Басы » Эссе » Ұстаз болу — өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау

Ұстаз болу — өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау

 

baqytgulОҚО Төлеби ауданы, Жаңаұйым ауылы, Жаңа-ұйым шағын жинақты жалпы орта білім беретін мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі:  Бекеева Бакытгуль Бекмураткызы

Ұстаз болу — өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау.

Ұстаз ойшыл болмаса, шәкірт ұшқыр болмайды.

                                                                                                          халық даналығы

Мұғалім мамандығы: 21ғасырда тек балалардың болашағына жауапты болу емес, елдің болашағына,ұлттың болашағына жауапты мамандық. Балалардың сауатын аша отырып, оларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру міндеті ғана емес, сыни тұрғыдан ойлай алатын, өз болашағына керекті білімді таңдай алатын мамандық. Өздерінің болашағын, мансабын елестете отырып, өзінің таңдаған мамандығының нағыз маманы болуына бағдар беретін мамандық. Балаларды мәжбүрлемей қызығушылығын оятып, сыныптың, мектептің, мемлекеттің, қоғамның қажетті бөлігі екенін сезіндіретін мамандық.Сондықтан ұстаздар мойнына артылатын жүк салмақты болмақ. Елбасымыз бен мемлекетіміз ұстаздарымызға ұлт болашағын тапсыра отырып, мемлекеттің дамуына салмақты үлес қосады деп үлкен үміт артып отырғаны белгілі.Соның дәлелі ретінде барлық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру жұмыстарын айтуға болады. Елбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай біздің мақсатымыз дамыған отыз елдің қатарынан көріну екені белгілі.Сол елдердің дәрежесіне жету үшін, ең алдымен білім саласына жаңалықтар енгізе отырып, жаңашыл, өнертапқыш, алған білімін өмірде қолдана алатын ұрпақ тәрбиелеу керек екендігі айтпаса да белгілі.Сол жолға барар жолда Кембридж Университетінің озық сабақ берудегі тәсілдерін білім саласына енгізуіміз нақты қадамдар болып саналады. Дәстүрлі сабақ беру әдістерімізбен де үздік нәтижелерге қол жеткізгеніміз белгілі.Бірақ заман талабы күн өткен сайын күшейе түсуде,сондықтан оқушыларымыз бәсекеге қабілетті болсын десек, соларды дайындау да аянбай еңбек етуіміз керек. Балаларды білімге қызықтыра отырып, болашағын жоспарлауға көмектесіп, елге керекті нағыз мамандарды шығаруға ат салысу менің де алдыма қойған мақсатым.Ұстаздық жолын таңдай отырып, еліміздің болашағына титтей де болса үлес қосатыныма үлкен мақтанышпен айта аламын. Осы курсқа келіп сабақ берудің тиімді әдістерін үйрене отырып, жұмысыма, оқушыларыма деген көзқарасым өзгеріп сала берді.Бағдарлама аясында қарастырылатын жеті модулді сабақ өту барысында тиімді пайдаланып, заман ағымына ілесе алатын тұлға қалыптастыруда күш-жігерімді аямаймын.Дүниежүзілік білім саласының озық тәжірбиелерін ұлттық құндылықтарымызбен ұштастырып, сапалы, әрі тиімді педагогиканы еліміздің білім саласына ендіруіміз — «Мәңгілік Қазақ елінің» өркендеуінің кепілі.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *