Басы » Кембридж бағдарламасы » «Біржан — Сара» айтысы

«Біржан — Сара» айтысы

 meruertШығыс Қазақстан облысы

Үржар ауданы

 «Благодарное орта мектебі» КММ

Мұғалімнің аты-жөні: Джаркынбаева Меруерт Бейсенбековна

Сабақтың тақырыбы :    «Біржан — Сара»  айтысы

 9-сынып

Сабақ тақырыбы «Біржан — Сара» айтысы
Жалпы мақсаттар «Біржан мен Сара» айтысы туралы мәлімет алады. Біржан мен Сараның өмірімен танысады.Айтыстағы әлеуметтік мәселе төңірегінде ойларын жинақтайды.
Түйінді идеялар Топтық жұмысты жандандыру.Бірін-бірі тыңдай отырып, бағалай білу.Ескі феодалдық салтқа қарсы шығу,әйелдің бас бостандығы
Оқыту нәтижелері Айтыстың  мазмұнын толық меңгереді.Айтыскер ақындарға  мінездеме бере отырып, олардың бойындағы қасиеттерді анықтай алады.Айтыстың көтерген негізгі өзекті мәселелерін, тақырыптарын анықтауды үйренеді.
Көрнекіліктер Плакат ,портрет,буклет,
Дереккөздер Бағдарлама,оқулық, әдістемелік құрал, баспасөз материалдары
Сілтеме Күнтізбелік жоспар, оқу жоспары, оқулық, 7 модуль
Сабақ барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау
1-кезең: Қызығушылықты ояту

 

Амандасады

Мұғалім оқушыларды жылы жүзбен қарсы алады.

«Айтыстың түрлеріне қарай топтастыру»

арқылы шағын топтарға бөледі.

Топтарға топ ережесін құруға бағыттайды.

«Бағалау парағын» таныстырып, таратады.

«Кластер қорғау» әдісі арқылы өткен сабақты сұрайды.Сұраққа жауап бергізеді

-Айтыстың қандай түрлері бар?

-Ақындар айтысының өзіне тән ерекшелігі неде?

-Айтыстың адам тәрбиелеудегі рөлі қандай?

Сәлемдеседі жылы қабақты сезеді.

Бір – бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

Оқушылар өзін-өзі реттеуге дағдыланады.

Оқушылар шағын төрт топтарға бөлінеді.

Топтар бірлесе отырып, өз топ ережелерін  құрып, таныстырып, тұстарына іледі.

«Бағалау парағын» оқушылар сабақ барысында, бақылап, толтырып отырады.

«Кластер қорғау» бойынша үй тапсырмасына жауап береді.

 

Сынып оқушылары-мен бірлесіп жасаған критерийлер арқылы жиынтық баға шығару.
2-кезең: Мағынаны ажырату

 

Мағынаны тану «Ойлан — топтас — талқыла»

1- топ  Айтыс

2- топ «Сайраған орта жүздің бұлбұлымын» Біржан бейнесі

3- топ «Белгілі қанша жұртқа атым- Сара» Сараның сипаты.

4-топ Айтыстың көркемдік ерекшелігі

 

 

Сергіту кезеңі.

«Ұшақ»

Қойылған сұрақтар төңірегінде жеке, жұппен, топпен ақылдаса отырып, өз ойларын сындарлы түрде  ортаға салады. Оқушылар мақсат қоя білуге, сыни тұрғыдан ойлануға үйренеді.

Оқушылар жеке мәтін мазмұнын оқып танысады.Содан кейін жұппен, топпен талқылайды.Енді әр оқушы төрт топқа барып өз тапсырмасын түсіндіреді.

Оқушылар топта талқылап, сұраққа жауап беріп,зерттеушілік әңгіме құрады.

Әр топ кейіпкер бейнесін дайындап оны жан-жақты зерттеп сипаттайды.

Балалар бойларын сергітеді.

3-кезең: Ой- толғаныс

 

Ой – толғаныс.

«Кім тапқыр?»

І – топ:  «Егер мен Біржан болсам….»

ІІ – топ:» Біржан мен Сарадан интервью алу».

ІІІ – топ:. ОДА

VI-топ «Бата беру»

Ойларын жинақтайды.
үй тапсырмасы мәтін бойынша тапсырма береді. Күнделікке үй тапсырмасын жазады
Рефлексия Оқушыларға сабақтың қаншалықты ұнағанын, несі мен ұнағанын анықтайды. Әр топ жұмысынан соң «Екі жұлдыз, бір тілек» айтылады.

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *