Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДІҢ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ Бақылау диктанттары

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДІҢ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ Бақылау диктанттары

Павлодар облысы

Павлодар қаласы

№26 орта мектебінің ұстазы

Халикова айнагүл Иманмәлікқызы

Оқу орыс тілдерінде жүретін мектептердегі қазақ тілі мұғалімдері үшін

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН

МЕКТЕПТЕРДІҢ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ

АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ

Бақылау диктанттары

5-11 сыныптар

Түсінік хат

        Бұл құрал оқыту орыс тілінде жүретін мектептердің қазақ тілі пәні мұғалімдеріне арналған. Ол 5-11 сынып оқушыларына арналған диктанттар жинағы ретінде құрастырылған. Қазақ тілі бойынша қорытынды жазба жұмыстарын жүргізуге арналған.

Жинақтағы мәтіндер оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, бағдарлама бойынша өтілген лексика-грамматикалық тақырыптарға сай құрастырылған. Әр диктанттан кейін деңгей  бойынша грамматикалық тапсырмалар берілген. Мұндай тапсырмалардың берілу мақсаты – оқушылардың мемлекеттік тілден алған теориялық білім дәрежелерін айқындауға, тілдік ерекшеліктерді еркінірек меңгеруге, нығайтуға және жетілдіруге, коммуникативтік біліктілігін арттыру арқылы қазақ тілін сөз мәдениеті талаптарына сай деңгейде дұрыс қолдана білуге жетелеу. Сонымен қатар жинақ оқушылардың қазақ тілі грамматикасынан өткен материалдарды қайталап, олардан алған білімдерін нақтылап, сауаттылықтарын арттыру мақсатын да көздейді.

Диктантты бағалау нормалары:

«5» деген баға: Ешбір қатесі болмаса немесе емле,тыныс белгілерінен бір-бірден қате жіберсе;

«4» деген баға: Емле және тыныс белгілерінен екі-екіден қате жіберсе;

«3» деген баға: Емле мен тыныс белгілерінен 4-5-тен қатесі болса немесе 3 емле,5 тыныс белгілерінен қатесі болса;

«2» деген баға: Емле мен тыныс белгілерінің әрқайсысына 6-дан 10-ға дейін.

 Грамматикалық тапсырмаларды бағалау нормалары:

«5» деген баға: Деңгейлік тапсырмаларды толық, ешбір қатесі орындаса;

«4» деген баға: ІІІ, ІІ деңгейлік тапсырмасын қатесіз орындаса;

«3» деген баға: ІІІ деңгейлік тапсырмасын қатесіз орындаса;

«2» деген баға: Деңгейлік тапсырмаларды орындамаса.

Қазақ тілі пәнінен 5-сыныпқа арналған алғашқы бақылау үзігі 

Мақсаты: Оқушылардың сауаттылығын, грамматикадан 4 – сыныпта алған білімдерін тексеру.

                                                   Күз.

Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша. Қазір күз мезгілі. Күн салқындады. Суық жел соқты. Ағаштардың жапырақтары сарғайып,жерге түсті. Бақтарда түрлі жемістер мен көкөністер пісті. Біз бақшадан асқабақ, қызанақ, алма, алмұрт жинадық. Әпкем қырыққабат тұздады. Шешем алма мен алмұрттан тосап қайнатты. Біз күз мезгілін ерекше жақсы көреміз.

(Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік құрал, Диктанттар жинағы, Ж.С Қалиева, 46сөз)

 Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

І нұсқа                                        ІІ нұсқа

ІІІ деңгей

1. Берілген сөздерге дыбыстық талдау жасаңыздар.

Қазан                                                Жеміс

2. Төмендегі сөздерге зат есімнің көптік жалғауын жалғаңыздар.

Сынып, адам, әже, ата                                Мұғалім, аға, кісі,мектеп

3.Берілген сөздерді тәуелдеңіздер.

Алма                                                    Алмұрт

ІІ деңгей

1.Берілген сөздерге антонимдік қатар табыңыздар.

Жылы,күн,                                     жақсы, суық

2. Берілген сөздерді септеңіздер.

Қыркүйек                                       жапырақ

 І деңгей

Күз мезгілі туралы диалог құрастырыңыздар. (3-4 сұрақ) 

Қазақ тілі пәнінен 5-сыныпқа арналған І тоқсандық диктант 

Мақсаты:  Өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білім — білік дағдыларын тексеру.

                            Менің бөлмем. 

Менің атым – Дамир. Менің пәтерім үш бөлмелі. Менің өз бөлмем бар. Бөлмем өте жарық, кең, әрі жылы. Бөлменің терезесі аулаға шығады.  Бөлмемде жаңа диван, төбе жиһаз, үстел, ыңғайлы орындық бар. Үстелдің үстінде  компьютер орнатылған. Терезенің жақтауында әдемі гүл өсіп тұр. Қабырғада менің суреттерім ілулі тұр.

Мен бөлмемді өзім жинаймын. Маған бөлмем өте ұнайды.

(Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік құрал, Диктанттар жинағы, Ж.С Қалиева, 53сөз)

 

Толық жүктеңіз

2 комментария

  1. арзан, тегин саба0тар керек

  2. кешіріңіз, диктанттарыңыз қанағаттандырады. бірінші басылым тексеріс еді. хабарласыңыз, диктанттар жинағын алуға болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *