«Geography in English» авторлық бағдарлама

Екібастұз қаласы

№22 С. Торайғыров атындағы

гимназия-мектебінің география пәні мұғалімі

Сапарғалиев Жангелді

«Geography in English» авторлық бағдарламасының авторы

Түсініктеме

Ұсынылып отырған курс география пәнін үш тілде ағылшын, орыс, қазақ тілдерінде менгеру. Оқушылардың Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясын оқуда, XXI ғасырдағы заманға сай жан-жақты үш тілде етіп оқушылардың географиялық ойлауын, географиялық мәдениетін қалыптастыруға және географиялық тілді оқып – үйренуіне, еркiн әрi шығармашылықпен ойлауына жағдай жасау.

Осы курсты оқу барысында оқушылар тапсырмаларды үш тілде орындауға машықтанады, өз білімдерін, ойларын нш тілде жеткізе алуына үйренеді

Ұсынылып отырған бағдарламаның ерекшелігі оқушылардың біліктілігі мен қабілеттерін қалыптастыруға арналған практикалық жұмыстардың әр түрлілігінде. Бағдарлама бойынша білім нәтижесін тесттер арқылы тексеруге болады.

Оқу бағдарламасының базалық мазмұны мұғалімдерге оқушылардың үш тәлде теориялық білімі негізінде олардың практикалық тапсырмаларды орындау біліктерін қалыптастыруға  көмектеседі. Оқу материалдарының практикалық жұмыстары бағалау, болжау, түсіндіру, сипаттау, анықтау, картадан көрсетіп, атап беру біліктерін қалыптастыруға бағытталған. Оқушылардың бағалау және болжай алу біліктерін қалыптастырушы практикалық жұмыстар жоғары сыныптарда басымырақ болады.

Практикалық жұмыстар жүйесі оқушылардың ғылыми – географиялық мазмұндағы табиғи құбылыстар, процестер, объектілер туралы түсініктерін күнделікті тұрмыстық немесе өмірлік жағдаяттармен байланыстыруға мүмкіндік береді. Ол практикалық – бағдарланған тапсырмалардың кешенді сипатын қамтиды, өйткені олар коммуникативтік, ақпараттық және проблемаларды шешу сияқты түйінді құзыреттіліктерді шешуді қамтиды.

Географияны үш тілде әртүрлі көрнекі құралдарды – интерактивті тақта,электронды оқулықтар, кесте, әсіресе географиялық карталарды пайдаланып оқып – үйренудің маңызы зор.

«Geography in English» үйірмесінің оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарға сәйкес әзірленген.

Мақсаттары:

  Білімділік:

–       оқушыларға үш тілде географиядан қазiргi дүние толқынына бағдарлана алуына көмектесетiн бiлiм жүйесінің жиынтығын беру;

–       картографиялық сауаттылығының үш тілде қалыптасуы мен дамуына жағдай ж оқушылардың алған білімін өмірде қолдана алуға үйрету;

–       сөйлеу қабілетін қалыптастыру асау;

–       оқушылардың бойында адамзат тіршілік ететін ортасы Жер туралы біртұтас түсінік қалыптастыру, оның табиғаты мен халқының алуан түрлілігін ашып көрсету;

–       жергілікті жердің табиғатына деген ұқыптылығын қалыптастыруға және елжандылық сезімін дамытуға жағдай  жасау;

 Дамыту:

–       Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру.

–       Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік:

–       Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу.

–       Тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

–       Географиялық мәдениетке тарту

Міндеттері:

–       ағылшын тілінде ауызша және жазбаша коммуникативтік білімді қалыптастыру

–       география пәнінен тапсырмаларды жоғары жетістіктермен орындай алу;

–       талдауға, нәтижені объективті тұрғыдан бағалай алуға үйрету;

 Негізгі мазмұны және құрылымы:

Берілген бағдарлама аптасына 1 сағаттық. 6 сынып оқушыларына арналған. Тематикалық жоспар 34 сағаттық. Бағдарлама  төмендегідей оқулықтар  негізінде жасалды: Физикалық география Бірмағанбетова Ә., Мамырова К., Физикалық география: Жалпы білім беретін мектептің 6 сыныбына арналған оқулық, өнделген-Алматы: Атамұра. 2011 жыл.

Оқу бағдарламасын орындау барысында методикалық ұсыныстар

Бағдарлама бойынша мұғалім, тапсырмаларды орындауға қойылатын талаптарды және бағалау критерилерін жақсы білуге тиіс.

Оқушыларға тапсырманың орындалу сапасын бағалай алуға мүмкіндік беру.

Бағдарламаны қосымша материалдар арқылы кеңейтуге болады. Қосымша жаттығуларды, егер оларға қиыншылық туғызбаса, үйге тапсырма ретінде беруге болады.

Жұмыс түрлері: жұппен, топпен, бағалау, жұмысты талдау,т.б.

Тапсырма түрлері: картамен жұмыс, мәтінді құрастыру, анықтамаларға талдау, жоспар бойынша талдау жасау, сұраққа жауап беру, қатемен жұмыс.

Білім бағалау

Оқушылардың білімі тақырыптарға сай үш тілде тапсырмалар арқылы тексеріледі.

Курстың нәтижесінде оқушылар:

-Ағылшын тілінде география пәнін менгере алуына.

– Үш тілде ауызекі  және маманданған стильдегі мәтінді түсіну;

– Географиялық ғылыми сөздерді үш тілде менегер алуы;

– Әр тілде үлгісіз, өз бетінше сөйлеуге, география тілінде сөйлей алуына, терминдерді жазуға, оқып айтуға дағдыланады;

–  Үш тілде де қарым – қатынас жасауға үйренеді;

 

«Geography in English» үйірмесі 6 сынып

Оқу материалдарын тақырыптық жоспарлау

 

  1. Кіріспе Физикалық география   (1 сағат)

физикалық география нені оқытады, жер туралы географиялық білімнің дамуы

  1. Жер күн жүйесінің планетасы 4 сағат (4 сағат)

жер, күн, орбитадағы планеталар, географиялық заңдылықтар

  1. План және карта (6 сағат)

бағдарлау, масштаб, глобус, карталардың түрлері, план, карталар мен пландардың маңызы.

  1. Жер қабықтары  (15 сағат)

литосфера, таулар, жазықтар, ойпаттар, жер бетін қорғау, атмосфера,  тұман және бұлт, климат, гидросфера, мұхит ағыстары,  өзендер, көлдер, биосфера, тірі ағзалардың жер бетіне әсері, терминдер

  1. Жер бетіндегі адамзат (4 сағат)

Жер шарындағы халықтар, нәсілдер

  1. Тәуелсіз Қазақстан (3 сағат)

ҚР территориясы, Астана, Қазақстанның экологиялық нашар аймақтар

7.  Адамның табиғатқа әсері (1 сағат)

Қазіргі жер шарындағы адамның іс әрекетінен туындаған          мәселелер, оны шешу жолдарын анықтау.

 

Тақырыптық – күнтізбелік жоспар

Календарно – тематическое планирование

Subject planning of lessons

(34 сағат)

Р/С

Сабақ тақырыбы

Тема уроков

Theme

Сабақ саны

Кол-во  уроков

Hours

Күні

Дата

date

I        Кіріспе. Физикалық география   1 сағат                                    

 ІI

  Жер күн жүйесінің планетасы 4 сағат

1

Жер

1

2

Күн

1

3

Орбитадағы планеталар

1

4

Географиялық заңдылықтар

1

III

План және карта 6 сағат

1

Бағдарлау

1

2

Масштаб

1

3

Глобус

1

4

Карталардың түрлері

1

5

План

1

 6

Карталар мен пландардың маңызы

1

IV

Жер қабықтары  15 сағат

1

Литосфера

2

2

Таулар, жазықтар, ойпаттар

1

3

Жер бетін қорғау

1

4

Атмосфера

2

5

Тұман және бұлт

1

6

Климат

1

7

Гидросфера

2

8

Мұхит ағыстары

1

9

Өзендер, көлдер

1

10

Биосфера

1

11

Тірі ағзалардың жер бетіне әсері

1

12

Терминдер

1

V

Жер бетіндегі адамзат 4 сағат

1

Жер шарындағы халықтар

2

2

Нәсілдер

2

VI

Тәуелсіз Қазақстан

3

1

ҚР территориясы

1

2

Астана

1

3

Қазақстанның экологиялық нашар аймақтар

1

VII

Адамның табиғатқа әсері

1

 

 

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика