Жаңаөзен политехникалық колледжі
Мәдениеттану пәні оқытушысы:
Қанатжанова Кадиша
«Сыни тұрғыдан әр түрлі стратегияларды қолдана отырып,
оқушыларды шығармашылыққа баулу»
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы жөніндегі Жолдауында: «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсеткен.
«Қазіргі білім жүйесіндегі басты міндет – сын тұрғысынан ойлайтын адамды даярлау» деп Президентіміз Н.Назарбаев атап айтқандай, сыни ойлайтын бала тәрбиелеу үшін ұстаздар қауымының өзі сыни ойлай алуы қажет.
Қазіргі заман талабы ғылым мен техниканың деңгейінде әрбір оқушыға саналы да терең білімнің берілуін талап етеді. Сондықтан да оқу үрдісінің негізгі мақсаты — әртүрлі педагогикалық әдіс-тәсілдермен жүйелі түрде оқушылардың шығармашылық ойларын дамытып, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру болып саналады.
Бүгінгі күнде оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс тәсілдерін іздестіріп, жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу, білім беру жүйесін одан әрі дамыту» міндеттері көзделді.
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білім берудің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәжірибе үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық қабілетін дамытуды, мұғалімнің іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Кез келген сапалы білім мен тәрбие мұғалімнің шеберлігі арқасында берілетіні бәрімізге аян. Сабақты түрлендіру арқылы оқушының қызығушылы мен шығармашылық белсенділігін арттыру әрбір мұғалімнің міндеті. Қазіргі сабаққа қойылатын басты талаптың бірі – оқушы ойын дамыта отырып, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу. Сол сабақтың үстінде тек білім ғана емес тәрбие де берілуіне ықпал ету. Солардың бірі – жаңа инновациялық технологияларды оқу-тәрбие саласында тиімді қолдану болып табылады.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технолоргияларын меңгермейінше сауатты жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыруға үлесін қосады.
Әрбір технология бір-біріне ұқсамайды, тек дұрыс пайдалана білу керек. Кез-келген технологиямен жұмыс жүргізгенде сол технологияны жақсы меңгеру керек. Технологиямен жұмыс жүргізу 4 саты арқылы іске асады.
- Оқып меңгеру;
- Тәжірибеде қолдану;
- Шығармашылық бағытта дамыту;
- Нәтиже;
Соңғы кезде Джордж Соростың ашық қоғам институтымен «Сорос-Қазақстан қорының», «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы енгізіліп жүр. Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл бағдарлама арқылы оқушылар белгілі бір мазмұнға сын тұрғысынан қарап, мол ақпараттар ағымынан өзіне қажеттісін таңдап алуға, саналы шешім қабылдауға, сұрақ қоя білуге, әр кез сол сұраққа жауап іздеуге үйренеді, оқушы ойы дамиды, жаңа сабақты, ақпараттарды өз бетімен меңгереді.
Бұл иллюстративті-түсіндірмелі, ішінара іздену, проблемалық, пікір-сайыс, ойын, шығармашылық, өзін-өзі дамыта оқыту әдістерінің жиынтығы. Сын тұрғысында оқу-тәрбие үрдісінде басқару мен ұйымдастырудың тиімділігі оқушылардың өз алдына белсенді дамуына негізделеді.
Сын тұрғысында ойлау әдісі мұғалім қызметінде ұйымдастыра оқыту, оқушылардың жеке топпен жұмыс жасау негізінде білім алуымен ұштасады. Бұл стратегия оқушының жекелеген мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға бағытталады. Бұл әдістің ерекшелігі оқу әдісінде қолданылады. Оқушылардың ауызша және жазбаша тілін, ойлау, есте сақтау қабілетін, әрбір ақпаратқа, сонымен бірге өзінің және басқаның шығармашылығына сынай қарауына, шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталады.
Осы технологияны қолдана отырып, көптеген жетістіктерге жетуге болады.
Олар:
- Оқушы өз ойын сын тұрғысынан ойлап, дәлелдеуге тырысады;
- Ой-өрісі кеңейеді;
- Еркін ойлайды;
- Мұғалімнің түсіндіргенінен гөрі өз ізденісімен қызығушылығы артады;
- Шығармашылық қабілеттері ұштасады.
Сонымен қатар жекелей жұмыстар, жұптық, топтық жұмыстар арқылы өз ойларын ашық айта білуі, пікір айтуға үйренуі, пікір таластыру, ойланып жауап беру, жолдастарының ойын тыңдау, жауаптарын бағалай білу, сыйластық, ұйымшылдыққа, білім деңгейлерінің жоғары болуына көп әсерін тигізеді.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша оқушылардың топтағы білімдерін бағалау критерийлерін белгілеп алу.
Ол деңгейлер мыналар:
— оқушылардың белсенділік танытулары;
— тақырып бойынша ең негізгісін түсініп ажырата білулері;
— барлық тақырып бойынша тәртіп,сыйластық,ұйымшылдықтың болуы.
(Менің өз сабағымда негізгі қойған міндетім, мақсатым – оқушылардың тілдік қорын, ой-қиялын дамыту. Жинақы, дұрыс сөйлеуге, сұраққа нақты, толық жауап беруге дағдыландыру. Мен өз сабағымда жаңа технологиялардың бірі – әлемнің 18 елінен сынақтан өткен «Сын тұрғысынан ойлау» (СТО) және В.Шаталовтың тірек белгілері негізіндегі оқыту технолгиясын қолданамын.
Ұлттық педагогиканың негізін қалаушылардың пікірі: «Тумасында қанша зеректік болса да, ғылымсыз, тәрбиесіз бала кемеліне жетпейді. Кімде-кім өз табиғатында шеберлік барын сездіріп, өз жолына түссе ғана көзге көрінеді. Оны жетелеуші — мұғалім». М.Дулатов.
Қазіргі уақытта сыни ойлау жобасы өз философиясы жағынан қоғам талабына, заман талабына сай қалыптасуда.
Шығыс даналығы: «Маған айтсаң ұмытып қаламын, көрсетсең есімде қалар. Істеуін көрсетіп берші, үйреніп аламын» — деген екен. Бұл баланың ынтасын жетелеу арқылы оқыту, үйрету қажет деген сөз.
Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушының дүниеге өзіндік көзқарасының қалыптасуына жол ашу. Оқушы сенімділікпен жұмыс жасайды, бар ынтасымен оқуға беріледі, пікірлерді тыңдап, құрметтеуді, өз пікірін ашық білдіруге дағдыланады.
ХХІ ғасырда білім берудегі мақсат – жас жеткіншектерді жауапкершілігі жоғары, парасатты, адамгершілік мәдениеті қалыптасқан, өмірге икемді, ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыру.
Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған, бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім.
Қорыта айтқанда, әр технологияны қолдану арқылы белгілі бір жетістіктерге жетеміз. Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру, инновациялық үрдісте тиімді қолдану қазіргі заман талабы.
Жеке тұлғаның дамуы – бұл оның рухани өсуінің, жетілуінің үдерісі жеке адам үшін елеулі болып табылады.
[bws_related_posts]