Шаш – адамның ажары Ол сұлулық пен құпия қасиетке толы
Сабынның орнына айран немесе жұмыртқаның сарысын пайдалануға болады. Айранды бастың терісі мен шашқа жақсылап жағып, басты орамалмен байлап, 5-10 минуттан кейін ыстық сумен жуу керек. 1-2 жұмыртқа сарысын ағынан айырып, ішінде аздаған мөлшерде суы бар ыдысқа құйып араластырып, шашты сонымен жуып, сонан соң ыстық сумен шаяды. Шашты жуып болған соң оны жұмсақ сүлгімен сүр- те отырып, кептірген дұрыс. Басты орамалмен байламайды. Құрғақ шашты жуар алдында бірнеше сағат бұрын кез-келген өсімдік майымен майлайды.
Шашты тарау
Қысқа шашты түбінен, ұзын шашты ұшынан бастап тарайды. Тарақтың тістері сирек және өткір болмасын. Шашты щеткамен тараса, ол жақсы тазалайды, бас тері-сінің қан айналымын жақ-сартады. Щеткамен шаштың түбінен ұшына дейін бірнеше рет жатқыза тарайды. Щет-ка қатты, бірақ тікенекті бол- мағаны жақсы. Басқа біреу- дің тарағын, щеткасын пайда- лануға болмайды.Ауыр және тар бас киімдер, күн сайын парик кию те- ріге салмақ түсіріп, шашқа ауаның баруын қиындатып, шаштың түсуіне себеп бола-ды. Күннің, желдің, теңіз суы- ның, шаңның әсерінен шаш күңгірт тартады, құрғайды, қатаяды. Суық та шашқа зи- янды. Сол себепті суық күн- дері міндетті түрде бас киім киіп жүрген дұрыс. Шаң-то-заңда жұмыс істегенде бас-қа орамал байлайды, жеңіл, алайда шаң өткізбейтін бас киім киеді.
Қайызғақты кетіру
1. Қайызғақтан шаш түсіп, адам басы тіпті тақырбас бо- лып та қалады. Қазақ дала- сында оған ем болатын өсім-дік-алабұта (алабота деп те атайды), сора шөптер. Оларды жинап алып кептіреді, қажет кезінде түйгіштеп ұн- тақтайды да сиырдың айыр-ған майына қосып қойырт-пақ ботқа жасайды. Соны басқа жағып, басты орамал- мен байлап жүреді. Күн аралатып басты ыстық сумен жуады. Шаш тым қалың бол- са сабынды қолданады. Жал- пы, қайызғақ кеткенше басты сабынмен жумай тұра тұрған дұрыс. Тарақпен тараса да жеткілікті. 2. 100 гр қалақай жапыра-ғын жарты литр суға сірке суымен қосып, жарты сағат қайнатады. Қайнап болған соң сүзіп, ештеңе қоспай, тек өзімен ғана 8-10 күн сайын басты жуады.
3. Құрғақ шаштағы қайыз-ғақты былай кетіреді: тініке ожаудың немесе кішкене мес- кенің түбіне 3 қасық өсімдік майын құяды. Шамалы қыз-дырады. Шаштың арасын жік- жік етіп алып, мақта оралған таяқшамен әлгі жылы майды шаштың түбіне, құйқаға жағады. Сосын басқа полиэ- тилен қалта киіп, сыртынан түкті сүлгімен орап тастайды. Сосын мынандай қоспа әзірлейді: 3 қасық өсімдік майын тініке ыдықа құяды, оған 2 шай қасық алма сірке суын қосады, шамалы қызды- рады. Бұл қойыртпақты шаш- қа жағып, 2 минуттан соң жұмыртқанын сарысы қосыл-ған жылы сумен шашты жуады. Мұнан кейін 1 леген су- ға 1 шай қасық сірке суын қосады, шашты соған малып шайып тастайды. Шаштың ағаруы Шаштың ағаруы адам ағза-сының мал өнімдерін тым көп тұтынуынан да болады. Ша-шы ерте ағарған адамдардың миға қан құйылу, жүрегінің қа- бынуы, қысылуы, құяң, артрит тәрізді ауруларға бейімділігі басқаларға қарағанда өте жо-ғары.
Адамдар қартая бастағанда шаштары пигменттерін жоғал-тып, ағара бастайтындығы анық. Шаш адам 20-30 жасқа келгенде де ағара бастайды дейді дәрігерлер. Ал ағарған шаш жіңішкере түседі екен. Дұрыс күтілмеген шаш немесе ол ауруға шалдықса, адам созылмалы ауыруға ұшыраса да шаш түседі. Алкогольден, темекіден созылмалы улану да шашқа өте зиянды.
Шаштың түсіп сиреуі
1. Шаштың түсуі С дәруменін көп тұтынудан болуы да мүмкін. Егерде шаш маңдайдан бастап түсетін болса, тәттіні, шырындарды, сүтті, спирт ішімдіктерді ішуді азайту қажет. Бұл сонымен бірге жүректін жұмысында да кінәрат болғандықтын белгісі. Егерде шаш төбеден түсе бастаса малдан алынатын өнім- дерді тұтынуды азайтқан дұр
Шаштың түсуі мінездің шапшан- дығынан да болуы ғажап емес.
2. Шаштың түсуі оның құ-рамындағы бояғыш зат – меланин пигментінің мөлшеріне де тәуелді. Қараторы адамдардың шашында пигмент көп болады. Қоңыр – сары шаштыларда – пигмент аздау. Аққұба, сары шаштыларда – пигмент тіпті аз. Егерде шашта темірлі пигмент көп болса, онда ол жирен түсті болады. Онымен бірге шаштың түсуі тұқым қуа-лайды. Адамның өмір бойы ша- шы түсіп, түлеп, орнына жаңа шаштар шығып отырады. Шаш-тың толық түлеп, жаңа шашпен ауысып отыруына 1 айдан 3-4 жылға дейін уақыт керек. Дені сау адамның шашы айына бір сантиметр өседі. Ал денедегі түктер, қас пен кірпіктің өсуі өте баяу.
3. Жүйке жүйесі титықтап, адам шаршаса да шашы қуаң тартады, өңсізденіп түседі. Ағ-задағы зат алмасу бұзылса, түр- лі дәрумендер, микроэлемент- тер, минералды заттар жетіс-песе іш құрылысында созылма- лы сырқат пайда болып, ден-саулық нашарлап, шаш бір ша-ма өзгереді. Жасы ұлғайған адамның шашының ағаруы – табиғи құбылыс. 35-40 жас ара- лығында шашқа ақ түссе, ол – физиологиялық қалыпты өзге-ріс болып саналады. 4. Шаштың түсіп, сиреуі кө- бінесе шашты дұрыс күте білмеуден де болады. Кейбіреулердің шашын жиі бояитыны белгілі. Содан ол түссізденеді, шашты үнемі қатты байлап, өріп қою,
4. Шашты үнемі ыстық неме- се суық сумен жуу, ыстықта кептіру, кез-келген бояумен бояу да шаштың құрғап, жиі түсуіне әкеліп соқтырады. Шаш түспесін деп қолданатын тұнбалар
5. Ошаған түбірін майдалап турап, оның 10-15 грамын 0,5 литр суға салып, 5 минут қай- натып алады. Сонан соң сүзіп, салқындатып, шаштың түбін ап- тасына 2-3 рет сүртіп отырады.
6. Бірдей мөлшердегі нас- турция мен қалақай өсімдік-терін 60 пайыздық спирт ерітіндісіне салып, 10 күн қояды. Соңынан сүзіп, таза ыдысқа құйып алады. Онымен 10-15 күн бойы шаштың түбін күн сайын сүртеді.
7. Ақ қайың жапырағынан бір ас қасығын 20-30 минут қайнатып суға салып, екі са-ғаттай тұндырып қояды да сү- зеді. Тұндырманы шашты жу-ған сайын басты сүртуге пайдаланады.
8. 50 грамм томар дәріні (че-ремица) алып, 250 гр спирт пен судың қосындысына салып, қайнатады. Ұзақ қайнағаннан кейін сүзіп алады. Дайын тұн-дырмамен аптасына екі-үш рет, кейін бір реттен шашты жуар алдында сүртіп отырады.
Шашты өсіру тәсілдері
Бұл үшін де шашты таза ұс-тап, арасында басты жұмсақ та- рақпен тарап, сылап-сипап тұ-ру керек.
Сондай-ақ табиғи шөптерден дайындалған тұнбаларды пай- далану да шаштың өсуіне ық-пал етеді.
1. Бір ас қасық шырмауық-тың (плюш) жапырағын жарты литр суға салып, он минуттай
қайнатады. Сүзіп, салқындата-ды. Дайын қайнатпаға мақта-ны батырып, бір ай бойы кешкісін шаштың түбіне жағады. 2. Қалақай (крапива) мен настурция өсімдіктерінің жа-пырақтарының 100 грамына шамамен 10 грамдай қазотын ұнтақтап, араластырады. Осы қоспаға жарты литр спирт құйып, 15 күндей тұндырады. Сонан соң сүзіп алынған тұн-дырмамен шаштың түбін басты жуған сайын сүртіп отырады. Қоспаның құрамында спирт болғандықтан көзге тигізіп алмау керек.
3. Кей өсімдіктердің өзін езіп пайдалануға болады. Мысалы, қаратамыр (черно-корень) өсім- дігінің жас түбірін ұсақтап турап, езіп, ботқа әзірлейді. Оны бастың құйқасына жағып, үс-тіне пергамент қағазын жабады да жылы орамалмен сырты-нан орап қояды. Бір сағаттан кейін басты жақсылап жуып алады. Мұндай масканы бір ай бойы екі немесе үш күн сайын қайталаған жөн.
Шаш күтіміндегі халық рецептері
Шаш селдіремесін, тартымды күйінен таймасын десеңіз, халықтың мына рецептеріне, ақыл-кеңесіне назар аудары-ңыз:
Бас теріңізге массаж жасап тұрыңыз. Сонда құйқадағы қан айналымы, шаштың өсуі жақ-сарады.Шашты су күйінде тарама-ңыз, фен қолданып жатқызуға, сәнденуге әдеттенбеңіз. Өз түсінен күңгірт түске боя-маңыз, ол Сізді жасыңыздан әл- деқайда есейтіп көрсетеді.Бальзам, кондиционер тәріз-ді заттарды көп пайдалануға әуестенбеңіз. Басыңызды қышқылы орташа, жұмсақ сұйық сабынмен жуыңыз.
Шашыңызды кез-келген шам- пуньмен, иіс сабынмен жуа бер- меңіз.
Шаштың жылтыраған, таби-ғи қалпын сақтау үшін алдымен оны таза ұстау керек. Егер ол кір болса, шаштың өңі болмайды әрі бас терісінде әртүрлі микроорганизмдер жиналуы мүмкін.
Басты аптасына бір рет жу-ған жөн. Шаң – тозаңы көп жерлерде жұмыс істейтіндер ап- тасына 2 – 3 рет жууына бо- лады. Бірақ жуу жиілеп кеткен жағдайда шаш құрғап, сынуға бейім. Сондықтан шашты арнаулы майлармен сылау керек. Сылау ұзын шашқа тән, қысқа шаш өзі – ақ тез майланады. Шашты жұмсақ сумен, әсі-ресе, жаңбырдың, қардың суы- мен немесе қайнатылған сумен жуған жақсы. Кейбір қай-намаған жәй суға жуса, сабын көпірмей, бастың кірі ашылмайды. Суды жұмсарту үшін бір литр суға бір шай қасықтан асырмай борлы қышқыл натрийды араластырады. Мұны-мен жуып болған соң, басты бір литр суға бір ас қасық сірке суын қосып, шаяды. Қазір шаш жуу үшін әдеттегі сабын- нан гөрі сұйық сабын жиі қол- данылып жүр. Шампуньды шаш- тың қасиетіне қарай таңдап, пайдаланған жөн. Олар қатты сабынға қарағанда әлдеқай-да жұмсақтау. Шашты жуып болғаннан кейін жылы сумен әбден шайған дұрыс.Жуылған шашты бөлме жылуында кептіру керк. Ал күннің көзінде, жанып тұрған отқа та-қап немесе электрлі кептіргіштермен кептіру шашты қатты құрғатып жібереді.Кейбір шаш қатты құрғақ болғандықтан ұшы қайқиып тұрады. Мұндай шаштарды он күнде немесе екі аптада бір рет жууға тырысқан жөн. Жумастан бұрын айына бір рет басқа соя немесе зәйтүн майынан компресс жасап түру ке-рек. Оны былай дайындауға болады. Кішкене ыдысқа аталмыш майды шамалап құяды да оны өзге табаққа құйыл-ған ыстық суға салып қояды. Жылыған майға бір шай қасық лимонның сөлін қосып, араластырып, шашқа және бас терісіне жағады. Сонан кейін целлофан қалпақ киіп, сыртынан қалың орамал немесе сүлгі орап тартады. 10 – 12 сағат өткен соң шампуньға немесе сабынға жұмыртқаны араластырып басты жуып ала- ды.
Құрғақ шашты жуғаннан кейін кез – келген өсімдік майын жағуға болады. Жуудан бір сағаттай бұрын да шаштың түбіне майсана ма- йын (кастроовое масло) жа-ғып, сыртынан целлофан мен жылы қалың орамалды орап қойса, шаш жуылғаннан кейін жұмсақ болып тұрады.
Зәйтүн майының да (оливковое масло) шашқа пайдасы зор. Бірақ оны ошаған (репей) өсімдігін араластырып қолданған тиімдірек. Мұ- ны жасау алдында 100 грамдап жас ошағанның түбірін ұсақ етіп турайды да 200 мл зәйтүн майына салып бір тәулік ұстайды. Сонан соң мұны баяу отқа қойып 15 минут қайнатып, салқындатады. Дайын болған қоспаны басқа жағып, 2 сағатқа манағыдай етіп орап қояды. Соңынан жақсылап жуады.
Майлы шаш бір аптаға жет- пей – ақ өздігінен майланып тұрады. Бұндай шашты аптасына 2 – 3 рет жуып тұрған жөн. Майлы шашты емен қабы- ғының (дубовая кора) қай-натпасымен жуса, жақсы кө- мектеседі. Дәріханадан са- тып алынған емен қабығы-ның 2 – 3 қасығын бір литр суға салып, 10 – 15 минут қайнатады да, сүзіп алады. Мұнымен шашты бастапқыда аптасына бір рет, кейін екі апта сайын ғана жуады.Шашты күн сайын 2 -3 рет тісті тарақпен немесе щетка тарақпен тарап тұру керек. Сонда бастың терісіндегі қан айналысы жақсарып, әрі май бездері қалыпты түрде бө-лініп отырады.Егер шаш ұзын болса, ұйысып қалса, оны ұшынан бастап тарайды Ұйысы жа-зылғаннан кейін шаштың тү-бінен ұшына қарай бірнеше минут тараған жөн.Шампуньды қалай таңдайды? Шампуньның (сусабын-ның) кез – келгенін пайдалану басқа да, шашқа да зиян. Сол себепті шампунь таңдағанда мына ақыл – ке-ңестерге көңіл бөліңіз:Алдымен шампуньның қан- дай шашқа арналғанын сырт- қы жазуынан оқып – біліңіз.Басыңыз майлы болса, құрғақ шашқа лайықталған сусабынның пайдасынан зи- яны көп. Ал енді құрғақ шаш- ты майлы шаштың сусабынымен жусаңыз да пайдалы емес.Сусабынның құрамын анық- таңыз. Қоспалары 20-дан асып, 30-ға таяп тұрмаса, ондай сусабын көркіңізге кө-рік қоспайды. Өңі кете бастаған, боял-ған шашқа қышқылдығы (pH) төрт жарым, бес жарым деп көрсетілген сусабын лайық-ты.Белгілі фирмалар шығар-ған сусабындарының сапа-лы болатынын есте ұстаңыз. Себебі олар нашар өнімді саудаға түсіріп, жаман ат-қа қалуды қаламайды. Тек атақты фирмалардың арзан сусабынын сатып алмаңыз. Өйткені оның «жалған» тауар болуы мүмкін. Әйтпесе, атақты фирмалар шығарған сапалы тауарлар өте арзан болмайды.
“ Шаш күтімі ”
Қанша қиюластырғың келгенімен, әу бастан қиюы қашқан нәрсенің икемге келіп, иліге кетуі екіталай. Ал икемге келтіру үшін амал-тәсілдің сан түрін ойластырып, мәселеге жан-жақты байыппен қарағанда ғана бұрыннан түйіні шешілмей жүрген түйткілді дүниенің түйіні тарқап, күрмеуі біраз да болса шешілер еді. Әйтпесе…Су мәселесі бүгінгі таңда тек Орталық Азияда ғана емес, тіпті жаһандық тұрғыда талқыға түсіп жүргені белгілі.Аймақтық-өндірістік кешендерден бастап тұтастай ел экономикасының қарыштап дамуы бірінші кезекте мемлекеттің су ресурстарымен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуіне байланысты десек, артық айтқандық болмас. Қазіргі кезде Орталық Азия республикалары арасында шиеленісе түскен аталмыш мәселе көршілермен арадағы байланыстың болашақта қай бағытқа қарай бет алатынын бағамдауға мүмкіндік беретіндей. Таразының бір басында Қазақстан болса, екінші жағында Орталық Азиядағы мемлекеттер тұр. Оған тағы да Ресей мен Қытайдың салар салмағын қосыңыз. Осы ретте алаң туғызар басты жәйт: ағын суды, соның ішінде, әсіресе, трансшекаралық өзендерді пайдалануда жаңағы мүдделілік таразысының тепе-теңдігін қалай сақтауға болатындығы. Егер де аталмыш үдеріс бұдан былай да қазіргі бағытта өрістей беретін болса, су мәселесі төңірегінде жаңа шиеленіс түрінің туындауына жол ашылып жүрмей ме? Және сол шиеленіс салдарынан түптің түбінде елдің зардап шекпейтініне кім кепілдік береді? Сауал көп. Оған берілер жауаптың да аз еместігіне дау жоқ. Осы ретте аталмыш проблема мемлекеттің экономикалық не болмаса экологиялық мүмкіндігін ғана танытып қоймай, қауіпсіздік және саяси мәселе сипатына көшетін сыңайы бар.Орталық Азия республикаларының экономикасы үшін су ресурсы өткен ғасырдың орта тұсынан-ақ өзекті де өткір проблемаға айналғанын ескерсек, оның әлдеқашан халықаралық маңызға ие болғандығы анық. ТМД мемлекеттері ішінде біздің еліміз өзен суымен өте төмен деңгейде қамтамасыз етілген. Географиялық жағынан барлық трансшекаралық – Ертіс, Сырдария, Жайық, Іле, Шу, Талас секілді өзендердің төменгі сағасында орналасқандықтан да болар, Қазақстан үшін бұл проблема күрделілігімен қатар, уақыт өткен сайын мүлдем жаңа түрге енетін құбылмалылығымен де қиындық туғызуда.Өткенге біраз шегініс жасасақ, сонау 1992 жылдың ақпан айында Алматы қаласында Орталық Азия мемлекеттері арасында Сырдария өзенінің су қатынастары мәселелерін реттеу, трансшекаралық су ағындарының режім проблемаларын шешу, әсіресе, жазғы суармалы мерзім кезінде су ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғауды бірлесіп басқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған болатын. Ал 1998 жылдың наурыз айында осы өзеннің су-энергетикалық ресурстарын келісілген шартпен іске асыру мақсатында Орталық Азия экономикалық ынтымақтастығы ұйымының үкіметаралық негіздемелік келісіміне қол қойылды. Алайда, соңғы екі жылда аталған келісімдердің ережелерін Сырдария өзенінің жоғарғы сағасында орналасқан мемлекеттер толығымен орындамай отыр. Мәселен, Қырғызстан қысқы мерзім аралығында энергетикалық режімге сәйкес 19,5 млрд. текше метрді құрайтын Тоқтағұл су қоймасынан суды көп мөлшерде жіберіп, осы өзеннің төменгі ағысында орналасқан біздің Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының елді мекендерін су басу қаупін төндіруде. Ал Өзбекстан болса кейінгі кездері жылда түзілетін Сырдария өзенінің су ресурстарын пайдалану туралы айтылған.