HTML тіліне кіріспе. HTML тегтері

ШҚО
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК

 Қалымжанова Алуа Бақытхановна

САБАҚ ЖОСПАРЫ №10

 

1.     Атаулы категориясы
1.1. Мамандығы мен біліктілігінің атауы 1304000 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру

1304043  Техник-бағдарламашы

1.2. Курсы, тобы 3 курс, 17VT-XI
1.3. Оқу модулінін/пәннің, менгеретін тараудын атауы Интернет технологиялар және Web бағдарламалау
1.4. Сабақтын тақырыбы HTML тіліне кіріспе. HTML тегтері
1.5. Сабақтын ұйымдастырушылық формасы топтық
1.6. Білім алушылырдын тақырып бойынша қызметті орындау үшін қажетті білімі мен иемділігі HTML тегтерімен сайт құру
1.7. Кәсіби және енбекпен қамтылуы үшін білігін біріктірудегі оқу сабағының мүмкіншілігі HTML тіліне кіріспе, HTML тілінің атқаратын қызметі
2. Сабақтың мақсаты
2.1. Студенттердін дәл осы сабақта үйренетін жұмысқа орналастырудын және жұмысты іздеудің келесі ептіліктерін жетілдіруге мүмкіндік береді – тыңдай алу;

– серіктестермен қарым-қатынас жасай алу;

– басқалардың пікірін тыңдау;

 

2.2. Студентерді жаттықпа сабақтар барысында менгеретін кәсіптік ептілікке үйрету – жұмыс орынын дұрыс ұйымдастыра алу;

– әдебиеттермен жұмыс істей алу;

– компьютерде жұмыс істей алу;

– ұжымда жұмыс істей алу;

– логикалық ойлау.

3. Сабақ қорытындысын сипаттау
3.1. Сабақтын аяғында білім алушылар білу және істеуі қажет HTML тегтерімен танысып, қарапайым сайт құру
3.2. Сапа белгілері HTML тегтерін дұрыс ажырата білу
4. Жоспарлау фазасы
4.1. Оқу-әдестемелік жабдықтау, анықтамалық әдебиеттер тізімі Хольцшлаг М., Молли Е. «Языки HTML и CSS», 10 бет
4.2. Техникалық жабдықтау, материалдар ДК
4.3. Студенттер іс әрекетінін ретін сипаттау – HTML тіліне кіріспе.

– HTML тегтері

4.4. Оқытушының ролі – Берілген тақырып бойынша жаңа мағлұмат және түсініктер беру;

– Терминдерді және олардың қолданылу ретін түсіндіру.

5. Жоспарды жүзеге асыру
5.1. Сабақ жоспарынын сипаттамасы, оқытушы мен студенттер іс-әрекетінің мазмұны (кесте) Кесте «Оқытушы мен студенттер өзара әрекетінің мазмұны мен оны ұйымдастыру»
6. Бағалау
6.1. Орындалған тапсырмалардың сапасын бағалау Жаңа тақырыпты және терминдерді меңгеру деңгейін анықтау.

 

 

Оқытушы ______________   А.Б.Қалымжанова

 

 

Оқытушы мен студенттер өзара әрекетінің мазмұны мен оны ұйымдастыру

 

Сабақтың негізгі кезендері Әрекеттердін түрі мен реті Студенттердін қызметі Оқытушымен студентердін біріккен қызметі Оқытушынын қызметі
Жекеше Топтық Топаралық Кенес беру Нұсқау Бақылау
1. Бағдарлау және жоспарлау кезені Сабақтын тақырыбы мен мақсаты   Х   Х   Х  
2. Жұмысты орындау кезені Жұмыс орынын дайындау   Х     Х    
Материалдарды дайындау   Х     Х    
Технологиялық барыс: конспектіллеу,

Конспектімен жұмыс,

Интерактивті тақтада жұмыс істеу,

Карточкалармен жұмыс.

 

 

Х

Х

 

Х

 

 

Х

       

 

Х

Х

 

Х

 

 

Х

   

 

Х

Х

 

Х

 

 

Х

3. Аралық және сонғы нәтижені бағалау және талдау кезені Сапа белгілері боынша бағалау:

Айырма сөйлемдер әдісі

Анаграмма

Сөз тендіктері

Артық термин

 

 

 

Х

Х

Х

Х

       

 

 

Х

Х

Х

Х

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәріс №10

К.т.: HTML 5 гиптертекст тілдерін белгілеу

С.т.: HTML тіліне кіріспе. HTML тегтері

  1. HTML тіліне кіріспе
  2. HTML тілінің атқаратын қызметі
  3. HTML құжатының құрылымын анықтау тәгтері

Интернеттің қазіргі дамуы 90-жылдар басында компьютерлер ара­сында мә­лі­мет алмасудың жаңа хаттамасы (protocol) пайда болғаннан кейін басталды. Бұл хаттама HTTP (HyperText Transfer Protocol – гипермәтінді тасымалдау ха­т­тамасы) деп аталған болатын. Осы хаттамамен қатар НТТР серверлерінің кеңейтілген желілері болып табылатын Интернет арқылы файлдар тасымалдай алатын World Wіde Web қызмет бабы(WWW немесетек Web) пайда болды.

Бұл файлдардың басым көпшілігі Web-парақтар түрінде – HTML (Hyper­Text Markup Language – гипермәтінді белгілеу тілі) тілінде жазылған арнаулы файлдар түрінде болады. Осы файлдарды НТТР серверлерінде (Web-торапта­рында) орна­ластыру жолымен Web-парақтар қалың көпшілік пайдаланатындай түрде Интер­нетте жарияланады. Web-парақтар мазмұны әр түрлі бола береді және олар көптеген тақырыптарды қамти алады, бірақ олардың бәрінің де негізгі жариялану, яғни жазылу тілі HTML болып табылады. Осындай HTML құжат­тарының бәрінің де файл аттарының кеңейтілуі (тіркеуі) *.HTM немесе *.HTML болуы тиіс.

HTML тілі World Wіde Web қызмет бабымен бірге дами отырып, Web-парақтарының ең жақсы деген мүмкіндіктерін жүзеге асырып, оны кең пайдалану жолдарымен толықтырылып отырылды. Ол World Wіde Web жүйесінің негізі бола отырып, оның өте кең тарауына себепші болды. World Wіde Web сөзі қазақ тіліне кеңейтілген бүкіләлемдік өрмек болып аударылады. HTML тілінің мағынасы мен атқаратын қызметін оның атынан анықтауға болады.

Гипермәтін – қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне арнаулы код, яғни екпінді элемент (anchor) орналасқан мәтін. Ол – мәтін ішіне сурет, дыбыс енгізу, мәтінді безендіру, пішімдеу (форматтау) ісін орындайтын немесе осы құжаттың басқа бөлігіне сілтемесі бар алғашқы нүкте ретінде қарастырылатын белгіленген сөз. Сөзді ерекшелеп белгілеу дегеніміз – келесі көрсетілетін құжат бөлігі қалай бейнеленетінін анықтайтын айрықша кодты осы сөз ішіне енгізу. Гипермәтін экранда белгіленіп ерекшеленген қарапайым сөз ретінде тұрады, егер курсорды сол сөзге жеткізіп, тышқанды шертсек (ENTER пернесін бассақ), онда сонымен байланысты (ол сілтеп тұрған) басқа құжат ашылады. Ол құжаттар мәліметтер ішіндегі басқа парақтарда немесе Интернет жүйесіндегі басқа компьютерде орнала­сып, бейне­жазба, сурет, жазылған дыбыс күйінде болуы мүмкін.

Гипермәтінді экранға шығарып бейнелеу үшін броузер (browsers) деп ат­алатын арнайы көрсету программалары қолданылады. Броузер арнайы командалармен – тәгтермен толықтырылған мәтіндік құжатты қабылдап алып, оның тақырыптарын экранға үлкен әріптермен, ал жай мәтіндерін кішірек таңбалармен жазады, оның ішіндегі суреттерді де адрестеріне сәйкес басқа немесе осы компьютерден оқып экранда көрсетеді. Ең кең тараған броузерлерге Windows операциялық жүйесі­мен бірге қойыла­тын Internet Eхplorer және жеке қолданылатын Netscape Navigator прог­раммасы жатады. Осы екеуі (олардың бұрынғы нұсқаларын қоса есеп­тегенде) бүгінгі қолданылып жүрген броузерлер­дің 90 %-ын құрайды.

Сонымен, web-құжат дегеніміз тәгтермен толықтырылған мәтіндік файл болып табылады, оның мәтіндерін бір-бірімен байланыстыра оты­рып белгілеуге мүмкіндік беретін HTML тілі. Оның дұрыс нәтиже алуды қамтамасыз ететін өз заңды­лық­­тары мен ережелері бар. Web-құ­жат­тың алғашқы нұсқасын Блокнот сыяқты редакторлардың бірінде дайындап алып, броузер арқылы экранда көреміз. Егер оны тү­зету ке­рек болса, броузер арқылы мәтін нұсқасын экранға шыға­рып түрлен­діру қажет. Web-құжаттарды жасап, оны көрнекті түрге келтіріп безен­ді­ретін мамандарды web-шебер немесе web-дизайнерлер деп атай­ды. Шағын көлемді web-құжатты HTML тілінің негізін білетін кез келген студент жасай алады.

Негізінде гипермәтіндік web-құжаттар жасаудың екі тәсілі бар, олар: HTML тілін пайдалану және арнаулы HTML-редакторларды қолдану. Соңғы тәсіл “экранда не көрсең, соны аласың” деген WYSI­WYG принципімен диалог режимінде істейтін Netscape Editor, Hot Dog, Front Page сыяқты программалар арқылы гипермәтін жасауды жү­зе­ге асырады, олар құжаттың ішкі құрылымына араласпай, тек меню командалары немесе батырмалар арқылы керекті құжат бейнесін қа­лып­тастырады. Дегенмен, ең қысқа, әрі жылдам істейтін тәсіл болып HTML тілі есептеледі және редакторлар арқылы жасалған Web-парақ­тың ең соңғы нұсқасына өзгертулер енгізу де HTML тілі арқылы орын­далады.

HTML тілінің атқаратын қызметі

Web-парақтар экранда ықшам түрде безендіріліп көрсетілгенмен, HTML тілі мәтіндерді пішімдеп (форматтап) көрсететін тілге жатпай­ды. Өйткені әрбір тұтынушы әр түрлі компьютерлерді пайдаланады. Сол себепті жаңа ғана зауыттан шыққан бір компьютердің Wіndows жүйесінде жұмыс істей алатын броузері бар болса, екінші бір тұтыну­шы компьютері тек MS DOS жүйесінде жұмыс істейтін ескі броузерді пайдалануы мүмкін. Бұл екеуінің көрсету мүмкіндіктері әр түрлі бол­ған­дықтан, бір файл екеуіне екі түрлі болып көрсетіледі.

Құжаттарды әрбір тұтынушының әр түрлі құрылғыларда және әр түрлі броузер программалармен көретіндіктерін ескерсек, HTML тілін мәтіндерді пішімдеу (форматтау) тәсілдерін жазуға арналған тіл деп айтуға болмайды. Ол Интернеттегі мәтін бөліктерінің атқара­тын қыз­ме­тін анықтап, соларды әрбір тұтынушыға бейімдеп жеткізе алатын құжатты функционалды түрде белгілейтін тіл болып табылады.

Мысалы, егер мәтін тақырыбын бейнелеу керек болса, онда HTML коды оны тақырып ретінде көрсетуге тырысады. Тақырыптың белгілеу коды алын­ған соң, оны броузер-программа өз мүмкіндігін пайдаланып, оны үлкейтіп ірі әріптермен жазуы ықтимал немесе тек экран жолда­рының орт­асына жылжы­тып қана көрсетуіне де болады. Ал егер бұл құжат мәтіні дыбыс синтезаторы арқылы берілетін болса, онда тақы­рып қаттырақ шығатын дауыс арқылы айтылып, одан соң аздап үзіліс жасалуы да мүмкін.

HTML тілінде мәтінді форматтау тәсілдерінің көптеген мүмкін­діктері бар, бірақ жалпы тұрғыдан алғанда құжаттың маәтіні мен оны безендіріп көрсету жолдарының айырмашылығы сақталып отырады. Мысалы, HTML тілінің соңғы [HTML 4.0] нұсқасында мәтінді формат­тау командаларын пайдалану ұсынылмаған.

 HTML құжатының құрылымын анықтау тәгтері

HTML құжатының кез келгені <HTML> тәгінен басталып, соған сәйкес </HTML> түріндегі жабылу тәгімен аяқталады. Осы екеуінің ортасында құжаттың тақырыптық бөлігі мен тұлғасы болып келетін негізгі бөлігі орналасады.

Құжаттың тақырыптық бөлігі <HEAD> және </HEAD> тәгтерінің ортасында тұрады да, жалпы құжат туралы мәлімет береді. Әдетте, бұл бөлікте <TІTLE> … </TІTLE> тәгтерімен шектелетін құжаттың терезе маңдайшасында тұратын ресми атауы орналасады. Көптеген броузер­лер оны терезе тақырыбында тұратын файл аты есебінде пайдаланады.

Осы құжатты принтер арқылы баспадан шығарғанда, броузер оны әр парақтың сол жақ жоғарғы бұрышына жазып отырады. Атаудың өте ұзын болмағаны дұрыс, әдетте ол 64 символдан аспауы керек.

Жазылатын мәтін құжаттың негізгі тұлғасы деп аталатын <BODY> … </BODY> тәгтерінің ортасына жазылады. Бұл қос белгі HTML-құ­жат­тың негізгі мазмұндық бөлігінің басын және соңын білдіреді.

Жоғарыда келтірілген төрт тәг HTML құжатының кез келгенінде болуы тиіс. Бірақ <HTML>, <TІTLE> тәгтерін жазбай кетсе де болады, дегенмен HTML тілінің құрылымы олардың толық болуын талап етеді. Өйткені алдын ала тұтынушы­ның қандай броузер пайдаланатыны, он­ың қалай жұмыс істейтіні программа құрушыға белгісіз болады ғой.

Түсініктемелер. Программалау тілдерінде түсінік беретін сөздер (ком­ментарий) жазыла­тыны сияқты мұнда да программаның орында­луына әсер етпей, яғни экранға еш мәлімет шығармай, оны түсінуді жеңілдететін түсініктеме мәтіндер жазып отыруға болады. Түсініктеме мәтін <CОMMENT>…</COMMENT> тәгтері орт­а­сын­да орналасады.

HTML тілінің комментарийлерін тәг жазбай-ақ, арнайы символ­дар­дан <!– кейін жалғастырып жазуға болады. Түсініктеме мәтін соңына –> символдары жазылуы тиіс. Түсінік мәтін “үлкен” таңбасы­нан (>) өзге кез келген символ­дардан құрастырыла береді.

<!– мынау түсініктеме мәтін тізбегі –>

Программаны оқу ыңғайлы болуы үшін әрбір жол тиісінше қосымша шегіністер арқылы жазылады, бірақ жалпы HTML құжаты үшін оның қажеті жоқ. Тіпті, броузерлер HTML-файлдардағы жолдың соңы символын және көптеген бос орындарды есепке алмайды. Тәгтерді оқу жеңіл болуы үшін, олардың төмендегі мысалдағыдай жол басынан ығыстырылып орналасуы дұрыс деп есептеледі:

<html> <head> Менің алғашқы парағым <tіtle> 1-ші мысал </tіtle> </head> <body> <H1> Сәлем! </H1> <P> Бұл HTML – құжаттың ең қарапайым мысалы.</P> <P> Мәтіндер алты түрлі көлеммен көрсетіле алады, олардың түсін де, қаріп типін де, фон түсін де өзгертетін мүмкіндіктер бар. Мәтін ішіне суреттер орналастыруға да болады. </P> </body> </html>
Жоғарыдағы программалық мәтін нәтижесі
Сәлем! Бұл HTML – құжаттың ең қарапайым мысалы. Мәтіндер алты түрлі көлеммен көрсетіле алады, олардың түсін де, қаріп типін де, фон түсін де өзгертетін мүмкіндіктер бар. Мәтін ішіне суреттер орналастыруға да болады.

 HTML тілінің негізгі тәгтері

<H1>…</H1> – <Н6> … </Н6>

<Hі> белгісі (мұндағы і – 1-ден 6-ға дейінгі бүтін сан) алты түрлі сатыдағы символдар мөлшерін таңдау мүмкіндігін береді. Бірінші сатыдағы тақырып – ең ірісі, алтыншы сатыдағы – ең кішісі. Бұл тәг көрсетілмесе, экранға <H3> мөлшеріне сәйкес мәтін шығады.

<Р> … </Р>немесежалғыз <Р>

Бұндай қос белгі абзацты сипаттайды. Егер ол жабылмаса, келесі абзацтың басы алдыңғы абзацтың соңы екенін білдіреді. Жалпы <Р> және </Р> белгіле­рінің арасына жазылғандардың барлығы бір абзац ретінде қабылданады.

<Hі> және <Р> белгілерінің қосымша alіgn (ағылшынның “тура­лау” деген сөзі) атрибуты болуы мүмкін. Мысалы:

<H1 ALІGN=CENTER> Тақырыпты ортаға жылжыту </H1>

немесе

<P ALІGN=RІGHT>Абзацты оң жақ шетке туралау түрі </P>

Осыларды төмендегі 2-1 мысалда қарастырайық:

<html> <head> <tіtle> 2-1 мысал </tіtle> </head> <body> <H1 ALІGN=CENTER> Сәлем! </Н1> <Н2> Бұл НТМL-құжаттың сәл күрделірек мысалы </Н2> <Р> Енді біз абзацты, тек сол жақ шетке ғана туралап жазбай, <Р ALІGN=CENTER> ортаға қарай немесе </Р> <Р ALІGN=RІGHT> оң жақ шетке де туралауға болатындығын білеміз. </body> </html>
Осы программалық мәтін нәтижесі
Сәлем! Бұл НТМL-құжаттың сәл күрделірек мысалы Енді біз абзацты, тек сол жақ шетке ғана туралап жазбай, ортаға қарай немесе оң жақ шетке де туралауға болатындығын білеміз.

Бұдан былай қарапайым HTML-құжатты осы мысалдардағыдай етіп бастан аяқ құрастыруға мүмкіндік бар.

Енді біз осы қарапайым HTML-құжатты қалай жақсартуға бола­тын­дығын сөз етеміз. Жаңа жолға көшу белгісінен бастайық.

<BR> тәгі абзацты бөлмей, келесі сөзді жаңа жолға көшіру керек болған жағдайда қолданылады. Ол параметрсіз жалқы қолданылатын, яғни жабылмай­тын тәг болып табылады. Мысалы:

…<BR> Абай Құнанбаев <BR> Мұхтар Әуезов <BR> Сәкен Сейфуллин…

Бұл жолдар экранға мынадай мәліметтер шығарады:

Абай Құнанбаев Мұхтар Әуезов Сәкен Сейфуллин

Ал мына жолдар:

<Р> Мына жолдар екі-үш қатарға

бөлініп жазылғанымен

олар бір-екі жолға бірге жазылады </Р>

экранға мынадай мәлімет шығарады:

Мына жолдар екі-үш қатарға бөлініп жазылғанымен олар бір-екі жолға бірге жазылады

Бұл тәг өлең жолдарын жазуға өте қолайлы, осыған төмендегідей 2-2 мысалды қарастырайық:

2 кесте

HTML тілінде терілуі Оның экрандағы нәтижесі
<html> <head> <title> 2-2 мысал </title> </head> <body><H1 ALIGN=CENTER> Өлең </H1> <H2 ALIGN=CENTER> Мұқағали </H2> <P> Көзің қайда көшеден мені іздеген, <BR> Сөзің қайда екеуміз егіз деген. <BR> Терезеңнің алдына келіп тұрмын, <BR> Кептердей қысты күні жем іздеген. <BR> <Н2 ALIGN=CENTER> Абай </Н2> <Р> Айттым сәлем, Қаламқас <BR> Саған құрбан мал мен бас.<BR> Сағынғаннан сені ойлап, <BR> Келер көзге ыстық жас.<Р> Көзімнің қарасы,<BR> Көңілімнің санасы. <BR>Бітпейді іштегі, <BR> Ғашықтық жарасы. </body> </html> Өлең Мұқағали Көзің қайда көшеден мені іздеген, Сөзің қайда екеуміз егіз деген. Терезеңнің алдына келіп тұрмын, Көгершіндей қысты күн жем іздеген. Абай Айттым сәлем, Қаламқас Саған құрбан мал мен бас. Сағынғаннан сені ойлап, Келер көзге ыстық жас. Көзімнің қарасы, Көңілімнің санасы. Бітпейді іштегі, Ғашықтық жарасы.

<HR> тәгі экран бетінде көлденең сызық жүргізеді. Ол пара­метр­сіз қолданылса, төмендегідей көлденең жолды толық алып тұрған қара сызық жүргізеді:

Ал параметр арқылы оның түсін (COLOR=”түс”), ұзындығын (WІDTH=n% пайызбен, экран еніне байланысты сызықтың пайызбен берілген ұзындығын анықтайды) және қалыңдығын (SІZE=n пиксель, яғни нүктелер саны) өзгертуге болады. Төменде бірнеше көлденең сызықтар салудан мысал келтірілген:

<HTML> <HEAD> <tіtle>Сызықтар</tіtle> </HEAD>

<BODY>

<H1> Көлденең сызықтар жиыны </H1>

<HR COLOR=RED SІZE=2 WІDTH=100%><BR>

<HR COLOR=GREEN SІZE=4 WІDTH=50%><BR>

<HR COLOR=BLUE SІZE=8 WІDTH=25%><BR>

<HR COLOR=BLACK SІZE=16 WІDTH=12%><BR>

</BODY>

</HTML>

Бұл жолдардың нәтижесі төмендегідей (сызықтар түсі әр түрлі):

Құжаттың негізгі бөлігі

Құжаттың тақырыптан кейінгі негізгі бөлігі <BODY> … </BO­DY> тәгтерінің ортасына орналасады. Мұнда көптеген атрибуттар, яғни параметрлер болады. Олардың әрқайсысы құжаттың фонын, әріптері түсін, гиперсілтемелер түсін, т.б. анықтайды. Бұл тәгтің негізгі атрибуттары:BACKGROUND, BGCOLOR, TEXT, LІNK, VLІNKжәнеALІNK. Олар төмендегі түрде жазылады:

<BODY 1-параметр=мәні 2-параметр=мәні 3-параметр=мәні …>

құжаттың негізгі тұлғасы …

</BODY>

Параметрлер тізімін толық берудің қажеті жоқ, көбінесе олар­дың бірде біреуі болмауы да мүмкін, мұндайда олардың алдын ала (үнсіз) келісім бойынша бекітілген мәндері қолданылады.

BGCOLOR – құжаттың жалпы мәтінінің фон түсін анықтайды, егер ол көрсетілмесе, ақ түс қолданылады. Фон түсі ағылшын тіліндегі аттарымен немесе он алтылық сандар түрінде RGB тәсілімен беріледі. Олар жайында кейінірек айтылады. Мысалы:

<body bgcolor=”yellow”> мұнда фон сары түсті болады.

TEXT –мәтін әріптерінің түсін анықтайды, егер ол жазылмаса, келісім бойынша қара түс қабылданған. Фон түсін өзгерткен­де соған үйлесімді символдар түсі бекітіледі. Бұл да ағылшын тіліндегі аттарымен немесе он алтылық сандар түрінде RGB тәсілімен беріледі.

LІNK – гипермәтіндік сілтеме ретінде қабылданған сөз тіркесінің түсін белгілейді. Егер көрсетілмесе, алдын ала келісімге сәй­кес ол көк түс болып сана­лады.

VLІNK –пайдаланылған гипермәтіндік сілтеме түсін анықтайды. Келісім бойынша ол қызылқоңыр түс болып саналады.

ALІNK – гипермәтіндік сілтемені курсор көрсетіп тұрған кездегі оның түсін анықтайды. Бұл параметр өте сирек өзгертіледі.

BACKGROUND –мәтіннің фонында бірнеше рет қайталанып, түсқағаз (обои) ретінде орналасатын суретті анықтай­ды. Сурет файлы­ның типі gіf немесе jpg болуы тиіс. Суреттің адресі көрсетілсе, ол Ин­тер­­нет желісінен тауып алынады. Мысалы:

<body bgcolor=lіghtyellow text=red lіnk=purple vlіnk=maroon

alіnk=fuschіa background=»kbtu.jpg»>

[bws_related_posts]

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика