс?
— Қандай текшемен белгілейміз?
— Сендер Ә дыбысы бар қандай сөздер білесіңдер?
Енді Ә дыбысын дұрыс айта білуіміз үшін тақпақ айтып көрейік:
Таныстырар әріппен
Мынау кітап — әліппең
«Әліппе» деген аты оның
Басталған қай әріппен? (Ә)
Сергіту сәті:
Жел улейді у –у,
Құйын келіп билейді зу – зу,
Қатты – қатты жел соқты у – у- у,
Жапырақтар қол соқты ду – ду,
Жаңбыр жауды тырс – тырс,
Күркүрейді күн тарс — тұрс,
Жапалақтап қар жауды,
Жылынтып біздерді,
Жарқырап күн шықты.
— Енді суреттерге назар аударайық.
ӘЖЕ, ӘҢГЕЛЕК, ӘЛІППЕ, ТӘТЕ, ӘТЕШ, СӘБІЗ.
_ _ _ _ _ _

Ә дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі екен. (Сөздің басында, ортасында, соңында)
— Осы сөздердің барлығында Ә дыбысы бар. Сөздерді буынға бөлу
— Буындап оқу:
— Ән
— Ә — же
— Ә — ке
— Әп – ке
— Ә — ліп – пе
— Ә — теш
— Тә — те
— Сә — біз
Балалар кімнің үйінде әжесі, тәтесі бар? Әжелерің сендерді қалай еркелетіп, жақсы көреді? Тәтелерің сендерді үй – ішінде қандай шаруаға жұмсайды?
Ендеше балалар біз ол кісілерге рахметімізді айтайық. Себебі, балалар біз жақсы көрген әжеміздің ақылын тыңдасақ үлкен мейірімді азамат, азаматша боламыз. Ал тәтелеріміз жұмсаса шыныққан, икемді, пысық балақай болып өсеміз.
Ойын: « Сөзді есіңе сақта, дұрыс жаз».
Тәрбиеші өтілген жаңа дыбысқа байланысты бірнеше сөз айтады, сол ретте сөздердің орынын ауыстырмай оқушылар айтып шығулары керек. Сөздердің орынын шатастырып алса қолындағы қиықшасын тәрбиешіге тапсырады. Кім қолындағы қиықшасын көбірек сақтаса сол жеңімпаз болады.
Проблемалық сәт тудыру: Берілген сызба бойынша сөйлем құрау. (ауызша)
Ә дыбысына байланысты тақпақ айтамыз.
Әтешіміз ақ қанат,
Күзетшідей қырағы.
Таң азаннан қақпада,
Айқай салып тұрады.
Ойлан тап: Берілген суреттердің ішінен Ә дыбысы бар сөздерді тап.
Ойын: «Сөйлемді толықтыр».
1. Таң ертең айқайлап оятатын жанды сағат… (ӘТЕШ)
2. Өзіңнен үлкен қыз бала … (ТӘТЕ)
3. Әнші …. (Ән) айтады

Балалар осы сөздер де Ә дыбысы бар екен.
Енді болашақта сендер де Мақпал Жүнісова, Роза Рымбаева тәтелерің сияқты әнші азамат, азаматша болыңдар. Бүгінгі сабақтан естелік ретінде мына ойыншықтарды сендерге сыйға тартамын.
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау, марапаттау.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *