Екібастұз қаласы
№4 “Березка” балабақшасы
Есенгарина Меруерт
Қазақ халқы үшін жылқының маңызы
Тақырыптың маңыздылығы: Қала жағдайында кез келген отбасы баласына жылқы туралы толық қанды түсінік бере алмайды. Мінсе көлігі, ішсе сусыны, жесе тамағы, кисе киімі болған жылқы малының төлімен балаларын «құлыншағым» деп еркелеткен біздің халықымызды, малсыз елестету мүмкін емес, оның ішінде жылқысыз. Баланың жылқы туралы білімін жетілдіре отырып, оның өз халқына деген, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Жылқы көптеген әрекеттерге қайнар көз –бақылауға,ойнауға, шығармашылыққа. Нәтижесінде байқағыштығы , білуге құштарлығы, қиялы дамиды.
Мақсаты: Балалардың жылқы малы туралы түсінігін тереңдету және байыту
Міндеттері: Балаларға тәлім – тәрбие беруде жеткіншектеріміздің жылқы туралы білімін байыту, қалыптастыру. Жылқы малының қазақ халқы үшін қаншалықты маңызды екені туралы түсінігін молайту.