Басы » Бала бақша » МЕН ОТБАСЫММЕН МАҚТАНАМЫН

МЕН ОТБАСЫММЕН МАҚТАНАМЫН

qartАқтөбе облысы,
Мұғалжар ауданы,
Қаракөл ауылы

\ Байкадамова Агила Панаевна

№7 «Айгөлек» балабақша әдіскері
«МЕН ОТБАСЫММЕН МАҚТАНАМЫН»
Мақсаты: Ата-ана мен баланың арасындағы қарым –қатынастың ерекшеліктерін психологиялық,дамытушылық ойындар арқылы көрсету.Ата-ана мен балалардың арасындағы қарым-қатынасты жақсарту,бір-біріне көңіл бөлу,бір-бірін тыңдай білуге үйрету. Ата-ана мен баланың сүйіспеншілігін,махаббатын бірлесе отырып мақсатқа,маңызды жетістіктерге қол жеткізе алатындығын,бір-бірін түсіне алатын,үлгі бола алатын отбасын көрсету.
Түрі:Дәстүрлі емес ,кездесу кеші
Көрнекті құралдар: мультемедия,үнтаспа,әуе шарлар,смайликтер,жүрек макеті, буклет, слайд «Ата-ана махаббаты»
I.Ұйымдастыру бөлімі
-Балалар бәріміз ортаға шығып, шеңбер құрайық.
Шаттық шеңбер.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Ата-ананы құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Қайырлы күн менің сүйікті балаларым! Бүгін біз үшін өте ерекше,әрі әсерлі қызықты күн болады.
II-бөлім «Ата-ана махаббаты»
Ата-аналаға слайдпен баяндама оқылады(слайдта ата-анамен бала махабатын көрсететін отбасылық суреттер,әуенмен жүріп тұрады)
ӘН: «Анашым»

III-бөлім. «Тұжырымды ой айтайық».
Үстел үстінде гүлдер тұрады,соның күлтешелерінде сұрақтар жазылған,балалар ата-аналарын бір-бірден алып береді.Ата-ана сұрақтарға жауап беруі тиіс.
1.Ата-анамен бала арасындағы махаббатты қалай түсінесіз?
2.Бақытты жанұя қанай болады?
3.Бала тәрбиесіндегі әке мен ананың рөлі?
4.Ата-анамен балабақшаның ынтымақтастығы дегенді қалай түсінесіз?
IV-бөлім «Жалғасын тап!» ойыны
Ойынның шарты: Барлық отбасы шығады.Бала суретті бастайды, анасы жалғастырады,әкесі аяқтап түйін сөзін айтады(сурет отбасына байланысты)
Мыс:1. Бала –шеңбер,ана-сызықша ,әкесі –шаңырақты көрсетеді

V- бөлім.«Бала тілі бал»ойыны
Барлық балалардың отбасылық суреттерінен слайд көрсетіледі,сол суреттен өз отбасы суреттерін тауып ,отбасы мүшелерінің әр кездегі көңіл күйлерін сұрақ арқылы смайликтер мен көрсетеді.
1.Сен балабақшадан үйге барғанда атаңның көңіл күйі?
2Балабақшада достарың келемеждегенде сенің көңіл күйің?
3.Анаңның айтқанын орындамасаң анаңның көңіл күйі?
4.Сенің қатты қуанғандағы күйің?

VI-бөлім. «Қызыл кілемше» ойыны
Музыкамен ортаға Қазақстанның жұлдыздары етіп балаларды аттарын атап ортаға шығарамыз.Мыс: Қазақстан еңбек сіңірген әншісі:Убайдулла Төрехан,Қазақстанның атақты боксшысы Қуанған ұлы Ислам(Қызыл кілемше үстімен жүріп халыққа қолдарын көтеріп өздерін жұлдыз сезініп армандарын шындықпен ұштастырады).Барлық жұлдыздар ортаға шыққан соң жұлдыздардың аналарын студияға шығарып сөйлетеміз. Барлығы ортада билейді.(армандарың орындалсын деп тілектер білдіреміз)

VII-бөлім. «Жүрек жылуы»
Ата-аналар екі топқа бөлініп,тәрбиелі сздер мен еркелету сөздерін айтып,балаларына тілектерін айтып,жазып, жүрек макетіне іледі
VIII-бөлім. Қорытынды
Ата-аналар өткен кешті ,Смайликтермен бағалайды (жақсы,орташа,өте жақсы)

[bws_related_posts]

2 комментария

  1. Сіздерге шын жүректен шығармашылық табыс тілеймін!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *