Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы
Ю.Гагарин атындағы мектеп
Калиев Жандос Байбатырулы
Сабақтың тақырыбы: Өңдеу тақтайын дайындау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ағаш материалдарынан үй тұрмысында пайдаланатын бұйымдар жасауды үйрету. Жаңа дизайн талаптарына сай әсемдей білу.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық шеберлігін, еңбекке іскерлігін, икемділігін дамыту.
Тәрбиелік : Оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа, өз бетінше жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Пән аралық байланыс: Сызу,сурет,география, биология, физика.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,слайдтар,кесте,үлгі,карта.
Құрал-жабдықтар: Қол ара ,сүргі,сызғыш,қарындаш, тік бұрышты сызғыш, ф10 бұрғы,егеу,үлгі.
Күтілетін нәтиже: Еркін жұмыс істеуге дағдыланған,сабақ тәсілін жетік меңгерген, достық қарым – қатынасқа бейім ,қауіпсіздік ережесін сақтай білетін , шебер оқушы қалыптасады .
Сабақтың жоспары:
I.Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын сұрау
— Сұрақ – жауап әдісі;
— Бұйымды тексеру;
— Технологиялық картаны тексеру.
III. Жаңа сабақ .
— Cлайд арқылы жаңа сабақты түсіндіру;
— Сарамандық жұмыс.
IV. Сабақты қортындылау.
V. Сабақты бекіту.
VI. Оқушы білімін бағалау.
VII. Үйге тапсырма .
Сабақтың барысы :
І . Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ . Үй тапсырмасын сұрау :
-
Сұрау-жауап әдісі.
«Ғажайып қоржын» ойыны
(қоржындағы асықтардың нөміріне сәйкес сұрақтарға жауап беру)
а) симметриялық осьті не үшін жүргізеді?
б) асылма жақтауларын қалай анықтаймыз ?
в) асылма нұсқасын қандай құралмен қиып алады ?
г) тесікті қандай құралмен теседі ?
д) қабыршақтарды қандай құралмен алады ?
ж) қаңылтырмен жұмыс істегенде қандай техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек ?
— Бұйымды тексеру .
Қаңылтыр материалмен құлыптың ілмегін дайындап келу .
-
Технологиялық картаны тексеру .
Дайындаған құлыптың ілмегінің технологиялық картасын қағаз бетіне түсіру .
ІІІ . Жаңа сабақ .
-
Слайд арқылы жаңа сабақты түсіндіремін.
-
Сарамандық жұмыс.
Жұмысты атқару реттілігі |
Эскиздер |
Құралдар мен жабдықтар |
1. Дайындаманы ұзындығы бойымен белгілеп алып, аралап кесу |
Қол ара , аралауға арналған тірек . |
|
2 . Қалыңдығы мен жиектерін өлшем бойынша сүргілеу |
Сүргі , сызғыш , рейсмус . |
|
3 . Тақтай жиектерін белгілеп сызу . |
Сызғыш , қарындаш , тік бұрышты сызғыш |
|
4 . Тақтай сабын аралап шығару ф 10 мм тесік тесу. |
Қол ара , ф10 мм бұрғы . |
|
5 . Тақтай сабын майдалап шабу және өлшем бойынша бақылау жүргізу . |
Зімпара қағаз, сызғыш |
|
6 . Өңдеу тақтайын бояу және лақтау арқылы сәндеп әсемдеу. |
Қарындаш, қылқалам, майлы лак. |
Өңдеу тақтайын дайындаудың технологиялық картасы .
ІV . Сабақты қортындылау .
V . Сабақты бекіту .
а) Өңдеу тақтайын дайындау үшін қандай материал керек ?
ә) Өңдеу тақтайын дайындау үшін қандай құрал –саймандар керек ?
б) Ағаш материалмен өңдегенде қандай техника қауіпсіздігін сақтау керек ?
в) Қазақстанның қай өңірлерінде орман-тоғайлар көп кездеседі?
VІ . Оқушы білімін бағалау .
VІІ . Үй тапсырмасы :
Тақтай бетіне эскиз суреттерін салып келу .