Microsoft Excel-де диаграммалар салу

Баймұқан Мөлдір
Сабақтың тақырыбы: Microsoft Excel-де диаграммалар салу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Excel -де диаграмма түрлерімен таныстырып, оларды салуға үйрету. Кестелерді көрнекі түрде көрсете білуге меңгерту.
Дамытушылық: Теориялық білімдерін практика жүзінде қолдану дағдыларын дамыту. Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге, барлығына шығармашылықпен қарауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, иллюстративті, топтық, жұптық, сұрақ-жауап, ойын.
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:
Көрнекіліктер: компьютер, оқулық, интерактивті тақта, флипчарт.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу. Түгендеу.
Оқушыларды ортаға шақырып әріптер үйлестіремін. Оқушылар берілген әріптерден сөз құрап сол бойынша оларды 3 топқа бөлемін.
Бағалау парағын үлестіру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Информатикалық футбол ойыны».
Ойын шарты: Мен допты бір сұрақ қойып немесе компьютерде орындауға тапсырма берем (пас) допты алған оқушы тапсырманы орындап немесе сұраққа жауап беріп, допты келесі оқушыға өзінің тапсырмасымен бірге береді. Осылай тапсырмамыз орындалып добымыз қақпаға соғылады.
Үлестірме қағаз:
1. МS Excel электрондық кестесі …. тұрады 256 бағаннан 65536 жолдан
2. Бесінші жол мен үшінші бағанның қиылысуында тұрған ұяшықтың адресі: С5
3. Іргелес ұяшықтардың вертикаль бірлесуі: баған
4. b2-ден бастап b8-ге дейінгі ұяшық диапазонын қосу формуласын қалай жазуға болады? =сумм(b2:b8)
5. Электрондық кестеде дерек сақтауға арналған ең кішкене элемент: ұяшық
6. Excel бағдарламасында А1 және С3 аралықтарында қосындының мәнін есептеу функциясын көрсет: СУММ (А1:С3)
7. Кестелік процессор — бұл … жұмыс жасауға негізделген программалық құрал.
Кестелік мәліметтермен жұмыс жасауға
8. Электрондық кестеде «=» белгісінен бастап нені енгіземіз? формуланы
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Бейнетаспа арқылы түсіндіру.
IV. Практикалық жұмыстар.
Жұптық жұмыс. Әрбір топтағы оқушылар жұптасып практикалық жұмысты орындайды.
№1 практикалық жұмыс.
1.MS Excel-ді ашыңыз.
2.Өткен сабақта орындаған кестені ашыңыз.
3.Берілген мәліметтер бойынша Сәлімжановтың үш ай бойынша алған сыйақысының дөңгелек диаграммасын құрыңыз.
4.Қызметкерлерге төленген сыйақының салыстырмалы көрсеткішін гистограмма арқылы салыңыз.
№2 практикалық жұмыс. Үш санның көбейтіндісін табу.
MS Excel-MS Excel- ді ашыңыз.
3 қатарға кез келген екі таңбалы үш сан енгізіңіз
Осы сандардың көбейтіндісін табыңыз.
№3 практикалық жұмыс.
І-ші топ бағандық, дөңгелек, сызықтық; ІІ-топ нүктелік, сақиналық, көпіршіген; ІІІ-топ цилиндрлік, конустық, пирамидалық диаграммалар салады. Салған диаграммаларын интерактивті тақтадан көрсетеді.
Көзге арналған жаттығу жасату.
V. Сабақты бекіту.
Сөзжұмбақ: Графика.
1. Ол деректерді графикалық түрде көрсетуге арналған. (диаграмма)
2. Бағандық диаграмманың басқаша атауы. (гистограмма)
3. Диаграмма типінің бір түрі. (сақиналық)
4. Ол активті ұяшықтың ішіндегісін көрсетеді. (формула жолы)
5. Диаграмма осі. (вертикаль)
6. Excel қандай бағдарлама? (кестелік)
7. Диаграмма элементтерінің бірі. (аңыз)
Сәйкестендіру тесті:
1. Диаграмма деген не?
Берілген деректердің қатарларын ажырату үшін
2. Диаграмманың қандай түрлері бар?
Мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін кестедегі мәліметтердің көрнекі графиктік түрде берілуі
3. Тақырып не үшін қолданылады?
Диаграмманың жеке элементтерін түсіндіру үшін
4. Диаграмма элементтері
Гистограмма, дөңгелек, сызықтық, конустық, пирамидалық, нүктелік, көпіршіген, жапырақшалық, сақиналық, цилиндрлік
5. Аңыз не үшін қолданылады? Тор, тақырып, аңыз
VI. Үйге тапсырма беру. §8.5 Microsoft Excel-де диаграммалар салу. Сөзжұмбақ немесе ребус құрастыру.
VII.Бағалау. Бағалау парақшасының қорытындысы бойынша, оқушылардың белсенділіктері бойынша бағалау.
VIII.Қорытындылау.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *