Мақтарал ауданы, Асықата кенті
«Жеңіс» мектеп – гимназия»
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі
Тілеуова Тұмаркүл
Сабақтың тақырыбы: «Дені сау болсын десең…»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға денсаулықтың қымбаттылығын, өмір сүру қажеттілігінің бағалы байлық екенін түсіндіру. Денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелей отырып, білім беру, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.
Сабақтың міндеттері: 1. Денсаулықты сақтау және нығайту туралы білім беру.Өзін-өзі тәрбиелей білу, жағымсыз іс-әрекеттерден аулақ болу.Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, дәптер, слайд, көрме, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, буклет.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Шаттық шеңбері. Мұғалім. Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналдық. Енді бір-бірімізге денсаулық туралы жақсы тілектер айтайық. (Оқушылар бір-біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне және денсаулық туралы тілектер айтады) Шаттық шеңберінде үнтаспадан «Әрқашан күн сөнбесін» әнін тыңдап, бірге қосылып айтады.
«Әрқашан күн сөнбесін»
Сөзі: Л. Ошаниндікі
Әні: А. Островскийдікі
Аударғандар: І. Мәмбетов; Қ. Ыдырысов
Күн әдемі, көк әлемі,
Бұл- суреті жас баланың.
Ақ қағазға салған ізі,
Қалдырған бұл сөзі:
Қайырмасы:
Әрқашан күн сөнбесін!
Аспаннан бұлт төнбесін!
Қасымда болсын мамам,
Болайын мен де аман.
Денсаулық- адам организімінің жан – жақты дамуы мен бүкіл дене қызметінің дұрыс жүзеге асуы. Адамның дене шынықтыруы, үнемі денені таза ұстауы, күн тәртібін орындай білуі және адамның көңілді , қуанышты болуы да денсаулықты сақтауға көмектеседі.
1оқушы:
Денсаулық ол – шыныққан
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық ол — тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.
2оқушы:
Денсаулық ол — күлуің
Көңіл – күйің жадырай,
Денсаулық ол – жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
3-оқушы:
Қара айнаға, көресің
Өзіңді – адам денесін.
Қол — аяғың, басың бар,
Бұған кеуде қосылар-
Құрылысың бұл сыртқы.
Көрінбейді жүрегің,
Өкпе, миың, бүйрегің-
Құрылысың бұл ішкі.
4-оқушы:
Сымбат — мүсін дегенің
Бітім – көркі денеңнің.
Сымбат – жүру әдемі,
Дене қалпын тік ұстап:
Көтеріп сәл кеудені,
Иық жазып дұрыстап.
Түзу отыр, қисаймай,
Бүкіреймей, жантаймай.
Күш сап бас пен арқаға,
Жатып алма партаға.
5-оқушы
Ата – анамыз, ұстазымыз,
Бір тілек айтарымыз:
Берекелі заман болсын,
Балаларың аман болсын.
Жиырма бірінші ғасырда,
6- оқушы
Ашық аспан астында
Денсаулықтарыңыз мықты болсын,
Жанұяларыңыз қуанышқа толсын
Ой шақыру. Тапсырма. Балалар, Байлық деген не? Денсаулық деген не? (Оқушылар ойларын жинақтап, дәптерге топтастырады.)