Павлодар облысы
Екібастұз қаласы
Екібастұз қаласы білім бөлімінің №7 «Ботақан» бөбектер бақшасы
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына
Кулимбетова Оразгүл Камилиқызы
Ашық сабақ тақырыбы: «Орманға саяхат»
Сабақтың мақсаты:
“Жабайы аңдар” тақырыбы бойынша балалардың білімдерін кеңейту.
Сабақтын міндеттері:
Білімділігі:
Зат есім, сын есім , етістіктерді сөздерде дұрыс қолдану, сұрақтарға толық жауап беруге үйрету.Жабайы аңдар қайда мекендейді , немен көректенеді екені туралы, балалардың түсініктерін анықтау.Аңдардың балаларын қазақша қалай аталатының,бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру .
Дамытушылығы:
Балалардың сызба арқылы әңгіме құрастыру іскерлігін қалыптастыру .
Тәрбиелігі: Аңдарға сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Көрнекі құралдар: сызба, карточкалар,түлкінің суреті, “Орман” суреті
Меңгерілетін сөздер: “Тығылыспақ ”
Әрекет кезеңдері |
Әдіс – тәсілдері |
Мұғалімнің іс — әрекеттері |
Балалардың іс – әрекеттері |
Мотива- циялық қозғаушы Іздену- ұйым дастыру- шылық Рефлек- сивті- коррек циялау |
Амандасу, шеңбер ұйымдас тыру Сыйлық кезені Жұмбақ жасыру Сұрақ- жауап әңгімелеу Әңгімелету Дидакти калық ойын ,,Не жейді?” Дидакти калық ойын ,,Ненің құйрығы?” Дидакти калық ойын ,,Сыңа рын тап,, Сергіту сәті Дидакти калық ойын ,,Не сыйлады?” Монолог құрасты -ру |
— Балалар бүгін бізге көп қонақтар келген екен. Қонтақтармен амандасайық! Қалдарың қалай? Ал енді шеңберге тұрып, көніл – күйімізді көтерейік Армысың, қайырымды Аспан ата! Армысың, шұғылалы Алтын күн! Қайырлы таң! Қайырлы күн! -Балалар, біздің балабақшаға хат келді . Кімнен екен? Өзі қу , жүрген жері шу . -Түлкі бізді туған күніне шақырады орманға саяхатқа барамыз ба? -Немен ормаңға барамыз? Қыр үстінде, қар- қар Шырша үстінде қар- қар. Қар жамылған ақ аю, Ұйықтайды екен, ай- ай Тыныш -тыныш балақай , Шуламаймыз біз бұлай . -Балалар, мынау не? -Орман қандай ? -Орманда жазда не өседі? -Орманда не ұшады? -Орманда нелер өмір сүреді? Дыбыстық жаттығу -Бүгін түлкінің туған күні екен. Түлкі ормандағы достарына дастархан дайындапты . (тірек сызбаға қарап айту ) -Балалар, ойландаршы түлкі туған күніне қандай аңдарды шақырды? -Оны қайдан білдіңдер,себебі үстелге не дайындап -Бұл тағамдарды , қандай аңдар жейді? -Тамақ ішкеннен кейін аңдар “Тығылыспақ” ойнады -Табындаршы,мынау қандай аңның құйрығы? -Аңдар қонаққа кеткенде , балалары үйлерінде қалды . Оларда “Тығылыспақ” ойнады.Аналарына балаларын табуға көмектесейік -Мынау көжек екенін қайдан білдің? -Мынау қонжық екенін қайдан білдің? -Аңдар қонақта ән айтты, би биледі ,ойнады. Кәне, біз де Ойнайық Ұзын құлақ , сұр қоян Естіп қалып сыбдырды Ойлы-қырлы жерлермен Ытқып-ытқып жүгірді. -Туған күнде сыйлық сыйлау керек. Аңдарда түлкіге сыйлық әкелді -Ал, біз түлкіге не сыйласақ екен? -Туған күніне арнап жылы сөздер сыйлайық (жылы сөздерден бір шоқ гүл шығады) -Кімнің ертегісі ұнады ? -Кімнің ертегісі қызықты болды? -Кімнің туған күні болды? -Сабақта не істедіндер ? -Сабақта не үйрендіндер? -Сабақ ұнады ма? Сендерге сабақ ұнаса тиінның себетіне саңырауқұлақ апарып салындар . Ал кімге сабақта бір нәрсе түсініксіз болса сабақ ұнамаса онда-тиінның себетіне жаңғақ салындар |
Амандасады “Жақсы” деп бас бармақтарын көрсетеді Балалар көтеріңкі күйде, қимыл – қозғалыс жасап, бір – біріне сәлем береді. -Түлкі -Иә -Шанамен Балалар қимыл- қозғалыс жасайды -Мынау орман. -Орман үлкен,әдемі , аппақ , қалын орман қар жамылған . -Гүл , шөп , ағаштар, саңырауқұлақ өседі -Орманда құстар ұшады -Орманда аңдар өмір сүреді -ян -ян -ян – қорқақ қоян. -ю-ю-ю-маймақ аю -ыр-ыр-ыр- ұлыиды қасқыр. -кі-кі-кі-қу түлкі -пі-пі-пі-тікенек кірпі -Қасқыр,аю,қоян, кірпі. -Ет,сәбіз,бал, саңырауқұлақ. -Қасқыр ет жейді. -Қоян сәбіз жейді . -Аю бал жейді. -Кірпі саңырауқұлақ жейді. -Ал түлкі өзіне балық дайындады. Балалар тапсырма орындайды Балалар тапсырма орындайды -Мынау түлкінің құйрығы — Мынау қасқырдың құйрығы — Мынау қоянның құйрығы — Мынау аюдың құлағы -Кірпі шөптің арасына тығылды Балалар тапсырма орындайды -Қасқырдың баласы бөлтірік -Аюдың баласы қонжық -Түлкінің баласы күшік -Қоянның баласы көжек -Кірпінің баласы кірпі Балалар іс-қимыл жасайды Балалардың жауабы Балалар тапсырма орындайды -Қоян доп сыйлады -Қасқыр ойыншық балапан сыйлады -Аю машина сыйлады -Кірпі алма сыйлады -Түлкі-әдемі , үлкен, сұлу,түсі қызғылт сары, жүні жұмсақ, екі құлағы , екі көзі, төрт аяғы бар. — орманда өмір сұреді, жүреді,секіреді,қу, көіңлді. 2-3 бала сызба бойынша әңгіме құрастырады , әңгімелеп айтып береді . |
Күтілетін нәтиже :
Білу керек : Жабайы аңдар туралы түсініктерін кеңейту
Игеру керек : Зат есім, сын есім , етістіктерді қолдана білу
Үйрену керек: Сызба бойынша әңгімелей білуге үйрену
[bws_related_posts]