Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Көп мағыналы сөздер

Көп мағыналы сөздер

Ақтөбе облысы,Мұғалжар ауданы

Құмжарған ауылы

Құмжарған негізгі мектебі.

 Сабақ жоспары

  1. 1.     Пән аты: Қазақ тілі.
  2. 2.     Сыныбы: 5
  3. 3.     Мұғалім: Балгарина Айзада Романовна

 Сабақтың тақырыбы: Көп  мағыналы  сөздер

 Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға көп  мағыналы  сөздер

    туралы түсінік беру

2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу. Табиғатты, Отанды сүюге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық:Оқушылардың логикалық  ой лау  қабілеттерін  арттыра  отырып,    сабақта қолданылған қосымша материалдар арқылы дүниетанымдарын кеңейту,  талдау жұмыстары арқылы қисынды-ойлау дағдыларын дамыту.

   Сабақтың типі: аралас сабақ

 Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: кесте

Пәнаралық байланыс: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                                 2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

                                                 3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  49,50 – жаттығуды орындау

 ІІІ Білім  тексеру:

Өздік  жұмыс

1.Көп нүктенің  орнына тиісті  сөзді  қойып, оның  тура  не  ауыспалы  мағынада  тұрғанын  айтыңдар

Ағасы  бардың — …бар.

Інісі   бардың — …бар.

…  тасыса, қайық  төгілер.

…  тасыса,  ақыл  төгілер.

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

   Тіліміздегі  ұзақ  уақыт  бойы  қолданылып  келе  жатқан  байырғы сөздер жаңа сөз, жаңа мағыналар жасауға ұйытқы болды. Олар бұрынғы тура мағынасының үстіне жаңадан бір не бірнеше қосымша, яғни туынды мағыналарға ие болып жатады. соның нәтижесінде сөздік қордағы сөздер сан жағынан да, сапа жағынан да  дамып,жетіліп, тілдің байлығы артады. Сөздің  екі  я одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналылығы дейміз. Көп мағыналы сөздер бір негізден таралады да, бір сз табына қатысты болады.

Мысалы:

       Бас(зат есім)-1)адамның, айуанның, жәндіктің дене мүшесі;2) шөптің, ағаштың ең жоғарғы жағы;3) таудың ең үсті, төбесі;4) өзеннің, бұлақтың басталған жері;5) таяқтың ұшы;6) балтаның, шоттың ұшы бар жағы ; 7) бір нәрсенің айналасы.

       Ата(зат есім)-1) үлкен әке, әкенің әкесі;21) ата жолы- ескіден қалған жөн –жоба, әдет – ғұрып;3) ата жұрт- ежелгі мекен; 4) ата кәсіп – атадан келе жатқан шаруашылық.

   Сонымен, сөздің қолданылу аясының өзгеруі, яғни бір саладан басқа бір салаға ауысуы оның  мағынасының өзгеруіне әсер етеді.

VІ Жаңа тақырып  бойынша  түсінік  тексеру:

Өздік  жұмыс

  • Төмендегі  сөздердің  тура  және  ауыспалы  мағынасына  тіркес  құра.

Төмен,  алыс,  мықты.

 VІІ  .Жаңа сабақты бекіту:

  1. 1.     Оқулықпен жұмыс.  І топ

51  – жаттығу

  1. 1.     Төмендегі  сөздердің  қосымша  туынды  мағыналарын  анықтап, кестені  толтырыңдар

52 – жаттығу

Төменде  берілген  көп  мағыналы  сөздердің  қосымша  мағыналары  қандай  бастапқы  мағынадағы  сөздерден  таралғандығын  анықтаңдар.

  VІІІ . Сабақты  қорыту:

  1. 1.    Бағалау
  2. Үй тапсырмасын беру.
    1. 1.    Көп  мағыналы  сөздер
    2. 2.     53 — жаттығу

 [bws_related_posts]

1 пікір

  1. Маган 55жатыгуда ауыспалы турган создерге сойлем куру керек

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *