Жанна Маратқызы Катчикова
БҚО, Ақжайық ауданы Чапаев №1ОЖББМ-нің
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі.
Тақырыбы: Деректі, дерексіз зат есім. Уақытты босқа өткізбе
Мақсаты: 1) Зат есім туралы білімдерін толықтыру, тиянақтау, зат есімнің түрлерімен таныстыру.
2) Өз бетімен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту, елестету арқылы шығармашылық ойлау қабілетін, грамматикалық тапсырмалар арқылы теориялық ойлауын, тілін дамыту.
3) Ұйымшылдыққа, елін, жерін сүюге, табиғатты қадірлеуге тәрбиелеу.
Принциптері: біртұтастық, жүйелілік
Әдістер: Қызығушылықты ояту, ойын, сұрақ — жауап, ассоциация құру, көрнекілік, талдау, жинақтау.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, тірек — сызба, бағалау парағы, конверттер, кеспе қағаздар, суреттер.
Сабақ барысы:
І. Алғашқы ұйымдастыру. Психологиялық дайындық
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Тақтаға ілінген әр түрлі конверттерден деңгейлік тапсырмалар алып, жауап беру — жеңіл, — орташа, — күрделі тапсырмалар.
1. «Жазушы» сөзіндегі–шы қандай қосымша?
2. «Таға» қандай сөз?
3. Түбір сөзді тап.
1. «Керуеншілер» сөзі қандай сөзге жатады?
2. «Біл» сөзінің түбірлес сөздерін ата
3. «Жазушылар» сөзін сөз құрамына талда.
1. Суретшілер сөзін сөз құрамына талда.
2. Туынды сөздерді ата.
3. – қой, — паз, — шық, — кер жұрнақтарын қандай сөздерге қосып, жаңа сөз жасауға болады?
— Біздің өткен тарауымыз «Сөз құрамы» еді. Енді әрі қарай осы сөздердің топқа бөлінуі туралы мағлұмат аламыз.
ІІІ. Жаңа сабақ
1. Қызығушылықты ояту.
Балалар, ерте, ерте ертеде біз білмейтін шексіз бір үлкен әлемде сөздер өмір сүріпті. Ол ел – Морфология елі деп аталыпты. Дүниедегі сөз біткеннің бәрі сол елде, кең сарайда тату — тәтті бірге тұрыпты. Бір күні сөздер бір нәрсеге келісе алмай, «Сен ұзынсың, мен қысқамын, сен көпшілсің, мен бір ғана мағына беріп оқшау жүргенді ұнатамын» — деп, кең сарайға бастары симай, айтысып жатады.
Мұны естіген хан оларды жинап алып: «- Сендер мағыналарыңа, өзіндік ерекшеліктеріңе қарай топқа бөлініңдер. Әрқайсысыңды жеке отау етіп, бөлек үй қылып қоямын» — дейді. Сөйтіп, сөздер өздерінің ұқсас белгілеріне қарай топқа бөлініп, оларға ат беріледі. Осылайша Морфология елі – Сөз таптары еліне айналады. Сөз таптары елінде 9 ауыл бар. Олар: зат есім, етістік, сын есім, сан есім, есімдік, үстеу, шылау, одағай, еліктеу сөздер.
Біздер 3 — сыныпта сөз таптары елінің 4 ауылын аралаймыз. Бүгін зат есім ауылына барамыз. Ол жерде заттың атауын білдіретін сөздердің басын қосып, олардың қалай айтылып, қай жерде жүретініне басшылық жасап, жол көрсетіп отырған ақылгөй дана болыпты. Ауыл адамдары оны Зат есімнің данасы деп атапты. Ауыл адамдардың бәрі сол данадан ақыл сұрапты.
Бір күні жолаушы келе жатып жолдан бір нәрсе тауып алыпты. Әрі қарап, бері қарап не екенін таба алмайды. Ол ақылгөй данаға келіп: — Мен жолдан бір нәрсе тауып алдым. Оның жартысы көрінбей тұр. Бұл не болды екен? Маған осыны табуға көмектессеңіз? – дейді. Сонда ақылгөй дана оны былай жұмбақтапты.
Ойжұмбақ: — Ол аспанда да, жерде де болады, әжелердің қолында, аталардың басында да болады, ол адамдардың тұрағы, ол барлық адамдар да болады.
— Кәне, балалар, біз де ойланып көрелік. Мүмкін сендер тез табарсыңдар. Бұл не болды екен?
— Көз алдымызға елестетіп ойлансақ, осы бейнені жалғастырып, көп нәрсе жасауға болатын сияқты. Пайда болған заттардың атын жазайық: күн, тас, білезік, тақия, киіз үй, көз т. б
— Осы сөздерге қандай сұрақ қоямыз? (не?)
— Көпше түрде осы сөздерді қалай айтуға болады?
— Тастар, білезіктер, тақиялар, киіз үйлер, көздер.
— Осы сөздерге қандай сұрақ қоямыз? (нелер?)
— Ал осы заттарды пайдаланатын адамға қандай сұрақ қоямыз? (кім? кімдер?)
— Олай болса, кім? кімдер? не? нелер? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді қандай сөз табы дейміз? (зат есім)
Ой тұжырымдау: Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Оларға кім? кімдер? не? нелер? деген сұрақтар қойылады.
— Сонымен, зат есім туралы ойымызды жинақтайық.
2. Ассоциация құру (сызбамен жұмыс)
— Зат есімнің жекеше, көпше түрін мына мысалдар арқылы табуға болады.
Дәптерлер, қалам, кітаптар, адам, гүл, өсімдіктер, жануарлар т. б. Осы жазылған сөздердің қайсысын жекеше және көпше деп ойлайсыздар.
— Неге? Жазған мысалдарға қарап зат есімнің көпше түрі қалай жасалатынын айтуға бола ма? (Болады. Олар – лар, — лер, — дар, — дер, — тар, — тер жалғаулары жалғану арқылы жасалады).
Ой тұжырымдау. Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі, ал кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің көпше түрі дейміз.
3. Оқулықпен жұмыс. 1 — жаттығу диалогті толықтыру ауызша
Зат есімнің деректі және дерексіз деп аталатын түрлері бар. Деректі зат есім деп көзбен көріп, қолмен ұстап тануға болатын заттарды айтамыз. Мысалы: құс, балапан, ит т. б
Дерексіз зат есімдер деп көзбен көріп, қолмен ұстауға келмейтін заттарды білдіретін сөздерді айтамыз. Мына зат есімдер біз, күш, ауа, ақыл, ой, жақсылық т. б – дерексіз зат есімдер.
5. «Топтастыр» ойыны
2 — жаттығу зат есімдерді қатыстырып сөйлем құрау
3-тапсырма берілген сөйлемдерден зат есімдерді тауып, морфологиялық талдау жасау.
Адамдар: кім? нағашы, ақын, іні.
Өсімдіктер: не? түймедағы, бақбақ.
Құстар: не? бүркіт, үйрек, қаз, аққу, күркетауық.
Балықтар: не? жайын, шортан, бекіре.
Аңдар: не? аю, түлкі, қоян, тиін, қасқыр.
Еңбек құралдары: не? егеу, қайрақ.
Көлік: не? трамвай, машина, ұшақ.
ІҮ. Бекіту
«Баспалдақ» ойыны
Зат есімдер жазу. Жекеше, көпше, деректі, дерексіз зат есімдер болуы шарт.
а
а
а
а
а
Осы сөздердің ішінен екі сөзді көркем етіп жазу.
«Кім тапқыр?»
Интерактивті тақтадағы сурет бойынша зат есімдерді атау. Табиғатты қорғау туралы әңгімелеу.
Ү. Қорытынды. Не білдім?
Зат есімнің түрлері
Деректі, дерексіз зат есімдер
Көпше зат есімнің жалғау арқылы жасалынуы
ҮІ. Бағалау
Бағалау парағы бойынша оқушы білімін бағалау.
ҮІІ. Үйге тапсырма. Ережелер. 4 — жаттығу.